Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі

Құрметті аналар сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алғысымыз ұшан-теңіз!

 

3 «Ә» сынып оқушыларының шығармашылығы

 

Ана

       Ана дүниедегі ең жақын адам. Өйткені ана сенің жақын досың, түнде әлсін-әлсін оянғанда қасында болады, жамандықтан қорғауға тырысады. Сені құшағына алып, еркелетеді. Менің үш анам бар: Өз анам, Жер-анам, бізге білім беріп жатқан екінші анам мұғалімім. Мен өз ұстаздарымды құрметтеп қадірлеймін. Мұғалім бізді жақсы жолға итермелесе, Жер-ана өзінің табиғатының әдемілігін сұлулығын сыйлайды, жер-ананы таза ұстауға қорғау міндетіміміз. Осы үш анама  жақсылық, махаббатым мұхиттай терең, осы аналарыма өле-өлгенше борыштармыз.

Бельгужанова Айгерім.3 «ә»

 

Анам дүниедегі ең асыл жан

Анам мені тәрбиелейді жасымнан.

 Сенің ең жақының ол ана, ол саған әрдайым көмектесуге тырысады, сен ауырып қалсаң алаңдайды, сен  бес алсаң қуанады. Ол сені қатты жақсы көреді. Анаң сені әдепті болуға, тәртіптілікке тазалыққа үйретеді. Ол сені жақсы адам болуға тәрбиелейді. Сол үшін сен анаңа қарыздарсың.

Алиханова Нұрай. 3 «ә»

        Ана ол дүниедегі ең жақын адам деп санау парыз. Сенің ең мейірімді ең еңбекқор, ең инабатты, адал досың ол – ана. Сені осы дүниеге аяулы анашың жіберген. Сені сәби шағыннаң ана күтіп,  бойындағы жақсы қаситеттерін үйретеді. Саған жағдай жасап отырған ол – ана. Ана – осы әлемде ең иман жүзді , жүрегінің түгі бар саған жақын қамқоршы. Ананың жылуын ештеңеде  айырбастай алмайды. Сен анаңды тасжүрек деп ойлама! Анаңды құрметте ол бір нәзік гүл секілді.

   Берназарова Аяжан 3 «ә»

 

        Дүниедегі ең жақын адам ол – ана. Ананың құшағын ананың махаббатын аңсамайтын адам жоқ. Мынау  дүниеде сені іздейтін ана. Ананың мәпелеп өсіргеніне, сүйгеніне не жетер дейсің? Ананың саған деген махаббаты ешқашан таусылмайды. Ол мұхит тәрізді. Анаң нағыз досың. Қайғыңмен бөліседі. Оған сырыңды ақтаруға болатын жан. Ананың жоқтығын білдіртпейтін адам жоқ. Ана өте мейірімді кісі. Оның жылуы өте шетсіз,шексіз. Ана дегенде жүрегің дүрс – дүрс етеді. Ана әр адам үшін қымбат.

   Бейсембекова Айгерім 3«ә»

        Ана деген ең жақын адам. Анасы баласы үшін отқа да түсер еді. Мен анамның маржандай күлкісінен, гүлдей жайнаған жүрегінен жар саламын. Ананың махаббаты еш бір заттан, еш бір нәрседен артық емес. Ананың махаббаты еш бір сөзбен айтуға мүмкін емес, ол жылу білдіргендей. Анамыз бізді өсіріп баптаған тіпті біз үшін төрт ұйқысын – төрт бөлген. Анам үшін мен мың алғыс айтсам да жеткіліксіз. Анама мен борыштармын. Анама ризалығым шексіз. Анамның ризалығын алу үшін , сабақтан бестік алуға тырысу керек.

  Сансызбай Нұрай.3 «ә»

   Өмір сүрген әр адам,                                                                                     

   Өркендеген анадан.

  Ақ сүт берген  өзіңіз,

 Ардақтаймыз анажан.

Әр бір баланың өз анасы бар. Ана ол баланың жүрегінің бір бөлігі. Ана ол үйдің күн шуағындай болып сезіледі. Анаң өзінің жан сырын ашады. Ол сені жылытады және қорғайды. Анаң ол Жер-анадай кең. Анамыз бізді  жақсы көріп аялайды сүйеді. Ана – ол біздің мақтанашымыз.

