Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мирас" мектепті дамыту бағдарлама паспорты

Аймақтық жоба кеңсесі жетекшісі

 

ЖОБА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Атауы

«Мирас» мектеп жобасы

Бастамашы

№19 ЖОББМ әкімшілігі, мұғалімдер ұжымы, ата-аналар қауымдастығы

Демеушілер  

Мектептің қамқоршылық Кеңесі, Үкіметтік емес ұжымдар (НПО), Қоғамдық қорлар

Жоба жетекшісі

Мектеп директоры Бекбаева А.Т.

Жоба менеджері

Серимбаева Д.Т.

Мақсаты

Оқу және тәрбие үдерісінде бәсекеге, прагматизмге қабілетті, тұрақты білімі бар, сананың ашықтығы мен өзінің ұлттық кодының бірегейлігін түсінетін Тұлға қалыптастыру

 

Индикаторлар

  • мәдени-тарихи ескерткіштер мен Павлодар облысының мәдени-тарихи тұлғаларын білетін, туған өлкеміздің тарихымен таныс оқушылар үлесі - 100%;
  • өлкетану жұмыстарымен қамтылған оқушылар үлесі - 100%;
  • патриоттық деңгейлері жоғары оқушылар үлесі - 100%

Жобаның өзге қатысушылары

Мектептің педагогикалық ұжымы, мектеп оқушылары, ата-аналар, білім беру ұйымдары, мәдени ұйымдар және т.б.

 

Жүзеге асырылу мерзімдері

1-кезең - 2018 -2020

     1) қаңтар-маусым 2018 (үйірме жұмысы бағдарламаларын әзірлеу, оқу бағдарламаларын дайындау, рецензия алу);

     2) қыркүйек 2018 – тамыз 2019 (оқу үдерісіне бағдарламаларды іске енгізу, Үкіметтік емес ұйымдармен, мәдени ұйымдармен, Қоғамдық Қорлармен байланыс орнату, т.б. адами ресурстарды тарту және дайындау);

     3) қыркүйек 2019 – тамыз 2020 (оқу бағдарламаларын іске енгізу, Үкіметтік емес ұйымдармен, мәдени ұйымдармен, Қоғамдық Қорлармен байланыс орнату, т.б.; адами ресурстарды тарту және дайындау, тәжірибе алмасу және талдау; келесі кезеңдерге перспективалық жоспар құру).

2-кезең - 2021 – 2024

3-кезең - 2025 – 2030

Жоба құны

9000000 теңге (тоғыз миллион теңге)

 

Негізгі кезеңдері:  Өлкетану, патриоттық, кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша 

Негізгі міндеттер:

Адамгершілік/рухани салада: қоршаған ортаға адамгершілік қатынасы, адамдарға мейірімділік көрсету принциптері негізінде Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу; 
Әлеуметтік салада:қоғамға әрбір оқушының ықпалдасуына әсер ететін қоғамдағы белсенділік дағдыларын дарыту; 
Танымдық салада:өз бетінше білім алу дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 

Нәтижелер көрсеткіші:

Өз мектебінің, өз аймағының және тұтастай өз елінің тарихына, құрметпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысының жүйесі құрылды.


ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Жобаның мақсаты, міндеттері және өзектілігі

Бұл бағдарлама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін жүзеге асыруды көздейді, оқу және тәрбие үдерісінде бәсекеге, прагматизмге қабілетті, тұрақты білімі бар, сананың ашықтығы мен өзінің ұлттық кодының бірегейлігін түсінетін Тұлға қалыптастыру.

Жобаның негізгі бағыттары: өлкетанушылық, патриоттық, кәсіби-бағдарлық бағыттар.

Күтілетін нәтижелер

Мектепте өлкетану жұмыстарының жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарын төмендегідей бағыттарда тәрбиелеуді болжайды:

  • азаматтығы мен патриоттық сезімдері, өз халқының жетістігіне мақтаныш сезімі;
  • жоғары моральдық және мәдени әлеует, өмірлік жағдаяттарға сәйкес қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату, өз өмірін үйлесімді түрде қалыптастыра білу;
  • қоршаған ортада болып жатқан барлық құбылыстарға өзінің жеке жауапкершілік сезімі, оқу, еңбек, қоғамдық қызметте белсенділік таныту қажеттілігі;
  • шығармашылыққа бейімділік, ғылымның белгілі бір саласын тереңнен зерттеу қажеттілігі, өздігінен жаңа білімді меңгере білу;
  • Тұлғаның толық өсіп-жетілуі, СӨС.

Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдері

Жоба негізі

М.Ж.Көпеев ат. мектепішілік ғылыми-этнографиялық мұражайы (Қосымша 1)

  1. №19 ЖОББМ патриоттық тәрбие беру бағдарламасы (Қосымша 2)
  2. №19 ЖОББМ үштілділік білім беру бағдарламасы (Қосымша 3)
  3. №19 ЖОББМ үйірме жұмыстарының жүйесі (Қосымша 4)

 

Жобаның әлеуметтік-педагогикалық кеңістігі

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге септігін тигізетін мектептің әлеуметтік-педагогикалық кеңістігі есепке алынуы тиіс.

Мектеп білім беру ұйымдарымен (С.Торайғыров ат. ПМУ, ПМПИ, Б.Ахметов ат. педколледж), мәдени ұйымдармен (Ж.Аймауытов ат. қазақ музыкалық драма театры, А.П.Чехов ат. драма театры, облыстық филармония), мұражайлар, Қазақстан халқы Ассамблеясы және т.б. ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Кадрлар әлеуеті

Аты-жөні

Жобадағы қызметі

Мектептегі лауазымы, қызметі

1.

Бекбаева Айнур Тлегеновна

Жоба жетекшісі

Мектеп директоры

2

Серимбаева Данна Тулеубаевна

Жоба менеджері

Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары

3.

Романов Роман Сергеевич

 

Облыстық маслихат депутаты

4.

Паули Элина Сергеевна

 

Облыстық маслихат депутаты

5.

Смагулов Азамат Сапаргельдинович

 

Қалалық маслихат депутаты

6

Айткенова Гульмира Жылқыбаевна

 

Мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы

7

Турсунова Бахытгуль Адильхановна

 

Мектеп мұражайының жетекшісі

8

Кузембаев Аян Сансызбаевич

 

Тарих пәні мұғалімі

9

Иванова Венера Альфредовна

 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

10

Жумажанова Зарина Кенжетаевна

 

География пәні мұғалімі

11

Ибраева Шолпан Кайденовна

 

Кітапханашы

12

Серикбаев Алмас Сансызбаевич

 

Информатика пәні мұғалімі

13

Ашикбаева Мадина Максутовна

 

Ағылшын тілі пәні мұғалімі


Бағытталатын аудитория

№19 ЖОББМ оқушылары

№19 мектептің пед. ұжымы

Ата-аналар

Мектеп мөлтекауданының тұрғындары

Жоба сипаттамасы

Негізгі тірегі патриотизм болып табылатын өзіміздің ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау қоғамдық танымды модернизациялаудың басты шарттарының бірі болып табылады. «Туған жер» бағдарламасының басты мақсаты қазақстандықтардың бойында балалық шағынан қалыптасатын және қалыптасуға тиіс шынайы патриоттық сезімді қалыптастыру. Мектеп еліміздің барлық тұрғындарын қамтамасыз ететін мемлекеттік институт болып табылады. Сондықтан да оқу және тәрбие процесі тұлғаны қалыптастыруға толық бағытталуы тиіс.

«МИРАС» мектеп жобасы «Туған жер» Бағдарламасы және «Тәрбие және білім», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламаларының адамгершілік бағыттарына негізделеді.

Кіші бағдарламаларды жүзеге асырудың үлгілік жоспары:

Бағдарлама мектептің әртүрлі бағыттағы қызметінің қатар жүргізілуін болжайды. Бұл үрдістегі басты бағыт №19 ЖОБММ мектепішілік мұражайы болып табылады.  Мұражай жұмысы жалпы үрдісті: жүйелі жұмысқа ұмтылу, тарихқа, мәдениетке, пәндерді тереңдетіп оқытуға, интеграция мен тұлғаның шығармашылық дамуына ұмтылысты анықтауға мүмкіндік беретін сабақтан тыс шаралардың әр түрлі нысандарын байланыстырады.

Центральным звеном данного процесса в пространстве СОШ № 19 будет являться школьный музей, работа которого соединяет разные формы внеклассной деятельности, позволяющие выделить общую тенденцию: стремление к системности в работе, к массовому приобщению к истории, культуре, к углубленному изучению предметов, интеграции и творческому развитию личности.

Мұражай бағдарламасы шеңберінде төмендегідей қызметтер атқарылады:

  1. тәрбие, ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  2. педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмыстары;
  3. ата-аналар қоғамының ұйымдастыру жұмыстары;
  4. қоғамдық ұйымдардың үйлестіру жұмыстары.