Сенім телефоны
8(7182)205814
Мекенжайы: Павлдодар қ Теплов к 46
8(7182)205814
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Басшы: Жұмабекова Г.К.

Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №26 арнайы балабақшасы» КМҚК басшысы.

Біздің балабақшаның қызметінің негізгі бағыты – сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түзетуге бағытталған жұмыс.

Мектепке дейінгі ұйым ұжымының басым бағыты – балалардың танымдық-сөйлеу дамуы болып табылады. Бұл бағытта сөйлеу дамытушы ортаны байытуға арналған инновациялық қызметке, сондай-ақ мамандардың қосымша сабақтарына (педагог-психолог, логопедтер, қосымша білім беру педагогтері) ерекше мән беріледі.

Балабақшада 4 топ жұмыс істейді: оның ішінде 2 топ – мемлекеттік тілде оқытылатын, 2 топ – орыс тілінде оқытылатын топтар. Әр топқа жоғары арнайы білімі бар, шығармашылық әлеуеті жоғары логопедтер бекітілген.

Балабақшада балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған: қажетті жабдықтармен және спорттық құралдармен қамтамасыз етілген музыка және спорт залы, топтық және жеке сабақтарға арналған логопед кабинеттері, әр топта танымдық қызмет орталықтары ұйымдастырылған.

Күннің бірінші жартысында тәрбиешілер мен логопедтердің топтық (фронтальды) сабақтары өткізіледі. Әр сабақта білім беру және түзете-дамыту міндеттері кешенді түрде шешіледі.

Топтық сабақтардан кейін әр баланың сөйлеу кемшіліктерін түзетуге бағытталған логопедтің жеке жұмысы жүргізіледі.

Сондай-ақ күннің бірінші жартысында бекітілген кестеге сәйкес музыка және дене шынықтыру сабақтары өткізіледі.

Күннің екінші жартысында балалармен невропатолог, дефектолог, психолог жұмыс істейді. Балабақшаның әрбір педагогі бастама көтеріп, балаларды тәрбиелеудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін іздеуде әріптестерінің шығармашылық бастамаларын қолдауға тырысады.

Ата-аналарды қабылдау: сәрсенбі күні 15:00–17:00
Тел.: 205814
WA: 87015382172