Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебім - алтын ұя бесігім

Мектебіміздің тарихымен болашаққа бағдары

Жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім берудің келелі мәселелерін оң шешу жолында мектебіміз ауқымды өзгерістерді өткерді. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекет пен қоғам алдында ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтап қалу ғана емес, оны арттыру, жас ұрпақты өмірге дайындауда олардың бойына отаншылдық, имандылық, кәсіби шеберлік тәрізді игі қасиеттерді сіңіру міндеттері де тұр», - деген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебіміздің ұжымы адаптивті мектепті қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда.

Қазақ тілінде оқытатын № 35 жалпы орта білім беретін мектеп 1974 жылдан қызмет етіп келеді. Мектептің ең алғаш директоры - Гейм Елена Константиновна. Оқу ісінің меңгерушілері Тарасуло Феликс Аронович, Новокшанова Тамара Михайловна, ал тәрбие ісінің меңгерушісі Дитте Ирина болды. Мектеп ұстаздары Больт Н.М, Бульдыгерова А.В, Ясная Л.А, Галенина В.М, Исамбаева В.М, Старосадчева Г.Е, Головань Е.Е және т.б.

Ең алдымен орыс тілді, одан аралас, 1994 жылдан бастап мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болып қалыптасты.

1993-1994 оқу жылында аралас мектептің директорыБахралинов Сағадат Габбасович. 1994-2005 оқу жылдарында қазақ мектебінің директоры Омарбекова Бахыт Мукановна. 2005-2007 оқу жылдарында мектеп директоры Хасанова Сауле Төлегеновна. 2007 жылдан бастап мектеп директоры Асаинов Мұрат Бакенович.

Мектептің позитивті келбетін қалыптастыру - мектеп ұжымының алға қойған басты мақсаттарының бірі. Мектеп ұжымында 2019-2020 оқу жылына барлығы 67 мұғалім, жоғары білімді - 65 мұғалім, арнайы орта - 2 мұғалім, жоғары санатты - 16, І санатты - 5, ІІ санатты – 7. Педагог кадрлар мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың жаңа форматына сәйкес педагог біліктілік санатына ие мұғалімдер саны – 2, педагог-модераторлар – 6; педагог-сарапшылар – 11; педагог – зерттеушілер – 20.

Мектеп ұжымы мектептің позитивті келбетін қалыптастыру мәселесін шешуде төмендегідей бағыттарды анықтады:

1. Мектеп тұжырымдамасы.

2. Мектептің даму бағдарламасы.

3. Соңғы нәтиже мектеп түлегінің моделі.

4. Мектеп түлегінің тұлғасына сай келетін педагог тұлғасы.

Мектебіміздің ғылыми жетекшісі В.Н. Афанасьеваның жетекшілігімен мектептің моделі жасалып, әдістемелік негіздері анықталады. Сонымен қатар мектептің типі - адаптивті, нәтижеге бағытталған, әлеуметтік ашық мектеп болатындығы айқындалды. Мектептің концептуалды құжаттары: ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ, ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ құрастырылды. Ұлттық түпкі тамырдан жалпы адами құндылыққа дейін жетуді мектеп философиясы талап етеді.

Мектептің саясаты - мектепте әр баланың жеке басын құрметтеу, оқыту, бірігіп өмір сүруге үйретуде болса, миссиясы - терең ойлы, қоғамда өз орнын анықтай білетін жасөспірімді өмірге дайындау болып табылады.

Оқу үрдісі мен тәрбиелеу үрдісінің басымдықтары да белгіленді:

- оқушыларды оқытуда білімнің көлемі емес, білімнің дамуы маңызды;

- білімді трансляциялау емес, оны өздігінен немесе ынтымақтасып отырып игеруі маңызды;

 - жанұяның, халқының, ұлтының, салт-дәстүрлерін құрметтеу қажет.

Мектептің моделі негізінде мектептің эмблемасы жасалды. Мектеп эмблемасының функционалды мазмұны төмендегідей:

- алынатын білімінің сапалылығы;

- денсаулық сақтау технологияларын қолдану;

- баланың қажеттілігін қанағаттандыру. Берілген белгі Қазақстан жаңа мектеп ұжымының таңдаған жолын айқындайды.

Мектеп «Нәтижеге бағытталған оқыту моделін» жүзеге асыруды көздейді. Жүзеге асырудың төмендегідей нақты үш негізін белгілеп отырмыз:

 - Мақсат - мектеп бітірушінің тұлғасы.

 - Құрал - көрсеткіштері айқындалған мектептің оқу тәрбие жүйесі.

 - Жағдай - мұғалім.

Мектептің таңдап алған жолы - анық. Ұлт көщбасшысы  Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Еліміздің келешегі – оның білімді азаматтарына байланысты». Сондықтан мектебіміздің ұстаздар ұжымы жаңартылған білім беру мазмұны аясында осы бағытта аянбай еңбек етуде.