Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Мектеп кітапханасы
Кітапхана меңгерушісі - Амренова Сауле Қажыбекқызы. 05.06.1960 жылы дүниеге келген. Санаты бірінші. Білімі - арнайы орта. Семей мәдени- ағарту училищесін бітірген. Мамандығы - кітапхана ісі. Осы мектептегі жұмыс өтілі 5 жыл.   Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінде биылғы жылы оқушылар саны - 1607. Мектеп кітапханасында 2 штат. Көлемі - 72 ш.м. Оқырмандар залының орыны - 30. Кітап қоймасы жеке, оқушылардың оқулықтары сынып бойынша әр сөрелерге ретімен қойылған. Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры - 55459. Жаңа буынды оқулықтар саны- 21989. Биылғы оқу жылында түскен жалпы түсім саны - 7714, жаңа буынды оқулықтар саны - 21898, электронды оқулықтар саны - 521, қазақ тілінде қордың саны - 38725. Оқырмандар саны- 1489, келушілер саны- 29968, кітап берілім - 29170. Өткізілген іс-шаралар саны - 26, кітап сөресі - 30.   Мектеп кітапханасын пайдаланудың жалпы ережелері: Кітапхана оқырмандарға уақытша қолдануға кітаптарды беруге міндетті. Кітапхананы оқушылар мен мектеп қызметкерлері қолдануға құқықты. Кітапхананы қолдану тегін Кітаптарды үйге алып оқуға болады, ал оқырман залындағы әдебиеттер үйге берілмейді. Энциклопедиалар, сөздіктер, анықтамалар тек оқырман залында беріледі. Әр оқырманға жеке оқу формуляры берілген. ол 5 жылға берілген. Оқырман формуляры кітаптарды қашан және қай мерзімде қайтару...
“ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ” ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША X ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСЫ
11 сынып оқушылары Калымова Д, Қизат О. Каиров Р, Мазан Д, Хызыров О., Сабыржан С. 2015 жылғы сәуір айында Ресей Республикасының астанасы Москва қаласында өткен “Ғылыми әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша XI Халықаралық ғылыми жарысына қатысып III дәрежелі дипломдарының иегерлері болды, Утеубаева Д. ,Табылдинов А, Мнанова А. - “Ғылыми әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша XI Халықаралық ғылыми жарысына, қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Ата-аналар назарына!
                 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ 2022-2023 оқу жылдарына 1-ші сыныпқа қабылдау жүргізетінін хабарлайды.      Өтініштер 1-сәуір мен 1 тамыз аралығында Egov.kz порталында онлайн қабылданады.     6 жастағы және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.                  Қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет: -ата-анасы немесе заңды өкілінің атынан өтініш; -баланың туу туралы куәлігі; -3*4 фотосурет, 2 дана; -профилактикалық егулер картасы (063/у нысаны) және баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны);               www.egov.kz порталы арқылы мектепке қабылдау алгоритмі: - www.egov.kz электрондық үкімет сайтына өту; - Порталда тіркелу; - "Білім беру","Орта білім беру","Білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)" бөліміне өту; - "Қызметке онлайн тапсырыс беруді" таңдау; - Қажетті мәліметтерді толтыру; - Сканерленген құжаттарды тіркеу; - ЭЦҚ-мен растау.  Мекен-жайымыз: Шөкин көшесі- 27  Анықтама нөмірлері:...
№ 22 ЖОББМ-НЕ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар қаласының №22 ЖОББМ-не халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы есімі берілді «Жақсының аты өлмейді» демекші елімізде де Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №22 мектебіне Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді. Соңымен қатар 8 мамыр күні мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының аты иегері болуына орай салтанатты митинг өтті. Салтанатты митингті мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызы құттықтау сөзімен ашты. Жиынға келген ҚР ардагерлер ұйымының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар, «Жас Бауыржаншылар» мүшелері. Салтанатты жиынға «Евразия» мен «Қазақстан-Павлодар» теледидар өкілдері келіп, келген қонақтардан, ұстаздардан, оқушылардан интервью алды.  
Біздің ұстаздар
ұстаз Ұстазы жақсының, ұстамы жақсыскачать
12 жылдық білім беру - құзыреттіліктерді қалыптастырудың бір құралы
  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Кіріспе Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады. Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады. Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете...
Тамақтану туралы конкурс
ҚР БҒМ бұйрығы 20.01.2015 Конкурс туралы хабарландыру Перспективті мәзір Конкурс құжаттамасы Келісім шарт Техникалық тапсырма
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 27 қантар 2012 ж Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012 ж Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 17 қантар 2014 ж Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 30 қараша 2015 жыл 100 нақты қадам     Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2015 жыл 30 қараша жүктеу 100 нақты қадам жүктеу 100-нақты-қадам1 жүктеу
Ыстық тамақтану конкурсы
"План приобретения услуг по обеспечению питанием"Перспективті мәзіржүктеуКонкурс құжаттамасыжүктеуКонкурс туралы хабарландыружүктеуҚР БҒМ бұйрығы 20.01.2015жүктеуКелісім шартжүктеуТехникалық тапсырмажүктеу
"Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер; 2) уәкiлеттi орган – "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi. 2. Жалпы ережелер 2. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 3. Мемлекеттiк қызмет "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және аудандық коммуналдық мүлiк болып табылатын Қазақстан Республикасының бiлiм беретiн ұйымдарымен (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) көрсетiледi (байланыс мәлiметтерi осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген). 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын...
