Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл
Қазақ хандығының 550 жылдығы
Қазақ хандығының 550 жылдығы
2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, таяуда Астана қаласының активінде айтулы күнді атап өту керектігі туралы айтқан болатын.
Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына бастау алған. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.
Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
«Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы рөлімен көзге түсуде. Сондықтан, мемлекетіміздің 550 жылдық тарихын кең көлемде атап өтудің маңызы зор», - дейді тарихшы Мұхтарбек Кәрімов.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі....
"Жас бауыржаншылар" клубы
Біздің мектепке Тәуелсіздік күнінін қарсаңында Бауыржан Момышұлы аты берілді. Мектепте алғашқы «Жас Бауыржаншылар» клубының мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры М.К. Мамбетоваға құттықтау сөз берілді. Клуб жетекшісі , алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі ,Нурмуханов Бакытбек Маукенович 5 «Г» сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырған шараға Ауған соғысының ардагері және «Жас Бауыржаншылар» клубының мүшесінің ата-анасы Мурат Кенестанович Козбаевті құрмет қонағы ретінде шақырды. Бұл шараға 5 «Г» сынып жетекшісі, Б.С. Мукашева және ата-аналар қатысты.
Ұлы Жеңіс күніне 70 жыл
Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаевтің 90 жылдығы
Ұлы Отан соғысы басталғанда М. Кайырбаев Семей мұғалімдер институтын бітіріп, Семияр орта мектебінде қызмет атқарып жүрген. Жастайынан намысшыл болып өскен жігіт жастығына қарамастан майданға қайта – қайта сұранып, ақыры 1943 жылы сәуірде алғы шептегі жауынгерлер қатарына қосылып, майданға кіреді. Жас жауынгердің қайтпас қайсарлығы мен қатар көзсіз батыр еместігі де бірден назар аудартқан.
Махмет Қайырбаев Ұлы Жеңістен кейін елге келіп, өңірдің экономикасын, халық шаруашылығын көтеру ісіне белсене араласты. Павлодар облысының аудандық партия комитеттері мен халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеттерін басқарды. Облыстық атқару комитетінің төрағасы болды. Осы кезеңдерде облыстың атқару ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып, тың көтеру ісінің өріс алуына, трактор зауыты, Екібастұз отын-энергетикалық кешені секілді ірі өндірістік бағыттардың жүзеге асуына белсене ат салысты.
Бүгінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев есімімен Павлодар қаласында көше аталады. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 28738 әскери бөлімше бірінші батареясында батыр есімі мәңгілік тізімге енгізілді. Батырға деген ел құрметі осылай жалғаса бермек....
ҰБТ жоспары
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ 2016-2017 оқу жылы
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нысанын өткізу барысында жоспарланған
іс-шаралар
№
Жоспарланған іс-шаралар
Мерзімі
Жауапты
1
«Ұлттық Бірыңғай Тестілеу дегеніміз не, ол не мақсатпен жүргізіледі?
Психологиялық даярлық қандай болу керек?»
11 сынып оқушыларымен ашық әңгіме жүргізу
Қыркүйек
Директор
Директордың ОІЖ...
ҰБТ ережелері
ҰБТ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы«5» желтоқсандағы
№ 506 бұйрығымен...
2018-2019 оқу жылында ОЖСБ ұйымдастыру және өткізуге арналған іс-шаралар жоспары
2018-2019 оқу жылында ОЖСБ ұйымдастыру
және өткізуге арналған іс-шаралар жоспары
Мерзімі
Алушылар-аудитория
Іс-шаралар
Мақсат
Жауапты
Қыркүйек
Әкімшілік
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмысты жоспарлау. ОЖСБ дайындық кестесін құру және қосымша сабақтарды өткізу, тест кітапшаларына тапсырыс беру.
Жоспарлы жұмысты өткізу.
М.М. Ахметова, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері.
Қыркүйек
Ақпараттық – техникалық қамтамасыз етуге жауапты
9-сынып оқушыларының деректер базасын құру.
9-сынып оқушыларының тізімін құру және түзету енгізу.
М.М. Ахметова, сынып жетекшілері.
Қазан-наурыз
Мұғалімдер
ОЖСБ өткізу және дайындық мәселелері бойынша кеңестер, практикумдер өткізу, «ОЖСБ-ға дайындық бұрышын», мониторинг портфолиосын жасау
ОЖСБ өткізу және дайындық бойынша білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың іс-әрекеттерін үйлестіру.
Әкімшілік, пән мұғалімдері.
