Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)545302
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Спорт күні
22-06-2016 07:12
Спорт күні
Жазғы маусымға байланысты балабақша ерекше күн тәртібіне көшті: балалар көп уақытын далада, таза ауада өткізеді. Біздің "№1 сәбилер бақшасы" МҚКК жыл бойына бос уақытын спорттық іс - шаралар өткізумен айналысады. Бұл балалардың қозғалыс белсенділігін дамытып, балалардың бір - бірімен жақсы қарым - қатынаста болуы мен жақсы көңіл - күй сыйлады. Нәтижесінде, балалардың физикалық және психикалық денсаулығы нығаяды. 17 маусым күні жазғы жоспарға сәйкес, "Спорт күні" мерекесіне орай спорттық іс - шара ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты: салауатты өмір салтына үгіттеу. Бұл мерекені өткізу барысы мен дайындығына балабақшаның барлық қызметкерлері атсалысты. Мерекені өткізуге педагог - тәрбиешілер Султанбаева Э.А., Калустович А.Н. балалаға таныс ойындар мен қозғалыс дағдысын қалыптастыру үшін қызықты материалдар таңдады. Алғашқыда көңілді дене жаттығуын өткізіп алып, мынадай конкурстар ұйымдастырылды: «Бәйге аттары», Чудо – боулинг», «Доппен ойын», команда капитанына арналған «Сумо», «Жаңбыр», «Егер көңілді өмір сүрсек..». Балалар зор ынтамен. ойындарға белсене және қызығушылықпен қатысты. Жүргізуші Коляши сайқымазағы балаларға қызықты көрініс көрсетіп, жұмбақтар шешіп, ойындар ойнатты.