АҚПАРАТ
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша білім беру бөлімінің жұмысы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде регламенттеледі.
Сонымен қоса, білім беру бөлімі мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрліктің аймақтық департаментімен бірлесе 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты өткізуді қамтамасыз ету бойынша бірлескен жоба әзірленді және бекітілді.
Білім беру бөлімі ведомстваға бағынысты мекеме басшыларымен білім беру саласында сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізілді.
Ведомстваға бағынысты ұйым басшыларымен өткізілген соңғы кеңестің қорытындысы бойынша:
- бюджеттік қаражатты жұмсау, педагогтар, оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселесінде айқындылықты қамтамасыз етуде қорғаншылық кеңесінің қызметін жеделдету ұсынылды;
- бірінші басшылардың жеке жауапкершілігіне мұғалімдерден, оқушылардан және олардың ата-аналарынан ақшалай қаражатты жинамау туралы ұжым арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу ескертілді;
- мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63 бабының талаптарын басшылыққа алу ұсынылды, онда нақты ақылы білім беру қызметтері көрсетілген.
Білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қаржы қызметінің негізгі мәселері бойынша бас бухгалтерлер мен мемлекеттік сатып алудың менеджерлеріне жұмыс кеңестері өткізіледі.
Білім беру бөліміне 2016 жылы – 916 өтініш келіп түсті.
Жоғарыда аталған өтініштерде сыбайлас құқық бұзушылықты жасаған фактілер анықталған жоқ. Өтінішті қарастыру мерзімін бұзған фактілерде болған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынбілім беру бөлімінің «сенім телефоны» 321937 нөмірі жарияланады.
Білім беру бөлімінің сайтында құпия болмаушылық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер» бөлігі бар және бірінші басшының блогы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 13 бабына сәйкес апта сайын дүйсенбі күні бөлім басшысының жеке қабылдауы, басшының орынбасарларында бекітілген кестеге сәйкес апта сайын белгілі күні жеке қабылдау өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына бірінші басшы қызметін тағайындау конкурс негізінде білім беру басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бірінші басшы қызметіне тағайындау мәселесі бойынша заңнамаға қарсы келетін фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алуды өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес ведомстваға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспары бірыңғай мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан. Бүгінгі күні барлық нысандар бойынша келісім шарт жасалды, конкур процедурасынан бас тарту фактілері болған жоқ.
Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жаза тартқан фактілер болған жоқ.


