«Павлодар қаласының ой-өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі №39 балабақшасы" МКҚК "Ой-өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі балабақшада психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша Павлодар қаласының білім беру басқармасының сараптама кеңес отырысы өтті.Іс-шара бағдарламасы 5 блоктан тұрды.
Бірінші блокта балабақша басшысы балабақшада түзету-педагогикалық жұмыстың өзектілігі туралы, әдіскер – түзетулік үлгідегі балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құрылымы туралы баяндайды.
Екінші блокта өз жұмысын балабақшаның жетекші мамандары – дефектолог–мұғалімдер тақырып бойынша ұсынады: «Ой-өрісі бұзылған балаларды оқытудағы интеграциялық тәсіл»,«Логоритмика арқылы есту зейін, көру есін дамыту және ой-өрісі бұзылған балалардың қозғалысын үйлестіру»,«М. Монтессори әдістерін пайдалана отырып, ой-өрісі бұзылған балалардың ұсақ моторикасының бұзылуын түзету», «Дәстүрлі емес материалдарды, марблс тастарын пайдалана отырып, ой-өрісі бұзылған балалардың танымдық іс-әрекетінің тиімділігін арттыру».
Үшінші блокта тәрбиешілер ой-өрісі бұзылған балалармен өз жұмысын ұсынады:«Қарым-қатынас пен шығармашылық дағдыларын тілдік технологиялар арқылы қалыптастыру (қимыл және саусақты ойындар, шуыл-ертегілер, логоритмика)», «ой-өрісі бұзылған балаларды бірлескен қызметке, инновациялық технологиялар арқылы қосу».
Төртінші блокта балабақша психологы «Түзетулік үлгідегі балабақшада ой-өрісі бұзылған балалармен педагог – психологтың диагностикалық жұмысының ерекшеліктері» және дене шынықтыру нұсқаушысы «Даун синдромы бар, ой-өрісі бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығында екінші қайтара ауытқуларды болдырмау және алдын алу» тақырыбы бойынша өз жұмысын ұсынады.
Іс-шара «Ынтымақтастықтың ашық микрофоны» рефлексиясының бесінші блогымен аяқталады.
Отырысқа қатысушылардың назарына әзірленген және бейімделген жұмыс бағдарламалары, ой-өрісі бұзылған балаларға арналған әртүрлі технологияларды қолдана отырып, әдістемелік құралдары бар көрме ұсынылады.