Солай біз аналарымызға рақмет айтамыз!

3 «ә» Мұхамеджанова Үміт.

 

Қазақ тілі- мәдениетті тіл.

 

         Адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы- тіл.

         Тіл қарым- қатынас құралы. Адам баласының ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.

«Өнер алды- қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі- тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтерімен шұбарланбауын талап ету керек.

         «Ана тілін жақсы білу- әркімнің азаматтық борышы.»

         Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуы мен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты.

        Ұлттың өмір сүру кепілі- ұлттық тіл. Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Ұлттық тіл- қа-зақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу-дің қасиетті құралы.

         Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күші-не тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.

         Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

         Қазіргі заманымызда бізге қойылған басты талаптардың бірі- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез- келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеп шығару.

         Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, қорғауға міндетті.

5 «Ә» сынып оқушысы

Амренова Альмира

 

 

«Рахмет, анашым!»

Дүниеде ана махаббатынан

қасиетті нәрсе жоқ. Оның

алдында адамды ынтықтырушы

өзге дүниелер әлсіз келеді.

(В.Г.Белинский)

         Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана.

         Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.

         Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке- жеке әдет- ғұрпымыз, жол- жоралғымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

         Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек.

         Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.

         Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.

         Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.

         «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.

         Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана- үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі.

Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері хақ. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар- ол ата- анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата- анаң. Ана, әке деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөздер.

        5 «Ә» сынып оқушысы

Мұқатай Диана.

 

 

"Қанатты достар" акциясы аясында өткен оқушылардың "Құстар" тақырыбына жазған шығармалары

 

Сочинение

«Спасибо, мама»

     Каждому человеку известно, что нет на земле ближе и роднее человека, чем мама.

     Я хочу описать свою бесконечную любовь, к самому близкому и родному мне человеку.

     Мама - это самое первое слово, которое я произнес. Оно как будто волшебное, только скажешь его - и вдруг появилась самая красивая, самая хорошая и самая-самая лучшая на свете женщина

     Можно найти миллионы слов, самых нежных и достойных, но вряд ли они смогут отразить всю полноту моих чувств к ней.

     Мою маму зовут -  Раушан. Она очень добрая, ласковая и нежная. Моя мама очень хорошо рисует, и когда я был маленьким, она научила и меня рисовать. Своей маме я обязан всем в своей жизни. На всем свете нет никого любимей и дороже чем мама.

     Моя мама всегда меня понимает. Она  мой лучший друг. Если меня что-то беспокоит, мама  сразу понимает и старается помочь. Она дает мудрые советы.

    Мама очень любит цветы, но больше всего мама любит свою семью.

     Моя мама строгая, но справедливая. Я с мамой могу часами говорить обо всем, делиться своими секретами. И всегда мама подскажет, как лучше поступить в трудных ситуациях.

     Я люблю свою маму за её доброту, нежность, ласку. Спасибо моей маме за то, что она научила меня быть добрым и отзывчивым человеком.

     Я очень люблю день 8 марта, потому что мне нравится делать своей маме приятное. Вот уже приближается 8 марта. 8 марта - прекрасный праздник всех мам, международный женский день. Каждая женщина на этой планете чья-то мама. И каждая женщина на земле отмечает этот праздник.

     Я очень люблю свою маму и хочу, чтобы она прожила очень долго и счастливо. Это очень хорошо, что на свете есть мама!

     У всех разные мамы. У кого-то - веселые, у кого-то -  не очень. У кого-то они с темными волосами, а у кого-то  –  со  светлыми. Но объединены одним чувством- любовью к своим детям. Они не делят любовь к себе и к своему ребенку, они отдают её целиком.

     Я желаю всем мамам на свете терпения в воспитании своих детей, здоровья, счастья. Пусть они всегда останутся молодыми и красивыми.

     Для меня не существует чего-то более доброго и светлого, чем моя мама. Хочу всегда её радовать и видеть, как она улыбается.

