Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
Басқа балалармен ойыншықтарымен бөлісу, тартып алмау, өз-өзін басқа балалармен ренжітпеу әдеттеріне қалай үйрету керек?

Басқа балалармен ойыншықтарымен бөлісу, тартып алмау, өз-өзін басқа балалармен ренжітпеу әдеттеріне қалай үйрету керек?

Описание: hello_html_m676bf9c.jpg

Өзіне ұнағанды тартып алғысы келеді: құмғышта, қонақта, дүкенде, өйткені, осы уақытқа дейін ол өз үйінің шегінде өмір сүріп үйренген, «бәрі менікі!», деп. Балаға қажетті емес заттарды сіз одан алыс, көрінбейтін жерге қоятын едіңіз. «Бәрі менікі!» деген ұғыммен келген баланы балабақшада ешкім мадақтамайды. Бір жағынан, балабақшадағы ойыншықтар бәрі жалпы (басында 3-4 жастағы балаларға түсініксіз ұғым), екіншіде, сәбилер үйлерінен өзі сүйетін ойыншығын балабақшаға әкелгісі келеді және әкеледі. Осыдан балалардың арасында көп түсініксіз болады. Кішкентай сәбиді бесікарбасынан шыға бергесін, «менікі» және «басқанікі» деген ұғымдарды есіне еңгізу қажет.
Баланың «агрессиялық» тәртібіне ашуланбаңыз: біреудің әдемі машинасын аламын дегені ол агрессиялық емес. Есіңізде болсын: бала әлі үйреніп жүр! Сіздің міндетіңіз – балаға көмектесуге!
Екінші жағынан, басқасын да ескерту керек. Біреудің ойыншығын тартып алу деген жақсы қылық емес. Өкінішке қарай, балалар алаңында осылай ойлайтын аналарды кездестіруге болады.
Біреудің ойыншығын алу – психологиялық жағынан – 2-3 жастағы балаға ауыр қылмыс емес. Ең бастысы – тәрбиенің бірізділігі. Осындай оқытудың қателігі – басқа аналардың мейірімділік ниеті. Сіздің балаңыз басқа баланың күрегін тартып алғысы келгенде, «құрбан-баланың» анасы өзінің сәбиінде жақсы ішкі сезімдерді тәрбиелеу үшін, осылай деп үйретеді: «қымбатым, сараңдылы болмашы, осы балаға күрегіңді бере тұр, біраз ойнасын!». Егер сіз өз балаңыздын болашағын ойласаңыз, осындай «сыйлықты» алуға рұқсат бермеңіз! «Бере тұр!» деген анадай болмаңыз.
Кішкентай сәбиге бөтен ойыншықтар өз ойыншығына қарағанда қызықты сияқты болып көрінеді. Ең оңайы, балаңызды ойыншықтарды ауыстыруға үйретіңіз! Балаңызға басқа баланың ойыншығы ұнап тұрғанын сезсеңіз, сіз өз балаңызға үсыныс беріңіз. «Кәне, сұрап көрейікші?! Біз өзіміз не бере аламыз?»
Сәбилер өз ойыншықтарымен көңілді бөліседі. Егер «ауыстыру» өтпесе «келіссөзді» созбау керек. Басқа бала өз ойыншығын «бермеймін!»,«ауыстырмаймын!» десе не істей аласыз, ештеңе емес! Өз балаңыздын назарын басқа ойынға аударыңыз.Өтінеміз. «сараңды!» деген сөзді ұмытыңыз. Өз балаңызға, әсіресе басқа балаға айтуға сақ болыңыз. 1,5-2 жастағы бала өз ойыншығымен басқа баламен бөлісе алмайды. Егер ол ашуланбай өз ойыншықтарымен басқа балалармен бөліссе, сіздің балаңыздын мырзашылық қасиеті дамығаны емес, өйткені балаға бәрібір – ол өзінікін саспай беріп, солай да саспай басқа біреудікін жұлып алады. Егер ол өзіндікін ешкімге бермесе, сіз өз-өзіңізді құттықтай аласыз: сәбидің меншік сезімі қалыптасады! Бала «менікі!», «басқанікі!» деген ұғымдардың айырмашылығын түсініп, біртіңдеп басқа балалардың меншіктеріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.