Сәлеметсіздер ме, ата-аналар қауымы!
Қазақ даналығында “Тіл - ұлттың жан дүниесі, ойдың жанды көрінісі” деп тегін айтпаса керек. Қашанда тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап келеді. Еліміз егеменді мемлекет болып танылғаннан бері күн тәртібінен түспеген негізгі мәселердің бірі –мемлекеттік тіл екені анық.
Сіздерге балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне үйретуде тиімді тәсілдердің бірі ойын екенін атап кеткенім жөн.
Ойындарды балабақшада немесе үй жағдайында түрлі көңілді, әсерлі
етіп, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру керек. Мысалы: “Саусақтар сәлемдеседі”, “Он саусақ”, “Қуырмаш”, “Қазым
-қазым”, “Моншақ”т.с.с. ойындар арқылы саусақтардың
нәзік қимылын жетілдіруге болады. Мысалы, “Моншақ” ойынында балақазақ тіліндегі өлең жолдарын қайталай отырып, үстел үстінде жіпке түрлі моншақтарды немесе түрлі –түсті ұсақ тастарды тізбектей отырып жаңа сөздерді меңгереді, тура санау, түстерді ажырату, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. “Сөздік”ойынына келетін болсақ, балалар сөз мағынасын түсінеді және дұрыс жауап беруге, орынды сөйлеуге үйренеді, ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. “Мен бастайын, сен аяқта”, “Мен нені
ойладым?”, “Жұмбақ жасыр”, “Жалғастыр”, “Жұмбақ жасыр” ойындарында балалардың жаңа меңгерген сөздерін жұмбақтап айтқызуға (кішкене бойы, төрт аяғы, екі мүйізі, бір сақалы бар және ет пен пайдалы сүтін беретін үй жануары -ешкі т.с.) назар аударсақ, “Үстел үсті ” ойынында көбіне мозайка, лото, суреттер арқылы “Қиыңды суретті құрастыр”, “Жасырылған аңды тап”, “Сыңарын тап”, “Топтастыр”, “Не артық?”, “Енесін тап”, “Есіңде сақта” т.б. тапсырмалар беріледі. Бұл ойындарда балалардың ойнай отырып сөйлем құрауына схема элементтерін қолданудың септігі мол. Схема арқылы балалар әр сөзді ретімен айта отырып сөйлем құрай біледі.
Қазақ тілі мұғалімі: Аягөз Серікқызы Илялова
Балалардың ойлау қабілеттерін логикалық ойындар арқылы дамыту.
Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді, оларға өздерінің қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері: ойынның түпкі ниеті, сюжеті, немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында ойында балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді.
Тәрбиеші: Дарыгуль Қаиржанқызы Кульжигитова
Балалардың тілдерін және шығармашылық қабілеттерін халық ауыз әдебиеті негізінде театралдық іс-әрекет арқылы дамыту.
Өзімнің аздаған жұмыс тәжірибемде әр бүлдіршіннің өсіп дамуында ең бірінші өзін-өзі бағалауға сонымен қатар өзге жолдастарын сыйлауға,олардың қуаныштарын жетістіктерін мақтан тұтуға баулимын.
Қазір техниканың дамыған заманы. Балалардың көп уақыты компьютердің алдында өтеді. Оның бала ағзасына пайдасы мен зияны бірдей.Ал біздің,тәрбиешілердің негізгі міндеттерінің бірі балалардың беттерін көркем әдебиеттке қарай бұру! Балабақша тәрбиеленушілері әлі өздігінен кітап оқи алмайды.Сондықтан да қойылымдар арқылы қызықтыра отырып,қойылымдардың көркем әдебиеттен алынатындығына түсіндіру арқылы көркем әдебиетке деген қызығулышығын арттыру керек деп ойлаймын.
Біздің қазақ халқы 7 жасқа дейінгі баланы «ойын баласы» дейді. Бұл дегеніміз бала ойынмен өседі деген сөз. Сондықтан да балабақшада қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы өткізуге тырысамын. Оған театральдық шығармашылық көп көмек етеді. Балалар еліктегіш келеді. Мәтіндегі, ертегідегі кейіпкерлерге еліктейді. Көпшілігі жағымды кейіпкерлерді қалайды. Олардың әр қимылын, іс әрекетін мүлтіксіз орындауға тырысады. Әрине іс әрекет сөзсіз болмайды. Міне сол арқылы сөздік қорлары кеңейеді. Өздерін қысылмай еркін ұстайды.
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Тәрбиеші: Альмиро Болатайқызы Алегожина