     Её слезы приносят мне боль, и я чувствую себя виноватым за то, что не могу ей помочь. Хочу, чтобы мама видела во мне не только сына, за которого нужно волноваться и нести ответственность, но и хорошего друга. Моя любовь к ней безгранична. Я готов всю свою жизнь помогать ей и быть рядом. Нам с ней не нужно слов, чтобы понять друг друга.     Мне лишь стоит взглянуть в её карие глаза, как становится все ясно. Она подарила мне свою любовь. Мама посвятила себя воспитанию меня, брата и сестры. Я никогда не смогу так полюбить кого-то  как полюбил маму.

     Поэтому я хочу подойти к маме, крепко обнять и сказать «Спасибо, мама!».        

Тлеубаев Данияр   9 «Б» сынып окушысы                          

 

 

 

        Сочинение  о  маме.

Мама - это счастливое детство, это - чудо. Мама - душа и сердце семьи. Первое слово, которое произносит человек, слово, которое почти одинаково звучит на всех языках мира - это слово "мама". Ребёнок знакомится с музыкой, слушая мамины колыбельные песни. Это от неё, от своей родной матери, я впервые услышала самые светлые, прекрасные слова: «Родина», «Мир», «Труд», «Любовь».  Для меня мама - лучшая подруга, ей я рассказываю все свои тайны,  а она их надёжно хранит в своём сердце.  Мама - такой близкий человек, без которого жизнь немыслима. Я читала много прекрасных высказываний о маме многих писателей и поэтов. Но я не буду цитировать их, я хочу написать свои слова, сказать своими словами о моей маме.
Ты любовь материнскую нам отдала, 
Словно птица, от бед укрывала крылом. 
А теперь уже очередь наша настала, 
Помогать тебе, мамочка наша, во всем!

                                   5 «В»  сынып  оқушысы

                                  Искакова   Диляра

 

Сочинение  о  маме.

     В жизни каждого из нас существует самый близкий и незаменимый человек - это Мама. Все её хорошие качества перечислить невозможно: она заботливая, любящая, нежная, ласковая, чувствительная, всепрощающая, и этот список бесконечен. Мама - она Святая. Святая, потому что она дарует нам жизнь, растит, заботится, вкладывает в нас всю себя, ничего не прося взамен, она лишь хочет уважения и любви, а любовь к матери самая нежная, самая чистая, самая искренняя. 
Какое первое слово каждого ребёнка? Конечно же - Мама. Мама всегда поможет, она всегда подскажет, даст совет, наставит на верный путь своей любящей рукой; мама всегда поддержит, даже в самую трудную минуту, мамина поддержка важна как воздух, а главное, мама способна простить любую, даже очень страшную ошибку.
     А как заботится мама? Со всей теплотой и нежностью: когда ты совсем кроха, она следит за тобой каждое мгновение, чтоб не пропустить самых важных моментов. Когда ты капризничаешь или злишься, она старается успокоить своим нежным взглядом и улыбкой. А когда ты приносишь в дом хорошую новость, она радуется вместе с тобой и даже больше чем ты. 
    Говорить о маме можно бесконечно, но всё равно не рассказать, не передать всех чувств. Мать для каждого из нас - это и надежная защита, это и надежный приют, хранительница домашнего очага, верный талисман всей жизни.      

                        Темирболатова   Жадыра 

6 «Б» сынып  оқушысы

 

Шығарма.

Адам құқығы

                                                                                     Адам – ең жоғары құндылық.

Н. Назарбаев

«Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп  Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы.

     Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары  қорғалуына  дәлел де айтуға болады: ол - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Әр елде негізгі  заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін зандылықтар болуы керек.Қазақ елінде ерте заманнан бері хандар басқарып, оның ішінен Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы» сияқты заңдар  шығарған. Ал қазіргі таңда елімізде талай өзгерістер бар. Әуелі, адам құқығына байланысты Конституция бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы отызыншы тамызда референдумда бекітілген болатын.  

Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп айтқан: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы – табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құқығы мемлекеттік құқықтың мойындауынан тыс бола береді.  Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді».  Осы сөзден мынадай қорытынды туындайды: әрбір елдің адамы, азаматы өзінің құқығы мен міндетін білу қажет.

