Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата-аналарға арналған ақпарат

 «Әрбір адамның ең жақсы досы өмірлік досы - кітап болуы тиіс»

 М.Әуезов

Баланың кітап оқуға құмарлығын оятудың 10 әдісі

Алынды:интернет желісі:  https://aikyn.kz/2017/09/05/25751.html                  

Абайдың 7-қарасөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?»деп, «бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жанқұмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды» деген...

      Демек, біз баланы қалай үйретіп, нені оқытамыз? Жалпы, әлі әріп тани қоймаған баламызға өзіміз кітап оқып бере аламыз ба? Мұндай жағдайда нені қаперге алу керек?

Оқып көріңіз…

1. Балаңызға ертегі кітап оқып беретін болсаңыз, алаңдамас үшін ең алдымен үйдегі теледидар мен компъютерді өшіріп қойыңыз. Сондай-ақ маңайдағы ойыншықтарды жинап, көзге көрінбейтін жерге қою керек.

2. Кітапты бір сарынмен оқудың еш қажеті жоқ. Мәнерлеп оқығанның көп пайдасы бар. Онда да баланың қызығушылығын ояту үшін дауысыңызды бірде жоғары көтеріп, төмендетіп, кейде жылдам, кейде баяу күйге түскеніңіз дұрыс. Бұл баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын оятады.

3 Жалпы түрлі-түсті суреті бар ертегі кітаппен жұмыс істеген дұрыс. Арасында балаңыздан суретте не бейнеленгенін өзіңіз де жиі сұрап тұрыңыз. «О, өте дұрыс айттың, жарайсың, менің балам өте ақылды ғой» деп мақтап, эмоцияңызды жиі білдіріп отырыңыз.

4. Баланы сөйлетіп отыру оның сөздік қорын арттыратынын естен шығармаңыз.

5. Безендірілген, тақырыптық кітаптың болғаны дұрыс. Бұл баланың қоршаған ортаға деген құмарлығын арттырады.

6. Мұны белгілі бір уақытта жасаған дұрыс немесе түсте, түнде ұйықтар алдында балаңызды жаныңызға алып кітап оқысаңыз, сәби оған да үйренеді. Мұны әдетке айналдырған абзал.

7. Егер балаңыз кітап оқып, сурет салып беруге өтініш жасаса, оған бола ренжудің қажеті жоқ. Ерінбеңіз, айтқанын істеңіз.

8. Балаға кітап оқып берудің өзі онымен   ашық әңгімелесу екенін ұмытпаңыз. Арасында өлең жаттатып немесе ән айтқызып тұрсаңыз, бұл оны жалықтырмайды. Баланың жады мықты.

9. Балаға кітаптағы кейбір сөздер мен тіркестер түсініксіз болуы ықтимал. Мүмкіндігінше, оны түсіндіріп беруге тырысыңыз. Сонда ғана оның сөздік қоры көбейіп, сөйлеу мәдениеті тереңдейді.

10. Ең алдымен балаға кітаптың мазмұнын мәжбүрлеп тыңдатудың керегі жоқ.  Мұндай қадам оның білуге, үйренуге деген құлшынысын жояды. Сондықтан өз жасына сай, суреттері үлкен, мазмұны лайықты кітап оқып берген дұрыс. Сонымен қатар түрлі-түсті қарандашпен боялатын арнайы шағын кітапшалармен де жиі жұмыс істеткеннің пайдасы үлкен.