Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖРВЖ (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) мен тұмауды алдын алу

ЖРВЖ (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) мен тұмауды алдын алу

Тұмау (француз тілінде grippe) - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.Жіті респираторлық вирусты жұқпалар тобының құрамына кіреді(ЖРВЖ). Кей – кейде індет мен пандемия түрінде таратылады. Қазігрі таңда бір – бірінен антигендік спектрмен айрықша болатын 2000 мыңнан астам тұмау вирустары анықталған. Қыс мезгілі келісімен біз тұмау немесе ЖРВЖ ауруларына шалдығамыз. Тұмаудың алдын алу үшін қандай шара қолдануымыз керек және бұл вирустың емі бар ма?

Өткір респираторлық жұқпалы инфекциялар мен тұмау жұқпалы аурулар тобы мен патологиясы құрылымында 90%-ға дейін кеңінен таралған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша егде жастағы адамдар өлімінің 6 % тұмау қасіретінен болады.

200-ге жуық қоздырғыштардың ішінде 170-і вирустар, қалғандары бактериялар. Олар өткір тыныс алу жолдары ауруларының себебі болып табылады. Механизм берілісінің жоғарғы белсенділігі респираторлық аурулардың ерекшелігі болып табылады. Ауруды жұқтыру үшін науқаспен байланысу мендетті емес. Ауру қоздырғыштарының жүзгіні ауада қалады. Дүкен, қалалық көлік, аурухана кабинеттері сияқты жерлерде ауру адамның сізге дейін болғаны жеткілікті. Сөйлеу, тушкіру, жөтелу кезіндегі науқас адамнан бөлінген қоздырғыштар сау адамның тыныс алу жолдарына түсіп, инфекциялануға ұшырайды. Вирустар өте үлкен жылдамдықта жайылады. Адам ағзасына 24-78 сағаттан кейін енген бөгде вирустар саны соншалықты көп, олар жоғарғы тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларының зардапталуына әкеледі. мұрын мен жұтқыншақ стерильденбеген.Бұл процес тек қана сырттан енген қоздырғаштардың әсерінен басталмайды, сонымен қатар өз флораның белсенділенуінен пайда болады. Өйткені, мұрын мен жұтқыншақ стерильденбеген. Тұмау вирусы өте мықты болып келеді. 39-40°С дейін дене қызуының тез арада көтерілуі, қатты бас ауруы, бет - әлпетінің қызаруы, мұрын бітелу сияқты сипаттар бұл жұқпаға сай.

Екінші-үшінші тәулікте мұрын бітеледі. Асқынбаған күйдегі жоғарғы дене қызуы 5 күнге дейін созылады. Басқа қоздырғыштар әсерінен кеңінен таратылған аурулар жұтқыншақ зардапталуына келесі сипаттамалар сәйкес келеді: мұрын бітелу, жөтел, тамақ қышу, әдетте, 38°С дейін дене қызуы көтеріледі, бірақ тұмауға қарағанда ұзағырақ созылады.

Тұмау мен вирусты жұқпаны емдеу үшін қандай тәсілдерін қолдану керек? Тұмау үшін кенеттен пайда болу (аяқтан құлатады), жоғары дене қызуы мен қалтырау, жөтел, бұлшық ет пен буындардың ауруы, бас ауруы мен қатты әлсіздік. Сонымен қатар кейбір адамдардың мұрны бітеліп, тамағы ауырады.Тұмауды емдеген кезде, төсек тартып жату өте маңызды. Вирусты жұқпадан кенеттен жазылуға болмайды, алайда иммунды жүйенің сауығу процесін тездетуге болады.

Өзіңізге тұмаудан үйде емделуге мүмкіндік беріңіз! Алғашқы 3-4 күн тұмау өте жұқпалы болады. Тұмау белгілерін жеңілдету – оны емдеудің ең дұрыс жолы. сульфаниламидты препараттар мен антибиотиктердің көмегіне жөнсіз жүгінудің қажеті жоқ. Өйткені, олардың вирустарға әсері жоқ. Одан гөрі халық емі бойынша емделген жөн.

