Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 - 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Балалар бақшасының ашылу тарихынан

Павлодар қаласының Усолка мөлтекауданында қазіргі заманғы үлгі бойынша жаңадан салынған балалар бақшасы есігін айқара ашты. Қалада кейінгі 15 жылда, мектеп жасына дейінгі балдырғандарға арналып алғаш бой көтерген бұл әсем үйде еліміздің ертеңгі болашағы – 330 жас жеткіншек мемлекеттік тілде оқытылады және тәрбиеленеді. Мерекелік лентаны Павлодар қаласының әкімі – Бәкір Саматұлы Демеуов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Клавдия Шаймарданқызы Арынғазина кесті.

2

Бүгінгі күннің талабына сай бұл мекемеде бәрі де балалар игілігіне арналған: өте ыңғайлы балалар жиһазы, компьютер сыныптары, ағылшын тілі кабинеті, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сауықтыруға арналған тамаша жабдықтар, суда жүзу бассейні және құрғақ бассейн, спорт снарядтары, музыка және спорт залдары және тағы басқалар бар.