Мектептің тәрбие жұмысы жүйесі
Мақсаты: адами және ұлттық құндылықтардың негізінде, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) жаңа демократиялық қоғамда еркін өмір сүре алатын, азамат және патриоттың қалыптасуына ат салысу; жеке тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру; балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалар мен жасөспірімдер ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болу.
2)Қазақстандық қоғамның өмірі мен салт-дәстүрлеріне сәйкес келетін тұлғаның әдептік,рухани-адамгершілік қағидаларының, оның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасыуына ықпал ету.
3) Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталуына және қазақ халқының, Қазақстан Республикасының этникалық топтардың мәдениетін сыйлауларына ықпалдасу.
4) баланың жеке тұлға болып қасыптасуында ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін көтеру, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін арттыру.
5) жеке тұлғаның экономикалық ойлауын, еңбек дағдыларын қалыптастыру және өзін-өзі анықтауда кәсібилік сана сезімдерін тудыру, сонымен қатар эволюциялық идеяларды қабылдап оларды күнделікті өмірде басшылыққа ала білу қабілетін дамыту.
6) әр жеке тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуын, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын ынталандыратын орта құру және оның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету.
7) білім беру мекемелерінде көп мәдениетті орта құруға, жалпы тәрбие мәдениетін, жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, мәдени нысандарды қабылдау, меңгеру, бағалалау дағдыларының қалыптасуына ықпалдасу.
8) салауатты өмір салтын қалыптастыруға, психологиялық және дендерінің саулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауға үйрету.
Тәрбие процессін ұйымдастырудың
әдістемелік негіздері