Егер сіздің балға аллергияңыз болмаса, жөке балын қабылдаңыз. Оны лимон шырынымен немесе кептірілген таңқурай қайнатпасымен ішуге болады. С дәрумені бар сәл қышқыл дәмді нәрсуларды, мүкжидек немесе ит булдірген морсы, лимон шырыны қосылған көк шайларды күніне бір жарым литрдан аз емес ішу керек. Аскорбин қышқылын үлкен мөлшерде қабылдаңыз (күніне 500-1000 мг).

Тұмаудан емделу кезінде дене қызуын төмендету керек пе?Жоғары дене қызуы (қызба) ЖРВЖ ғана емес, сонымен қатар басқа да жұқпалы аурудың белгісі болуы мүмкін. Бұл ағзаның қорғаныш реакциясы. Өзінің қорғаныш күштерін жандандыру арқылы ауруға қарсы шығады. Әрбір адамда жоғары дене қызуы әрқалай болады. Қызу түсіретіен дәрі – дәрмектерді 38,5 °С жоғары болған жағдайда ғана қабылдауға болғанымен, бұл сұрақтың әмбебап сипаттамасы болу мүмкін емес. Әсіресе ерте кезден бастап, қалшылдаған синдромы бар балаларға келгенде. Жоғары дене қызуы құрысуды арандату мүмкін. Қызу түсіретін және ауруды дәрі – дәрмектердің ішінен құрамында парацетамол бар дәрілерді қабылдаған жөн. 18 жасқа дейінгі балаларға аспирин және анальгинді беріге болмайды, өйткені олар ауыр асқынуларға әкелу мүмкін. Дене қызуы кезінде қыздыратын процедураларды жасауға болмайды (компресстерді, құндақтарды, бу ингаляцияларын, жылы жергілікті және жалпы шипалы ванналар). Қатты тұмау кезінде сығылған алоэ, қызылша және сәбіз көмектеседі. Сумен 1:1 арақатысымен күніне 4-5 тамшыдан әр танауға тамызуға болады. Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін тамыртарылтатын тамшылармен немесе спреймен қолдануыңызға болады.

Жалпы барлық дәрі – дәрмектердің қолдануға болмайтын жағдайлары мен жағымсыз әсерлері болатындықтан, оларды қабылдау туралы шешімді тек қана дәрігер шығарады.

Сырқаттанып қалған жағдайда не істеуіміз керек?

- Ең алдымен дәрігердің кеңесін алған дұрыс. Егер де науқас ауыр жағдайда болса немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония және т.б. секілді созылмалы аурулары болған жағдайда ауруханаға жатқызу мүмкін. Ауруханаға тұмауратып барудың қажеті жоқ. Дәрігерді үйге шақырту керек.

- Егер де науқас үйде ем алып жатса, отбасы мүшелерін тұмаумен жұқтыру жөнінде ескерту шараларын қолдану керек. Мүмкіндігінше, науқасты хлорамин, кір сабын сияқты дезинфекциялаушы заттармен дымқыл жуылған жеке бөлмеге басқалардан оқшаулау керек. Егер бактерицидтік шам болса, онымен қолдануыңызға болады. Бөлмені жинағаннан кейін, міндетті түрде желдетіңіз. Себебі дала ауасы құрамында ауру туындататын микроағзалар жоқ.

- Үй жағдайларында емделген науқас жоғары дене қызуы кезінде, міндетті түрде төсек тартып жату тәртібін сақтау керек. Дене қызуы тұрақтанғанда, бұл тәртіпті кеңейтуге болады. Бұл шаралар ауру асқанып кетпеу үшін қажет.

- Интоксикацияның төмендеуі үшін науқас шай, жылы сүт, морстарды, шырындар және т.б. сияқты сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу керек. Дене қызуы 38-38,5°С жоғары болған жағдайда, дене қызуын түсіретін дәрі – дәрмектер қолданылады. Парацетамол басқа дәрілерге қарағанда қауіпсіз болғандықтан, оны ішкен дұрыс. Дене қызуы төмен болса,жағдайыңызға байланысты оны дәрілермен түсірудің қажеті жоқ. Өйткені, қызба – адам ағзасының қорғану-бейімделу реакциясы. Бұл жалпы сипаттама.