Видео галереясы
https://www.youtube.com/watch?v=_tWb4AHXGfk https://www.youtube.com/watch?v=_tWb4AHXGfk
Мұғалімдерге әдістемелік қор
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жоспары Ағылшын тілінен ашық сабақ жоспары Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары Ағылшын тілінен ашық сабақ жоспарыжүктеуҚазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жоспарыжүктеуИнформатика пәнінен ашық сабақ жоспарыжүктеу
Оқушыларға арналған ақпарат
Ең, ең, ең… Дүние жүзіндегі “Ең, ең, ең ” деген сипаттарға назар аудардыңыздар ма? Әрдайым өзінің бой-пішіндерін көруге дағдыланған адамның, жануардың, түрлі заттар мен жағдайлардың бізге “Осыншалықты болуы мүмкін емес” дейтіндей ерекше болып көрінуі бізді таңғалдырмай қоймасы анық. Әрі таңғалдыратын, әрі жалпы мәдениетті игертетін дүние жүзіндегі «Ең, ең, ең» деген сипаттарға мыналар жатады:   Пайдалы ресурстар: http://balalaralemi.kz/ http://erketai.kz/ http://balakai.kz/ http://kerekinfo.kz/blog/11453.html Ең,ең,ең... жүктеу
" Ұстаз болу жүректің батырлығы!"
[audio mp3="http://bilim-pavlodar.gov.kz/soch22/wp-content/uploads/sites/21/2015/09/83bf39bd952752.mp3" autoplay="true"][/audio] Ұстаз, ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып. Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылмемен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде. Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін! Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! 11 "А" сынып оқушылары Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Т/Б 6 "Г" сынып ата-аналар комитетінің мүшелері.   Құрметті Ғалия Табылдықызы!!! Ұстазым – саф алтын, діңгегім, Мәңгілік өзіңмен біргемін. Бүгінгі мереке күніне...
Қысқы кезеңдегі температуралық режим
Қысқы мезгілде Павлодар қаласының мектептерінде сабақты тоқтатуға рұқсат етілетін температуралық жағдаймен таныс болыңыздар. 1. Ауа- райы желсіз немесе желдің орташа жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда: * 1-4 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда; * 1-9 сыныптарда t - 33°С және төмен болғанда; * 1-11 сыныптарда t - 38°C және төмен болғанда. 2. Желдің күшеюі секундына 5 метрден немесе одан көп болғанда: * 1-4 сыныптарда t - 28°С және төмен болғанда; * 1-9 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда; * 1-11 сыныптарда t - 35° және төмен болғанда. 3. Желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін болғанда 1-11 сыныптарда температураға қарамастан сабақ болмайды. Павлодар қаласының температуралық жағдайы Астана қаласымен сәйкес еместігін ескертеміз. ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті сынып жетекшілері, ата-аналар, оқушылар! Ауа райына байланысты суық күндері сабақ болмауы туралы ақпаратты Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сайтынан қарау bilim-pavlodar.gov.kz Таңертеңгі сағат: - 645 I – ауысым Түскі сағат:- 1215 II - ауысым Қазақстан-Павлодар, Ирбис телеарнасынан таңертеңгі сағат: -700де қарауға болады. Павлодар радиосын тыңдау керек Таңертеңгі сағат: -715 I – ауысым Түскі сағат:- 1210 II - ауысым
Бөлімдердің жұмыс жоспары
« Оқу-білім бөлімінің жұмыс жоспары »   № Іс-шара атауы Жауапты Өткізілу мерзімі 1 «Қазақ хандығына 550 жыл» интеллектуалды сайыс5-6 сыныптар Урманова Н. Қазан айының соңы 2 «… Ұқыпты бала басқарақ» күнделіктер сайысы1-4 сыныптар Урманова Н. Қараша айы 3 «Бүгінгі жас ұрпақ- келер күннің иегерлері» президент күніне арналған шығармалар сайысы 9 сыныптар арасында УрмановаН. Әбілман Н. Қараша айының соңы 4 Тіл мерекесіне орай «Сөзмерген»сайыс сабақ 5 сыныптар Урманова Н. Желтоқсанның басы 5 «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» атты тренинг өткізу 6-7 сыныптар Урманова Н. Желтоқсанның ортасы 6 «Мәңгі өшпес ұлы тұлға» атты шығарма7-8 сыныптар Урманова Н. Желтоқсан 7 «Төрлет, құтты Жаңа жыл» көрмесі 5-8 сыныптар Урманова Н. Желтоқсан 8 «Ертегілер еліне саяхат» көрініс 5-6 сыныптар Урманова Н. Қаңтар айы 9 «Сүйемін таза жүргенді» мектеп формасы , бүкіл мектеп Урманова Н. Әбілман Н. Қаңтар айы 10 «Өзге елдің тілін біл, өз тілінді құрметте» полиглоттық сайыс УрмановаН. Әбілман Н. Ақпан 11 «Аяулы менің анашым» шығармалар сайысы3-4 сыныптар Урманова Н. Наурыз 12 «Табиғатты аялайық» сайыс сабақ1-4 сыныптар Урманова Н. Сәуір 13 «Ертегілер елінде» көрініс5-6 сыныптар Урманова Н. Сәуір 14 «Достық – біздің тірегіміз!» көрініс сайысы 8 сыныптар Урманова Н. Мамыр 15 «Айбары асқан сарбаздар» ту көтеру 9...
