Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп кітапханасы

Кітапхана меңгерушісі - Асылбекова Райгуль Сембаевна. 1980 жылы 26 маусымда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қазантай ауылында дүниеге келген. Білімі - арнайы орта. 2010 жылы Жаяу-Мұса атындағы колледжді тамамдаған. Мамандығы - кітапхана ісі. Өтілі - 7 жыл.

  Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде биылғы жылы оқушылар саны - 1607. Мектеп кітапханасында 2 штат. Көлемі - 72 ш.м. Оқырмандар залының орыны - 30. Кітап қоймасы жеке, оқушылардың оқулықтары сынып бойынша әр сөрелерге ретімен қойылған. Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры - 55459. Жаңа буынды оқулықтар саны- 21989. Биылғы оқу жылында түскен жалпы түсім саны - 7714, жаңа буынды оқулықтар саны - 21898, электронды оқулықтар саны - 521, қазақ тілінде қордың саны - 38725. Оқырмандар саны- 1489, келушілер саны- 29968, кітап берілім - 29170. Өткізілген іс-шаралар саны - 26, кітап сөресі - 30.

Мектеп кітапханасын пайдаланудың жалпы ережелері:

Кітапхана оқырмандарға уақытша қолдануға кітаптарды беруге міндетті.

  • Кітапхананы оқушылар мен мектеп қызметкерлері қолдануға құқықты.
  • Кітапхананы қолдану тегін
  • Кітаптарды үйге алып оқуға болады, ал оқырман залындағы әдебиеттер үйге берілмейді.
  • Энциклопедиалар, сөздіктер, анықтамалар тек оқырман залында беріледі.
  • Әр оқырманға жеке оқу формуляры берілген. ол 5 жылға берілген.
  • Оқырман формуляры кітаптарды қашан және қай мерзімде қайтару туралы жазылатын құжат ретінде сақталады.
  • Кітапхана кітаптарын жоғалқан немесе жыртқан кезде олардың ақысын немесе дәл сондай кітап беруге тиіс.
  • Әр жыл сайын оқу жылының басында қайта тіреку жұмысы жүргізіледі.
  • Үйге берілген оқулықтар шектеулі уақыт арасында қайтарылуы керек.

Кітапты қалай оқу керек:

  • Кітапты асықпай, ойланып оқы.
  • Жиі дауыстап , сөздерді анық оқуға тырыс.
  • Кітапты түсініп оқуға тырыс.
  • Кітапты оқу кезінде , автордың сөздерін көз алдына елестетіп көр.
  • Өз күнделігіне кітаптің атын, авторын, оқыған күннің датасын жазып қой.
  • Жаңа сөздерді, қызықты ойларды өзіне жазып ал.
  • Кітаптің саған несімен ұнағаның жаз
  • Кітапті оқыған соң өзіне мазмұның айтып беруге тырыс.

Кітапті қалай таңдау керек:

  • Кезкелген нәрсені оқи берме, тек пайда әкелетін кітаптарды оқы.
  • Мұғалім мен кітапханашының кеңесімен кітапты іздеуге кіріс.
  • Керекті сұрағын бойынша қандай оқулықтар бар екенің біліп ал.
  • Картатека, каталогтарды қолдан.
  • Осы жылы оқығын келетін кітаптардың тізімін құр.

Кітапті ұқыпты ұста!

Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.

  • Кітап таза, әрі тысқалған болуы тиіс.
  • Кітапты таза қолмен оқы.
  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
  • Кітаптің беттерін бүктеме.
  • Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.
  • Жыртылған кітапті желімде.
  • Кітапқа жазулар жазба.
  • Кітапті шката немесе полкада сақта.
  • Алған кітапті уақытында тапсыр.