Қазан, қаңтар...
ОЖСБ ережелері
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.
3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу
5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында...
Ата-аналарға арналған ақпарат
Ата-аналарға арналған жадынама.
1. Балаңызбен көшеде серуендеп жүргенде қауіпті жерлерді және көліктің астына түсіп қалмайтын жағдайларды түсіндіріңіз.
2. Балаңызды алдайтын қылмыскерлерге жақындамаудың ережелерін түсіндіру – жамандықтан сақтайтын тиімді жолдардың бірі екені дәлелденген. «Бөгде адамдармен сөйлеспе, одан адамдар көп шоғырланған жерге қарай кетіп қал!»
3. Қауіп тудыратын жерлермен жүрмеу. Ондай жерлер: адам аяқ баспайтын жер, жолдың қасындағы орманды алқап, қараусыз қалған үйлер, үйдің төбелері мен бос жертөлелер болуы мүмкін. Сонымен қатар үйдің подъездері де қауіпті болуы мүмкін.
4. Балаларға қастандық жасайтын адамдардың басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Керісінше олар өздерін жұмсақ сөйлеп және сыпайы ұстайды. Осындай жағдайда балалар ашық – жарқын сәлемдесуге назар аударып, сенгіштік танытып байқаусызда құрбан болады.
5. Балаларды қауіпсіздік тәртібіне үйрету – өмірдің дұрыс жолына үйретумен тең болады.
6. Балалардың қауіпсіздігін сақтау туралы әдебиетті оқыңыз. Қауіпсіздікті сақтауды кәсіби деңгейде атқаратын мамандар: психологтар, мұғалімдер, ішкі істер қызметкерлерінің кеңестеріне назар аударыңыз.
7. Балаңыздың жас ерекшелігі және қауіпсіздігін ескеріңіз. Балалар өзінің аты-жөнін, мекенжайын, телефонын білуге міндетті.
8. Балаңыз сізге барынша...
Құрметті ата-аналар!
Қысқы мезгілде Павлодар қаласының мектептерінде сабақты тоқтатуға рұқсат етілетін температуралық жағдаймен таныс болыңыздар.
1. Ауа- райы желсіз немесе желдің орташа жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда:
* 1-4 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t - 33°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t - 38°C және төмен болғанда.
2. Желдің күшеюі секундына 5 метрден немесе одан көп болғанда:
* 1-4 сыныптарда t - 28°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t - 35° және төмен болғанда.
3. Желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін болғанда 1-11 сыныптарда температураға қарамастан сабақ болмайды.
Сабақтың тоқтатылуы туралы ақпарат күнделікті облыстық радиодан хабарланып тұрады. Бұл туралы таңертең оқитын оқушылар таңғы сағат 7.10-да, ал екінші ауысымда оқитын оқушылар түскі сағат 12:00-де радиодан тыңдап біле аласыздар. Сонымен қатар, сабақтың болмауы жайлы ақпарат қалалық білім беру сайтында да жарияланады.
Павлодар қаласының температуралық жағдайы Астана қаласымен сәйкес еместігін ескертеміз.
2016 – 2017 оқу жылына арналған спорт ойындарының кестесі
№
Спорт түрі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Өткізілуіне жауапты
1
Баскетбол (ұлдар)
18.30-20.30
18.30-20.30
Айтуғанов Е.А.
2
Волейбол
18.30-20.30
18.30-20.30
Исабаева А.М.
3
Баскетбол (қыздар)
18.30-20.30
Иманова А.Х.
4
Футбол (1)
13.00-14.00
13.00-14.00
13.00-14.30
...
Спорттық шаралардың күнтізбесі
№
Шаралардың аты
қатысушылар
өткізу уақыты
жауапты
1
Денсаулық күні
1-11 сынып
қыркүйек
Дене шынықтыру мұғалімдері
2
Президенттік миля
8-11 сынып
қыркүйек
Жармагамбетов.А.К Исабаева.А.М
3
Президенттік тестарды тапсыру
5,9,11 сынып
қыркүйек
қазан
Дене шынықтыру мұғалімдері
4
Қ.Мақпалиев атындағы футбол турниры
8-11 сынып
қыркүйек
Нұрахметов.М.К
5
А.А.Клопков атындағы футбол турниры
5-6 сынып
қыркүйек
Жармагамбетов А.К
6
Баскетбол
8-11 сынып
қазан
Айтуғанов.Е.А
7
Пионербол
4-5 сынып
қазан
Исабаева.А.М Мусаканов.Е.К
8
Баскетбол...
