Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Ұстаз, ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылмемен емдейтін,

Болса дағы малға кедей өмірде.

Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

11 "А" сынып оқушылары

***************************************************

Құрметті ұстаз қауымы!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Т/Б 8 "Г" сынып ата-аналар комитетінің мүшелері.

***************************************************

Құрметті Ұстаздар!

Мен сіздерді Ұстаздар Күнімен құттықтағым келеді. Ұстаз мамандығы ежелгі заманнан бастап өте керекті де, ауыр жұмысты атқарады. Балаларды оқыту, үйрету, тәрбиелеу әр кімнің қолынан келмейді. Осы мамандық Сіздерді ерекше адам дәрежесіне көтереді.

Сондықтан, мен сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, әрқашанда біздің көз алдымызда күліп, жайнап жүре берулеріңізге тілектеспін. Сіздердің мамандықтарыңыз өте қадірлі және әр уақытта маңызды болып табылады. Ұстаздардың зор еңбегі үшін өз алғысымызды білдіреміз!

 7 «А» сынып оқушысы Шоқпарова Дариға

***************************************************

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаздық - қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандықтардың бірі. Өйткені адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүректерінде білімге деген құштарлықты және Отанына деген сүйіспеншілікті оятады.

Сіздерге мықты денсаулық, береке, ұстаздық жолында шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Ізгі ниетпен: 8 «Д» сынып ата-аналары