Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Астана - ұлы дала елордасы!

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 20 қазанындағы №3700 Жарғысына сәйкес ҚР-ң Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазіргі Астана қаласы болып жарияланды. Жаңа Астаның ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Астана күні - 6 шілде ҚР мемлекеттік мерекесі болып саналады. 2018 жылы Астана қаласының  астана мәртебесін алғанына 20 жыл толды.Астананың мерей тойы бұл республикалық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі оқиға.

Астана 10 жыл ішінде бой көтерген ХХІ ғасырдың жалғыз астанасы, ал Қазақстанның екі ғасырдың қиылысында жаңа астана құрған жалғыз ел. ҚР Елордамыздың 20 жылдығын тойлауға арналған тұжырымдамалық негіз

1.Астана - Қазақстанның әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және саяси орталығы. Қазақстан астанасы Тәуелсіздік жылдарындағы біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін бейнелейді, еліміздің өсіп келе жатқан қуатын және оны одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетеді.

2.Астананың құрылысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихынан және ҚР-ның Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа астана құру туралы идеяны ұсынған және 20 жыл ішінде Астана қаласының халқы 3,5 есе өсті және 1 милллион адамды құрайды. Осы кезеңде астананың аумағы 258-ден 800 шаршы шақырымға дейін кеңейді.

3. Бүгінде елордамыз Қазақстанның барлық оң бастамалары мен өзгерістерінің ортасы болып табылады.

4. Астана - еліміздің жаңа мәдени және туристік орталығы Астанада түрлі мәдени ошақтары жұмыс істейді, атап айтсақ, концерт залдары, сарайлар, мұражайлар, театрлар, кітапханалар, жеке көркем галереялар, мәдениет және демалыс саябақтары.

5. Елордамыз халықаралық инновация және білім орталығы болуға талпынуда. Жоғары деңгейдегі университеттер қатары, зияткерлік мектептер жүйесі бой көтерді.

6. Астана - әлемдік әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық диолог алаңы, халақаралық туризм үшін тартымды орталық. Ел үшін маңызды оқиға "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесінің іске асырылуы болды.

7. Бүгінде Астана өзін халықаралық деңгейдегі бейбітшілік және келісім қаласы ретінде көрсете білді.

Астананың жетістіктері - бұл бүкіл Қазақстанның жетістігі. Астана-өңірлердің динамикалық даму факторы, олардың қозғалысының қозғаушы күші.

Астана - бейбітшілік және келісімнің қиылысуы, әлемдік келіссөздер және  әлемдік діндер диологына арналған алаң.