Телефон доверия
8(7182)545302
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Жарқын жаз бізге қонаққа келді» қуыршақ театры
23-06-2016 00:23
Жаз – ересектер үшін де, балалар үшін де өте қызықты кезең. Біздің балабақшада театрландыруға көп көңіл бөлінеді. 2016 жылғы 20 маусым күні № 1 сәбилер бақшасында жазғы жоспарға сәйкес тәрбиешілер «Жарқын жаз бізге қонаққа келді» атты балаларға арналған қуыршақ театрын ұйымдастырды. Бұл көріністің мақсаты – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлап, сөздік қорын дамыту, қабылдау, есте сақтау, ойлай білу дағдысы мен тіл байлығын, мәдени тәрбиесін қалыптастыру. Педагогтар жаздың алғашқы күнінен бастап балаларды шығармашылыққа , актерлік шеберлікке, ертегі кейіпкерлерін тани білуге , қайырымдылыққа баулып, ең бастысы оларды мұқият тыңдай білуге үйрету. Спектакль екі тілде көрсетілді. Сәбилер тобына жаз туралы ән айтып Қоян, Түлкі қызықты жұмбақтарымен, Көбелектер мен Құмырсқа , Торғай мен Күн көңілді ойындарымен қонаққа келді. Спектакль жоғары деңгейде, ойдағыдай өтті. Осындай ойын - сауықтар балабақшада жиі өткізіліп, балаларға жақсы көңіл - күй сыйлайды.