Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тамақтандыру жөнінде кеңес туралы ереже

«Бекітемін»

 

 Мектеп директоры 

_________ Утегенова З.К.

 

"Павлодар қаласының Жетекші жалпы орта білім беру мектебі "ММ

ТАМАҚТАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

ЕРЕЖЕЛЕРІ

I. Жалпы ережелер

1.Тамақтану жөніндегі кеңес балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша барлық бағыттарды басқаратын және үйлестіретін қоғамдық орган болып табылады.

2.Тамақтану жөніндегі кеңес жұмыс жоспарына сәйкес және қажеттілігіне қарай жиналады.

3.Әрбір оқу жылына арналған кеңестің құрамы 1 қыркүйекке дейін білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен бекітіледі.

4.Кеңес құрамына әкімшілік мүшелері, әдістемелік бірлестігінің  басшылары, мұғалімдер, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері, ата-аналар қауымдастығының, кәсіподақ комитетінің өкілдері ,асхананы жалға алушы қызметкерлері енгізілуі мүмкін.

5.Кеңеске тікелей басшылықты директордың   оқу немесе тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

ІІ. Кеңес жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

1.Тамақтану жөніндегі кеңес жұмысының негізгі мақсаты-балалардың денсаулығын сақтаудың негізгі факторы ретінде толыққанды тамақтануын қамтамасыз ететін жағдай жасау.

2.Кеңес жұмысының тәжірбиелік міндеттері:

санитарлық-гигиеналық нормалар мен тамақтануды ұйымдастыру ережелерін сақтау;

балалардың дұрыс режімге және өз тамақтарының  ұтымдылығына  деген мұқтаждығын тәрбиелеу;

тамақтану мәдениетін қалыптастыру;

оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудың жаңа әдістерін  іздеу және оқушыларды ыстық тамақпен қамтудың санын  арттыру;

балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша мәселелерді анықтау, оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін білім беру мекемесінің басшысын уақытылы  ақпараттандыру;

асхананың материалдық-техникалық базасын дамыту.

II. Жұмыстың негізгі бағыттары:

1.Оқушылардың тамақтану мәселелерін жетілдіру  және   сараптамасың  ескере отырып, оқу жылына арналған жұмыс жоспарын  жасау.

2.Жоспарланған мәселелерді қарау және туындаған мәселелерді шешу үшін жауапты тұлғалар мен мамандарды шақыра отырып, кеңестің отырыстарын (айына кемінде 1 рет) өткізу.

3.Асхананың жұмыс тәртібін  белгілеу, әрбір сыныптың тамақ ішу кестесін жасау, оларды асхана жалға алушымен келісу және білім беру мекемесінің басшысына бекітуге ұсыну.

4.Әкімшілікпен бірге асхана бойынша   кезекшілік кестесін  жасау және сыныптардың ата-аналар комитеттерінің тамақтануын бақылау кестесін анықтау.

5.Медициналық көрсеткіштері бар ,балаларды диеталық тамақпен қамтамасыз ету.

6.Оқушылар мен ата-аналар арасында ыстық тамақпен қамтуды арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар мен ата-аналар арасында тамақтану мәдениетін тәрбиелеу, осы жұмысқа мамандарды тарта отырып, тамақтанудың тиімді негіздерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

8.Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ыстық тамаққа, буфет өнімдеріне сұранысты зерттеу бойынша сауалнама жүргізу, олардың тамақтану сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын қарау және қабылдау.

9.Тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша көрнекі үгіт ұйымдастыру.

10.Асханада қызмет көрсетудің  жаңартылған  әдістерін  енгізуге жәрдемдесу.

11.Балалардың тамақтану сапасы мен ұйымдастырылуын рейд  және тексеру жүргізу.

12.Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үрдесің   барлық кезеңдерінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

14.Асхананың материалдық базасын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу.

15.Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және сапасын жетілдіруге жауаптылардың жұмыс қорытындыларын тыңдау және жоғары нәтижелерге қол жеткізген үшін алғыс бойынша ұсыныстар енгізу.

IV. Құжаттар:

Тамақтану жөніндегі  құжаттаманы жүргізіледі:

- оқу жылына арналған кеңестің жұмыс жоспары;

- кеңес отырыстарының хаттамалары;

- мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру және сапасын талдау , оларды жақсарту бойынша ұсыныстар  есеп беру;

- тамақтану процесін ұйымдастыру және оларды бақылау кестесі;

-  айда бір рет оқушыларды тамақтандырумен қамту мониторингі өткізу

- педагогтарға, оқушыларға және ата-аналарға арналған әдістемелік әзірлемелер, жадынамалар мен ұсыныстар дайындау.

 

МЕКТЕПТІҢ ТАМАҚТАНУ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ:

  Камарова А. И.-мектеп директорының орынбасары, комиссия төрағасы

Жанабаева Ж. К.-мектептің әлеуметтік педагогы

Медведева Л. В.-ата – аналар комитетінің мүшесі

Тогамбаева А. Р.-мектептің медқызметкері

Малахова Н.А. - мектеп асханасының жалға алушысы