Сенім телефоны
87770813018
Мекенжайы: Лермонтов к-сі 102/1
8(7182)55-08-35 қабылдау бөлмесі 8(7182)55-07-69 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұма, сағат 8:00-ден - 19:00-ге дейін
Егеменді Қазақстан

Қазақстан Республикасының Туының авторы - суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы.

/Казақстан Республикаының мемлекеттік негізгі рәмәздерінің бірі - Мемлекеттік Ту. Ол "белгі, нышан" деген мағынаны береді. Жалау - кімге тиесілі екендігін білдіретін белгі.

Қазақстан Республикасының Туын еліміздің өкіметтік ғимараттарынан көруге болады. Ол сонымен қатар мемлекеттік меркелерде қала алаңдарында ілінеді.

Біздің Республикамыздың мемлекеттік Туы - тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді.

Тудың ортасында бейнеленген күн - өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы "егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын" дегенді білдіреді. Ту қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген. Ою-өрнек адамды залым күштерден сақтап, қорғайды деп есептелген. Бұл қазақ халқы мәдениетінің бір көрінісі.

Көк жүзінде нұрын шашқан күн сәулесінің, астында қанат қаққан қыранның, ою-өрнектің алтын түспен берілуі тыныштықты, берекелі өмір мен байлықты білдіреді.