Телефон доверия
+7(7182)54 53 02
Адрес: проспект Нурсултана Назарбаева 87/1
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник, четверг с 15.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
04-06-2020 11:22
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

рәміздері күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!