Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы

Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.

 Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

 Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

 Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

 Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:

 -Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;

 -Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с)

 -«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;

 -Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;

 -Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;

 -Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;

 -Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;

 -Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,

 -Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.

 Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?

 Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

 Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

 Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

 Міне, жоғарыда атап көрсетілгендей, біздің алдымызда осындай келелі міндеттер тұр. Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр. Алматы облысында мектептер 100% компьютерлендірілген, облыс бойынша оқушы санына шаққанда, ол көрсеткіш 13,6 пайызды құрайды,

 2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, Бағдарлама аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Интерактивті оқыту жүйесіне 151 мектеп қосылып, біздің орталық қызметкерлерінің басқаруымен апта сайын облыстық интерактивті сабақтар, дәрістер, семинарлар өткізіліп отырылады. Облыс көлемінде интерактивті құрылғыларды оқыту үрдісінде пайдалану бойынша 122 семинар-тренинг, мультимедиалық-лингафондық кабинеттерде орнатылған «Пифагор» бағдарламасы бойынша 38 семинар-тренинг өткізілді.

 Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы он жыл да түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Ол өзгерістерді сапалы орындауға қажетті құрал-жабдық базасы бар, Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.