"Біздің тұңғыш Президент" атты музыкалық - тақырыптық мереке
Даярлық А тобында "Біздің тұңғыш Президент" тақырыбы бойынша өткізілген іс - шара Қазақстан Республикасының салтанатты әнұранымен басталды. Тәрбиеші С.Ж.Жаканова балаларды кішкентай Нұрсұлтанның беймәлім балалық шағының беттерімен таныстырды. Балалар Елбасының өмірінің қызықты да, мәнді сәттерін зор ынтамен тыңдады. Е.Бекболатовтың "Елбасы" әнін балалар сүйіспеншілікпен шырқады. "Өрнек", "Қамшы" билерін билеп, әртүрлі ойындарға белсене қатысты. Даярлық Б тобының тәрбиешісі А.К.Каратаева балалармен "Менің Отаным - Қазақстан" атты викторинасын өткізді.Балалар Отан туралы, Тұңғыш Президент туралы білімдерін көрсетті. 