Менің пайымдауымша, кез келген азамат өз елінің құқығын білу қажет. Себебі заңдарды, құқықтарды, міндеттерді білген азамат, мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп, заңдарды орындайды.  Бірақ оның барлығын толық білу үшін, тек қана бойында жауапкершілік болғаны абзал.  Ата заңның баптарын жүректен өткізетін болса, сол адам өз құқығын дұрыс біліп, қорғай алмақ, қорғана алмақ!

                  8А- сынып оқушысы

Камарова Диана 

 

 

Шығарма.

Адамның құқығы- менің құқығым.

...Адам құқығы туралы айтқан кезде,

бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы

                                           өзара қатынасын айтамыз...

М.Новицкий.    

             Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап- ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатты көңіл бөлінуде. Соный айқын бір көрінісі – Конституциямыздың  бірінші бабында  адам құқықтары: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілді.

            Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпы адамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Ол – аса қымбат, баға жетпес, асыл мұра, оны құрметтеу,сақтау және қорғау-мемлекеттің...Жоқ! Әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын.Адам құқығын, оны қалай  қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтың тиімділігі туралы айтудың мән-мағынасы болмайды. Еліміздегі адам құқығын қорғау  өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде, әсіресе, жоғары деңгейде қарастырылатын құқықтың ең маңызды бір түрі – бала құқығы. Ал Елбасынша айтсақ,  бала – тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды  мүдделерін қорғау  Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының  басты бағыттарының бірі болып табылады.

          Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылдың жиырмасыншы қарашасында  Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Қазақстан Кеңес Одағы тарағаннан кейін алғашқылардың бірі болып,  мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы  осы конвенцияға  қосылды. Сол күннен бастап,  Бала құқығын қорғау өз күшіне енді. Бүгінгі таңда балалардың құқығы Қазақстат Республикасының Конституциясында «Бала құқығы» және «Білім беру» тармақтары айқын көрсетілген.

           «Адам құқығы» және «Азамат құқығы» деген ұғым бар. Бірақ, ол екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік бекітулерден, қандай да бір мемлекеттік қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүруі. Екіншіден, мәртебесі жоқ, яғни олар адам құқығының иегері болады. Міне, осылар жаңағы екі ұғымның ерекшеліктері болып табылады.

           Адам өмір сүруге құқылы, ал ол өз өмірін қиюға қақысы жоқ. Азат өмір сүруге құқылы. Ал заңның ала жібін аттағандар соттың үкімімен қамауға не тағы басқа жазамен жауапқа тартылады. Олай болған күнде де, тұтқындалушының сотқа шағымдануына құқығы бар. Осындай құқықтық заңдар  кез келген адамның, қандай болса да, құқығы бар екенін дәлелдейді. Заң алдында барлығымыз тең дәрежеліміз.

          Конституция – адам құқығының кепілі. Онда белгіленген құқықтар арнайы заң-

дармен жүзеге асады. Әрине, «Өткенді білмей, болашақты болжай алмайсың» дегн бар емес пе? Көшпелі тұрмыс кешкен халықтың бәрі бірдей әріп танымағанымен, олар дала заңына бас иген, бағынған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім хнның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» соның айғағы.

             Өткенді де естен шығармай, бүгінгіні бүгіп қалмай адамның құқығы заң жүзінді сақталуы үшін әрқайсымыздың толық қанды тырысқанымыз жөн деген ойдамын!

8А - сынып оқушысы

Жұмагелді Махаббат

 

 

Шығарма.

Адам құқығын білген жөн!

 Адам құқығы мен бостандығын

алдын ала қорғау керек.

Н.Ә. Назарбаев.

        Қазақстан Республикасында,  басқа шет елдерде болсын, адамдардың азаматтық құқықтары болады. «Құқық» деген сөздің мағынасынан–ақ   тәуелсіз болу деп ұғуға болады.   Жеке – дара азаматтың мінез-құлқы, іс-әрекеті, болмысы, өмірге болсын әрбір нәрсеге көзқарасы, ой талқысы- құқықты қалыптастырады. Себебі, адамның осы іс-әрекеттері құқыққа негізделген. Егер адамның құқығы қорғалса, тәуелсіз болса, онда ол адам өзіне лайық өмір сүре алады. Әрбір азамат оқуға, жұмыс істеуге, өз туған елінде өмір сүруге құқылы.

