Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Адрес: Павлодар қ., Гагарин к., 58/4
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 15.00 -17.00
Басты бет

                     

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген жаңа мектеп 600 оқушыға арналған. Алайда жаңа ғимаратта 800-ден астам оқушыны қабылдауға мүмкіндік бар.

   Мектеп бүгінгі күннің барлық талаптарына сай заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Білім ордасында 10 бастауыш сынып кабинеті, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған 22 оқу кабинеті, сондай-ақ 12 арнайы және 13 мамандандырылған кабинет жұмыс істейді. Сонымен қатар, көркем еңбек пәніне арналған 3 кабинет жабдықталған.

   Оқу кабинеттері, шығармашылық нысандар, спорт залдары мен спорт алаңдары эстетикалық талаптарға сай безендіріліп, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.

   Павлодар қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында іске қосылған жаңа мектепте 80-ге жуық педагог еңбек етеді. Бұл – соңғы технологиялармен жабдықталған заманауи білім беру ордасы.

   Оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында мектепте 33 интерактивті панель және 10 touch-панель орнатылған. Аталған құралдар білім беру барысында белсенді түрде қолданылатын болады.