Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектепке жол» Қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» Қайырымдылық акциясы

2022 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол"қайырымдылық акциясы басталады.     

 

Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оның Мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара аламыз!

Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

"Павлодар қ. №33 ЖОББМ" КММ ауылдың  барлық азаматтарына, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.

Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын  8 (7182)33-71-54, 87002468322, телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз

БАЛАЛАРҒА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАҢЫЗ!