Телефон доверия
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Адрес: c.Мойылды ул Абая 1
8/7182/356596
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп

 

Мектеп - адам өмірінде ерекше орын алатын қасиетті орда. Мектеп табалдырығын аттамаған,білім нәрімен сусындамаған адам жоқ десек қателеспеспіз. Қаншама мыңдаған адамдар мектеп қабырғасында білім алып, тәлім - тәрбиесін бойына сіңіріп, өмір жолын жалғастыруда. Адам баласы үшін осы бір қасиетті орданың берері мол.

Біздің Мойылды ауылындағы жалпы негізгі білім беру мектебі де осындай қасиетті шаңырақтың бірі.

Негізгі білім беру мектебі 1993 жылы ашылып, басшысы- Нағима Мәжітқызы Шакенова болды.

1996 жылдан бастап осы күнге дейін мектепті басшылық етіп келе жатқан адамгершілікті ардақ тұтқан азамат Мохаммед-Әли Шайби-Насрединұлы.

2006 жылы тұғырын жаңадан қалаған киелі мектебімізге кірдік.

Мектебіміз аралас мектеп. Барлығы 14 сынып бар.

Мектебімізде 29 мұғалім. Оның ішінде жо,ары білімдісі-17

орта арнаулы білімдісі -8

155 оқушымыз бар. Оныњ 55-і бастауыш сыныпта, 100-і жоғары сыныпта оқиды.