Балабақшадағы 8 наурыз мерекелері
Көктеммен бірге тамаша да керемет мереке - 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. Бұл күн күннің шапағатты шуақтарымен, аналардың күлкілерімен, гүлдердің көптігімен көзге түсіп, ерекше жылы болып тұрады. Біз үшін бұл балабақшадағы ең сүйікті мерекелердің бірі болып саналады және бұл ертеңгіліктерді біз ерекше мереке қылып өткізгіміз келеді. Балаларға да, қонақтарға да қуаныш әкелетін ерекше, ештеңеге ұқсамайтын, айрықша қылып өткіземіз.
Ертеңгіліктер өте тамаша және көңілді өтті. Барлық балалардың ата - аналары келді және олардың әрбіреуі өзінің көзайымына қарап көз тойдырғысы келді. Балалар да қалыс қалмады. Олар тақпақтар оқып, аналар, әжелер, қыздар туралы өлеңдерін айтты, билерін биледі, конкурстарға ат салысып қатысты. Мерекеге арнап балаларға қонаққа пошташы Печкин мен мысық Матроскин, мушкетерлер, сұлу Айсұлу, мектепалды даярлық "В" тобы Гэтсби стилінде мереке өткізді, фильм-концерт түсірді. Кейіпкерлер балаларға ашықхаттар, сандықтар әкелді, онда өз қолымен дайындаған аналарға, әжелерге арналған сыйлықтар болды. Мереке балабақшаға ерекше көктемдік қуаныш пен бақыт сыйын сыйлағандай болды.