Бүгін бізідің балабақшада "Білім күніне" орай мерекелік іс - шара өткізілді.Барлық топтың тәрбиешілері топ балаларымен қызықты, тартымды мереке ұйымдастырды. Балалар зор ынтамен өздерінің сүйікті "Дымбілмес" және "Ириска" кейіпкерлерін қызыға тамашалады. Олар барлық ойындарға қатысып, ән айтып, өлеңдер оқыды. Балалар жақсы, көтеріңкі көңіл күймен жаңа оқу жылын қарсы алды. Барлық балдырғандарға табысты жыл, жақсы білім, мықты денсаулық тілейміз.