Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп

  1986 жылы 1қыркүйекте Ленин кентінде жаңа мектептің салтанатты ашылуы болды. Қысқа уақыт ішінде кенттің жөндеу зауыты маңайындағы толық емес №31  мектептің оқушылары мен ата-аналары көптен күткен нысан бой көтерді. Мектеп 320 орынға есептелген. Мектептің ауласы Ертіс бойындағы кенттің жөндеу зауытындағы үлкен стадионымен іргелес орналасты. Кенттің осы ең үлкен спорт алаңы қазір мектепке берілді. Мектептің ашылуына Ильич ауданы партиясының және аудан мен кенттің атқару комитетінің өкілдері қатысты. Мұғалімдер ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды П.А. Гарин, Т.С.Стоянова, Л.И. Клименко және құрылысшылар атынан О.Шаяхметов құттықтады.

        Міне салтанатты мезет те болды. Мінбеге «Тұрмысқұрылыс» өндірістік бірлестігінің бас инженері Елеусіз Ізденов көтерілді.

«Қымбатты оқушылар! Мына әдемі нысан енді сендерге беріледі. Сол үшін біздің құрылысшылар сегіз ай бойы үздіксіз жұмыс жасады. Осы мектепке олардың еңбегі сіңді. Мұғалімдер мен ата-аналарыңды үздік бағалармен қуантыңдар.

        Қоңырау сыңғырымен ілесе оқушылар мектепке енді. Ең алдымен мектепке әсем киінген бірінші сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері салтанатты қадам басты.