Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)545302
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"ӘКЕ МЕН БАЛА"сайысы
21-02-2020 18:56

Жас бүлдіршіндерді шынықтыру мақсатында  №1 сәбилер бақшасында  салауатты өмір салтын  қалыптастыру негізінде  іс – шаралар  жүйелі түрде жиі  өткізіледі. Соның бір көрінісі ретінде, бүгін ересек А тобының тәрбиешісі А.А.Джузбаеваның ұйымдастыруымен «Әке мен бала» атты спорттық сайыс болып өтті.

   Мереке ҚР әнұранын айтудан басталды. Сайысқа 4 бала мен әкелері қатысып, әр топтың аттары мен ұрандары айтылды. Зал  арнайы безендіріліп, көрнекі құралдары дайындалды.

   Эстафеталық жарыс қызықты да, тартымды 8 бөлімнен тұрды. Жарысқа қатысушылар бар күш жігерімен, ынтасымен белсене қатысты.    Нәтижесінде, Жолдасов Мәди 1- орын, Омарбек Санжар 2- орын, Дүйсенбай Елнұр мен Жәнібек Сұлтан тиісінше, 3- орын иегері атанды.

  Сайыс соңында, балабақша әдіскері Ж.К.Жунусова әкелерді мерекелерімен құттықтап, бүлдіршіндерге  зор денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі. Мереке соңы көңілді флэшмобқа жалғасты