Қосымша білім алу
Білім алу құқығы ҚР азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ҚР «Білім туралы» заңының 63 бабына сәйкес мектеп оқушылары ақылы білім алуды іске асырады. Қосымша білім беру 2015-2016 оқу жылының қараша айынан бастап мектепте ұйымдастырылған қызмет – білім беру үрдісіне, тәрбиеге, оқушы тұлғасының дамуы, білім беру аясын кеңейту, білі мен тәрбие жүйесінің білімдік тәрбие құрылымын көрсету мақсатында жүзеге асады. Қосымша білім алудың мақсаты: 1. Оқушылардың білім алуға деген ынталарын арттыру. 2. Интеллектуалдық мүмкіншіліктерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Білім беруді ақылы негізінде ұйымдастыру мынадай болып табылады: ҚР азаматтық кодексі 206 бап; ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-111 «Білім беру туралы» заңының 63 бабының 3,4 б. ҚР басшылығы 2009 жылы 20 шілдеде №1102 мемлекеттік білім беру мекемелерінің іс-әрекеті ақылы ұсыну ережесімен бекітілген қаулысын және басқа да нормативті актілер. Мектеп жарлығы. Бүгінде мемлекеттік білім беру талаптары стандарты бойынша 2 негізгі бағытта 30 сыныпта 31 арнайы курс өткізіледі. 1. Қосымша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру. 2. Пән бойынша білім негізін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру. 3. Сабақ уақытынан басқа кезде жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастыру. Қосымша білім алу бағасы арнайы курсқа қатысатын оқушылар санына байланысты анықталады....
Көңілді жаз - 2016
"Жайдарлы жаз - жас ұрпақ!" жазғы сауықтыру лагері Лагердің І - ауысымы маусым айының 2-нен 20-на дейінгі аралықта өтеді. "Жайдарлы жаз - жас ұрпақ!" жазғы сауықтыру лагерінің мақсат, міндеттері: Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау. Балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету Олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру Азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын ұйымдастыру. Ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда білімін, біліктілігін кеңейту, тереңдету. Жаз 2016 жоспар Жаз 2016 жоспаржүктеу
Ұлылардан ұлағат
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖОББМ-НЕ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ «Жақсының аты өлмейді» демекші, елімізде Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар қаласының №22 ЖОББМ-не Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді. Сонымен қатар 2015 жылдың 8 мамыр күні мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының аты иегері болуына орай салтанатты митинг өтті. Салтанатты митингті мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызы құттықтау сөзімен ашты. Жиынға ҚР ардагерлер ұйымының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар, «Жас Бауыржаншылар» мүшелері қатысты. Салтанатты жиынға «Евразия 1» мен «Қазақстан-Павлодар» арналарының өкілдері келіп, қонақтардан, ұстаздардан, оқушылардан сұхбат алды.
Оқуға түсетіндер үшін
  Назарбаев Университет (Нурсултан) http://www.nu.edu.kz   Евразийский Национальный университет им. Л.Н.Гумилева (Нурсултан) http://www.enu.kz   Казахский Национальный Аграрный Университет (Алматы) http://www.kaznau.kz   Казахский национальный педагогический университет им. Абая (Алматы) http://www.kaznpu.kz   Казахский национальный технический университет им. К.Сатпаева (КазНТУ) (Алматы) http://www.kazntu.kz   Казахский Национальный университет им. аль-Фараби (Алматы) http://www.kaznu.kz   Международный IT Университет (Алматы) http://www.iitu.kz   Университет Международного Бизнеса (UIB) (Алматы) http://www.uib.kz   Казахский Экономический Университет имени Турара Рыскулова (Алматы) http://kazeu.kz Казахстанский Университет Международных Отношений и Мировых Языков им. Аблай-хана (Алматы) http://www.ablaikhan.kz   Академия банковского дела (Алматы) http://www.abd.kz   Академия гражданской авиации (Алматы) http://agakaz.kz   Академия экономики и права (Алматы) http://www.aep.kz   Академия "Көкше" (Кокшетау) http://www.koksheuniver.kz   Академия бизнеса моды «Сымбат» (Алматы) http://www.symbat.kz...