       Өз туған елінде өмір сүретін әрбір азамат, мемлекеттің заңды құқықтарын пайдаланады, есесіне, өзіне тапсырылатын міндеттерді орындайды, сондықтан да оның құқығы заң жүзінде қорғалып отырады. Адамның өз елінде тұруы – оның табиғи құқығы, және де оны ешкім бұза алмайды. Яғни, азаматты өзі туып – өскен жерінен аластатуға, қууға болмайды. Себебі, бұл мемлекет заңдарының бірі болып табылады.

   Біз, әрбіреуіміз, мемлекет шығарған заңдарға бағынуымыз керек. Бұл – біздің болашағымыз үшін де, бүгінгіміз үшін де өте маңызды.

   Біздің заманымызға дейінгі кездерде адамдардың, яғни қарапайым жұртшылықтың құқытары қорғалмай қалатын. Ал қазіргі таңда құқық мәселесі ең жауапты мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, бүгінгі күнде еліміздің барлық азаматтарының құқықтары қорғалады. Құқық әр адамда тең дәрежеде болады. Себебі біз, оқушылар, білім аламыз, мамандық таңдаймыз, кейін мемлекет міндеттерін атқарамыз, еліміздің өркендеуне өз үлесімізді қосамыз, осыған байланысты тиесілі нәрсемізді аламыз. Осының барлығы біздің құқығымыз.

      Менің ойымша, адамның туған күнінен бастап, ер жеткенге дейінгі жасаған іс-әрекеті оның құқығын қалыптастырады. Осы айтқан мәселеленің барлығы, адамның тең құқықтығын тағы бір мәрте түсіндіреді.

              Біздің құқығымызды Конституция қорғайды. Ол мемлекет заңдарының, соның ішінде адам құқығы заңының  негізгі қайнар көзі екені баршамызға мәлім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі туралы конституциялық заң он алтыншы  желтоқсанда қабылданды.  Сол уақыттан бері біздің Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дара мемлекет болып, өз еркінше өмір сүре бастады. Міне, дәл сол уақыттан бастап, әрбір қазақстандықтың құқығы қорғалып келеді.

            Кішкентай баланың дұрыс адам болуы үшін, оны жастайынан-ақ дұрыс тәрбиелеп, білім беру керек. Дәл сол сияқты біздің қозғап отырған құқық мәселесі де осындай...

       Адамдардың бір-біріне зорлық – зомбылық жасауға құқығы жоқ. Сондықтан, заңдар шығарылады, үкімет керекті іс-шаралар қолданады, нәтижесінде, құқық қорғалады. Сол себепті адам құқығын білген жөн! Неге десеңіз, адам бостандығының кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы.             

8А-сынып оқушысы

                                     Ахметбек Әсия

 

№25 жалпы орта білім беру мектебі

 

                                                 «Қаламгер» газетінің

«Іңкәр сезімнен шыққан сөз»  бөлімінде жарияланатын оқушылар шығармашылығы

«Базарлы бала күндерім» тақырыбы бойынша:

                                     «Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

                                                Бақыт деген -  сенің бала күндерің,

                                                Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

                                                Бақыттың да, басқасын да білмеуің

                                                Бақытсыз –ақ ойнағаның, күлгенің...

                                                                                  М. Мақатаев.

 

 Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,

Анамның тілін аламын.

Еден менен ыдысты,

Өзім жуып қоямын.

 

Анамменен кешкі асты,

Әзірлейміз біз дәмді.

Әкем айтса  алғысты,

Тындырамын бар істі.

 

Киімімді жуамын,

Ілгішке іліп қоямын.

Бөлмемдегі заттарды

Өз орнына қоямын.

 

Көмектесу анаға

Міндет болар балаға.

Бос уақытта анаңа

Көмегіңді аяма.

                                      5 «ғ» сынып оқушысы,

                                       Нұрмұхамбетова Ф.

 

          Бақытты шақ

Балалық кезде  бақытты

Өсуге неге асықтым?..

Түсінбей, сірә, бақытты,

Сондықтан да асықтым.

 

Балалық күнің базарлы,

Болмайтын еш азабы.

