Ақылға арналған жаттығу
Күнделікті кеңестер
Баланың тілдамуы
Балаға көмек көрсету үшін, мына ережелерді еске сақтаңыз:
- Баланың табиғи дамитын тілін ерте дамытуға тырыспаңыз. Сөйлеу сабақтармен жүктемеңіз. Ойын, жаттығу, тіл материалдары жас ерекшелігіне сәйкес болу керек.
- Баламен сөйлескенде тіліңізге ие болыңыз. Асықпай сөйлесіңіз, дыбыс, сөздерді анық, ашық айтып, оқығанда таза оқыңыз. Түсініксіз сөз, жаңа сөздерге мәтінде кезіксеңіз, дәл сол жерде тоқтап, түсіндіріңіз.
- Баланың тіліне ермеңіз, кішірейту, еркелету жұрнақтарынан аулақ болыңыз, себебі олар баланың тіл дамуына кері әсер береді.
- Баланы түзеткен кезде, абайлаңыз, келемеждеуден аулақ болыңыз. Ең дұрысы – абайлап түзетіп, дәл қате жіберілген сөздің дұрысын айтыңыз. Бала жанталасып ойын айтып, ақырын сөйлесе, оның есіне мынаны түсіндіріңіз: анық айт, асықпа!
- Баланың сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз. Сұрауды ұмытпаңыз: сіздің берген жауабыңызды ол ұқты ма?
Үйде магнитофон болса, кем дегенде айына бір рет баланың тілін жазыңыз. Баланың ең алғашқы жылдарында, түсініксіз дыбыстары мен бірінші сөздерін жазыңыз. Содан соң – оның ойын кезіндегі тілі мен өлең оқығанда, оқығанын айтып бергенде, сонымен қатар өз ойын айтқанын жазыңыз. Жазу уақыты 1-ден 5-10 минутқа дейін, сонымен қатар, баланың жасын айтуды ұмытпаңыз. Бұл жазбалар тек қана көмек емес, болашақта балаларға құнды сыйлық болады.
Сөз шығармашылығы- Сөйлемді аяқтаңыз
- Мына сиқырлы сөздерді кім айтқан:
- Спанч боб пен Шрэктың достары кім?
- Екі жануар мен аңды салыстыру:
- Қай аңдарды мына жерлерге түссек, кездестіреміз: - жунглиге, шеткі солтүстікке, хайуанаттар бағына, орманға, тауға?
- Қалжың сұрақтар.

