Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
337250
email: school33kz@mail.ru
Адрес: Байтұрсынов, 14
337303
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ НОРМАТИВТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 477 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 27 желтоқсанда № 16138 тіркелді, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 2018 жылғы 18 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»;

аталған бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.».