Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)662332
Мекенжайы: Павлодар қ., Генерал Смағұлов көшесі, 76 үй
8(7182)662332-басшы 8(7182)662250-бухгалтерия 8(7182)325080-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-18.00 Бейсенбі 09.00-11.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ата-аналарға кеңестер

 1.Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Жасаған әрекеттерді, айналадағы көргенді сөзбен айтып отырыңыз (тамақ ішу, киіну, шомылу). Сөздерді нақты, анық, шыдамдылықпен, мейірімділікпен айту қажет.

2.Қарапайым  нұсқауларды (Қолыңды бер. Аяқ қайда?) қолдана отырып, баланың түсінігін кеңейтіңіз. Балаға түсінікті сөздерге жүгініңіз. Меңгерілген сөздерді қайталауға талап етіңіз.

3.Ұйықтар алдында балаңызға өлең айтып беріңіз. Өлеңдерді жиі ауыстыра бермеңіз.

4.Үлкендердің сөздеріне еліктеуге ықыласты тудырыңыз. Бірігіп ойнаған кезде сезімдік қызығушылық пен айтылатын сөздің  үйлесуі кезінде болуы мүмкін (Орманда – ау-ау, тығылмақ ойнаса – ку-ку). Көргенге  бірге таң қалу: Ой, тамаша! Бірінші айтылатын сөздер одағайлар болуы мүмкін: пай-пай, әй-әй, ой-ой. Балалар тек қана дауысты дыбыстарды айта алады: а, о, у ,и

5.Жиірек балаларға арналған  ертегілер мен өлеңдерді айтыңыз. Сөйлеу мүмкіншілігіне қарай сөздерді толықтыруға ниеттендіріңіз.

6.Теледидар, видео-, аудиоақпаратпен баланың ойын артпаңыз. Оқу барысында түсінікті фразаға дейін мәтінді қысқартыңыз.  

7.Баланың көзінше оның кемшіліктері жөнінде айтпаңыз.

8.Балаңыз сөйлемейді деп ұялмаңыз және мазасызданбаңыз. Артық алаңдатушылықты білдірмеңіз: әрқайсысының өз мерзімі мен мәселесі болады.

9.Баланың сөйлегегін күтпей, заттарды түсіне, пішініне, санына, көлеміне қарай топтастыруға үйрете беріңіз (үлкен – кіші, біреу – көп, қара, сары).

10.Қолдың саусақтары мен алақанына  массаж жасап, саусақ ойындарын өткізіңіз. Мысалы: «Қуырмаш», «Бір үйде біз нешеуміз?», «Кел, санайық, санамақ!», «Көңілді саусақтар».