Тілдер мерекесі
"№1 сәбилер бақшасы"МҚКК тілдер мерекесіне байланысты "Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Бүлдіршіндер үш тілде өлең оқып, мақал - мәтелдер айтып, би билеп, ойындар ойнады. Мереке соңында балалар достық әні "Әрқашан күн сөнбесін" әнін үш тілде айтты.
Тілдер күніне байланысты өткізілген апталықтың соңы, педагогтерге арналған "Тіл тағдыры - ел тағдыры" атты дөңгелек үстел ұйымдастырумен аяқталды.








