Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!

Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!

 Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.    

Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін , физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын , жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды , ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады.   

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 

1)Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу); 

2)Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер); 

3)Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 

4)Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 

5)Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.     

Мектептегі тамақтандыру

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;

- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;

- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау,  олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі. 

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.

Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жаппай оқу білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. 

 

 Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

№ 35 мектептің  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

 

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданады.

Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік қорғансыз отбасылардың балалары алады:

- көп балалы отбасынан шыққан балалар;

- аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;

- жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің);

- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар;

- асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алатын балалар.

- жалғыз басты аналар.

Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған.

Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.

Комиссияның  міндеттері:

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;

- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;

- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;

- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;

№35 мектептің тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.

Өндірістік бақылау міндеттері:

Қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;

Өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;

Асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі

Шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;

Ыдыстарды жуу сапасы;

Тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;

Тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс  жұмыс істеуі;

Жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;

Залалсыздандыру шаралары және т.б.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.

 Аталмыш комиссияның жұмысының міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастыру, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанЕжН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар қоғамының және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 120 орын.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

 

- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

-жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.