Ребята поддержали Умный Челендж, изучили программирование онлайн режиме и за два дня получили 128 сертификатов, подтверждающих прохождение курса. Самыми активными оказались ученики группы РВГ.
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 1-11 сынып оқушылары көктемгі демалыстар уақытында мәдени шаралар аясында онлайн режимде Санкт-Петербургте орналасқан Эрмитаж, И...
Құрметті Қазақстандықтар!
Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келс...
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған жадынама
"Павлодар дарыны" балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 4 наурызында Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау және суреттер байқауын өткізді. Құттықтаулар "Менің қымбат анам"атты бейнероликтер мен суреттер түрінде ұсынылды.Байқаудың мақсаты-дарынды және талантты оқушыларды анықтау, қолдау. Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз:1 орын Төлеш Томирис (сынып жетекшісі И. А. Павлюченко), 3 орын Немцева Лия (сынып жетекшісі Ю. В. Гурина).
Бүгін подполковник Естай Әлібекұлы Әлібековты еске алуға арналған әскери-спорттық эстафета өтті. Эстафета кедергі жолағы болып табылатын әскер жасына дейінгі жасөспірімдер үшін өткізіледі. Біздің команда 2 жалпыкомандалық орынға ие болды, ал Колесников Артем тартылу бойынша 3 орынға ие болды. АӘДмұғалімі Бейсембаев Ризат Ерболатұлы жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Бүгін керемет күн, көктемнің алғашқы күні. Қайырымдылық пен Мейірімділік күні. Бүгін біздің мектептің 5 "Б" сынып оқушылары ата-аналарымен бірге Марат Айшаны қолдауға арналған қайырымдылық концертіне қатысып, әлемге жақсылық жасады.
Өзін-өзі тану бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпазы (2 орын), 11 "А" сынып оқушысы Богдан Даринаны құттықтаймыз! Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сачанова Шолпан Толегенқызына алғысымызды білдіреміз.
"Экология" апталығы аясында 7 сыныптарда дәстүрлі түрде "Химиктерге арналған сабақ" өтті.
7 сынып оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Экологиялық ассорти" викторинасы өткізілді. Іс-шара барысында эрудиттер сайысы өткізілді. Балалар қызығушылықпен белсенді қатысты.
Біздің мектепте еріктілер жылы аясында "Оқушылар қар десанты" акциясы жалғасуда. 8 "В" сынып оқушылары сынып жетекшісі А. С. Садвакасованың және мектептің аға тәлімгері С. Ж. Маманованың жетекшілігімен Ольга Александровна Сургутанова апайға көмек көрсетілді.
Бүгін "Жас Ұлан" БЖҰ ұжымдары арасында қалалық "КВН" сайысы өтті. Біздің команда 14 команда арасында "Ең ақылды" номинациясына ие болды. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.


