Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)545302
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Сіздің періштеңіздің қанаты жоқ!
18-04-2019 13:56
Сіздің періштеңіздің қанаты жоқ!

Балаларды байқаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін негізгі қағидалар мыналар:

-бала терезенің ілгегі оңай ашылатын немесе оны өздігінен аша алатын ғимаратта қараусыз қалуға болмайды;

- баланың терезені тез  және өздігінен ашпауы үшін, фурнитурасы және жақтауы мықты болуы қажет;

- егер баланы ғимаратта жалғыз немесе аз уақытқа қалдырсаңыз, ал терезені толық жапқыңыз келмесе, онда дәстүрлі ағаш жақтаулы терезені шпингалетпен төмен қарата жабыңыз және желдеткішті ашыңыз;

-  металлопластико терезе жағдайында, «фронтальды желдету» режиміне қойыңыз, мүндай жағдайда кішкентай бала өздігінен аша алуы мүмкін емес;

- металлопластикалық терезедегі «микрожелдету» режиміне үміт артуға болмайды – мұндай режимнен тұтқаны тартып қалғанның өзінен,  терезе оңай ашылады;

- балалары бар үйдегі металлопластикалық терезенің балаларды қорғауға арналған құралдарына аса көңіл аударыңыз: арнайы құралдардың құрылғылары, терезені ашудың   блокираторы болу керек;

- баланы дұрыс тәрбиелеңіз: оны терезе жақтауына отырғызбаңыз, өздігінен онда өрмелеп шығуына жол бермеңіз, ондай жағдайда қатаң түрде ескерту жасаңыз;

- балаға ашық тұрған терезеден құлап кету қауіптілігі бар екенін түсіндіру қажет

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Тек өзіңіздің қырағылық қарым - қатынасыңыз арқылы өз балаңызды қауіп - қатерден сақтай аласыз, АТА - АНА!