
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 2025 жылдыі 1 қыркүйегінде «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында ашылды. Бұл мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған.
«Достық» шағын ауданындағы мектеп жалпы орта білім берудің 0-ден 11 сыныпқа дейінгі барлық сатыларын қамтиды. Оның басты құндылығы - бірегей тұжырымдамада. Бұл цифрландыру, шығармашылық, инклюзия және мультифункционалдылық үйлесімді біріктірілген модельдік алаң.
Мектепте жүйелі түрде үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Мұнда ыңғайлы білім алу мен өзін жан-жақсы дамыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған: заманауи интерактивті жабдықтар, сандық панельдер, кең кабинеттер, шығармашылық студиялар. Қол жетімді ортаға да ерекше назар аударылады: лифттер, пандустар, тактильді бағыттаушы жолақтар, жарық маяктары және арнайы сахналық құрылғылар әрбір балаға мектеп өміріне толық қатысуға мүмкіндік береді.
