Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 1066 бірлескен бұйрығы

 

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасын және «100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт жоспарының 89-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2. ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (келісім бойынша) жергілікті атқарушы органдары:

1) Жоспардағы бекітілген тармақтардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын;

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі С.С. Сәрсеновке жүктелсін.