Дәрімен емделу туралы дәрігерден кеңес алған жөн.

Ауырып қалған жағдайда, қандай шараларды қолдануға болмайды?

- Антибиотиктерді бірден қабылдауға болмайды. Антибиотиктердің вирустарға ешқандай әсері жоқ, олар иммунды жүйені төмендетіп, аллергиялық реакцияларға әкеледі. Осы күнге дейін тұмауды әдеттегі бактериялы суық тиюден, яғни, жоғарғы тыныс жолының катарынан, бронхиттен айыра алмайды. Ал бұл аурулардың алдын алу мен емдеу жолдары әр түрлі. Мысалы, егер бактериалды инфекция кезінде, антибиотиктер мен сульфаниламидты заттар тиімді болса, вирусты инфекцияларда, соның ішінде тұмау кезінде, олардың жұқпаға деген әсері жоқ. Сонда жоғарғы тыныс жолдары катарын жіті респираторлық вирусты жұқпалардан (ЖРВЖ) немесе тұмаудан қалай ажыратуға болады? Әдетте, жоғарғы тыныс жолдары катары мұрын-жұтқыншақтың ісу өзгерістерінің қабынуынан басталады. Анықталмаған ортақ белгілерсіз (дене қызуының реакциясыз, көрнекі дімкәстіксіз, қалтыраусыз және т.б.). Ал тұмау болса көрнекі дімкәстікпен, біраз жоғарғы дене қызуымен, сырқыраумен, бас аурумен, қалжырғандықпен, бұлшық еттің және буындардың ауруымен өзін білдіреді.

- Ем үшін алкогольды ішімдіктерді ішу, моншаға түсі және т.с.с. шараларды қолдану зиян. Вирусты жұқпаларды емдеу үшін індетке қарсы преператтар қолданылады. Шағын ғана талғауы бар. Тұмауды емдеу үшін ремантадин, альгирем, занамивир және т.б. қолданылады. Интерферон препараты індетке қарсы препараттардың ішінде перспективалық топқа жатады. Бұлшық ет арасына, теріге, тамырға және мұрын қуысына адам интерферондарының енгізілуі өз қолданысын тәжірибеде тапты. Арбидол, амиксин, имудон стимуляторлары жеке интерферонды өндіру үшін пайдаланылады.

Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

Жыл сайын ауруханаларда тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұмауға қарсы екпе жасалынады. Отандық және импорттық вакцина қолданылады. Басқа респираторлық жұқпалар үшін вакцина жоқ, сондықтан ағзаның спецификалық емес тұрақтылығын, яғни, иммунитетті көтеру тиіс.

Біріншіден, бұл – дене шынықтыру. Контрастылы душ, ауа ванналары, жалаң аяқ жүру, аяқ ванналары және т.с.с. шынықтыру емшараларына жатады. Денені ақырын және жаз уақыты кезінде, температураны аз-аздап төмендеуден бастап шынықтыру керек. Екіншіден, белсенді өмір салты маңызды. Сонымен қатар бұл иммундық жүйеге өте жақсы әсерін тигізеді. Дене шынықтырумен айналысу, жұмысқа дейін жаяу бару, шаңғы, велосипед тебуіңізге болады. Үшіншіден, суық өтіп кетуден сақтаныңыз, маусым бойынша киініп жүріңіз. Бүгінгі таңда көптеген адамдардың киімі синтетикалық материалдардан жасалынған. Осындай киімдерді кигеннен жылу (парниктік) эффектісі пайда болады – тер булану процесі жүрмейді, ал ылғылды дене терісі жеңілірек тоңазытылады. Бас киімсіз, жылы іш киімсіз, жылы аяқ киімсіз жүру - өте зиян сән әдетіне айналды.

Ақуыз, майлар мен дәрумендердің жеткілікті мөлшерде дұрыс тамақтануды аурудың алдын алуына жатқызуға болады. Қысқы уақыт кезінде тамақтың құрамына жуаны, сарымсақты, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ашытылған қырыққабат пен полидәруменді препараттарды қосқан жөн.