Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
МЕМЛЕКЕТТІҢ РӘМІЗДЕРІ
 
 
 

Мемлекеттің рәміздері

Әрбір адам өз халқын, өз Отанын, өз мемлекетін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға міндетті. Ал азаматтарға өздерінің бірлігі мен біртұтастығын сезінуде мемлекеттік рәміздер көмектеседі.Рәміздер – бір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұратын белгілер.

Шындығында, рәміздер ерте заманда, тіпті мемлекет болмаған кезде, тайпалық, рулық қауымның тұсында да таңбалар түрінде болған. Таңбалар – бұлар адамдар тобы үшін белгілі бір мағынасы, маңызы бар белгілер, суреттер, сөздер. Ал рәміздер – сондай таңбалардың бірігуі.

Ту, елтаңба, белгілер көп ғасырлар бұрын пайда болған. Олар ел байлығын, тәуелсіздікті, адамдардың іс-әрекеттерін, экономикалық өмірді, қалалар мен мемлекеттердің тарихи ерлік беттерін бейнелеген. Мемлекет рәміздері маңызды ғимараттар алдында және қалаға кіре беріс қақпларда ілінген.

Әрбір елде өзінің көп ғасырлық тарихымен байланысты рәміздерінің міндетті түрде болуы ХХ ғасырда дәстүрге айналды. Осы уақыттан бастап, мемлекеттің рәміздері заң арқылы бекітілді.Бұлар мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн.

Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын тұсы осы. Мемлекеттік рәміздерді сыйламау – мемлекетті, халықты, оның тарихы мен мәдениетін сыйламау деген сөз.