Ең бастысы, баланың,

Көңілі таза болады.

 

Балалық күнің бақытты,

Бағаласаң, сол сәтті.

Таба алмассың өмірден

Бала күнгі бақытты.

    9 «ә» сынып оқушысы,

Жақышова Әсем.

 

            Егіз ұғым

Түсінбейсің бала кезде бақытты,

Бола тұра сол бір сәтте бақытты.

Есейгенде қиын емес түсіну,

Бақытты боп бала күнің  өтіпті.

 

Екі ұғым мәндес екен өмірде.

Тоғысатын балалық ақ көңілде.

Бір әріппен басталған соң екеуі,

Қол ұстасып жүреді екен мәңгі де.

                                                                                              9 «ә» сынып оқушысы,

                                                                                               Құлыбай Мадина.

 

   Балалық шақ

Мөлдір бұлақ суындай,

Менің бала – бал шағым.

Құйып өткен жауындай,

Нағыз қызық – гүл шағым.

Балалық шақ базарын,

Қатты қадір тұтамын.

Мініп талап тұлпарын,

Алға қадам басамын.

       5 «б» сынып оқушысы,

      Белқожанова Зарина.

 

Балалық  деген – тазалық.

Балалық деген – тазалық.

Ойламайтын жамандық.

Өтірік пен жалғанды

Жасырмайтын адалдық.

Алдағанға көнетін,

Айтқаныңа сенетін,

Бала деген – айна ғой,

Турасын айта беретін.

Балалық деген – пәктік қой,

«Періште» деп те айттық қой.

Сол бейнесі сақталып,

Өмір бойы  қалса  ғой.

                                                                                                 6 «б» сынып оқушысы

                                                 Темірболатова Жадыра.

 

 

Қыс күні

  Кез еді демалыс,

     Қыс күні дала қар.

      «Кел» десіп алаңға,

        Жиналдық балалар.

 

Қар ата жасадық,

       Шанамен жарыстық.

       Күш-қайрат сынасып,

   Күрестік, алыстық.

 

      Бұрқырап буымыз,

Бетіміз алаулап.

        Түлкідей құлпырдық,

       Ұнады қарлы аймақ.

Құсанова Ақсұлу

7 - «ә»сынып оқушысы.

 

 

Қыс қызығы

         Қыс қандай көрікті десеңші! Аппақ қар жапалақтап жер бетін жауып тастайды. Ашық ауа, сұлу табиғат адам көңілін көтереді. Жаныңа ерекше бақыт сыйлайды. Көше бойындағы ағаштарға қар қылаулап, әдемі көрініс тауып, қыс сұлулығын одан әрі асыра түсіруде. Міне, осындай тамаша табиғат аясында балалар қалың киініп, сыртқа  шығып, сырғанақ тебеді. Ақ маржандай жалт-жұлт етіп, жылтырап жатқан қарды бір-біріне шашып, қуаласып ойнайды. Балалар бірлесе жүріп аққала жасап, оның басына шелек кигізіп, қолына күрек пен сыпырғыш ұстатып, есік алдына орналастырады.

      Әркім қыс мезгілін өзінше қарсы алып, кереметтей көңіл-күймен шығарып салады.

        Аппақ-апппақ, жапалақтап жауды қар,

Шаңғы теуіп, қуанышты балалар.

Аппақ қала, аппақ әлем, жер дүние,

Қар жамылды дала менен қалалар.

Темірболат Айнұр

            7 «а»- сынып оқушысы.

Жинастырған: Жанғабылова Н.Е.

 

 

Көк Байрақ көтерген 20 жыл

    Мен бақыттымын...   Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын.  Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!

     Биыл көк байрағын көтерген тәуелсіздікке 20 жыл. Жиырма жылда еліміз дамып, еңсесін көтеріп, басқа елдермен терезесі теңелді. Халық болып, ел болып  Ата Заңымыз қабылданды. Аспан түстес Туымыз, халықты елдікке , бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.  Қастерлі де қасиетті тіліміз бар. Осының бәрі – Тәуелсіздігіміздің айғағы, биік шыңы.

   Асқарлы биік таулар, мөлдір таза бүлақтар, кең жайлау, жұпар иісті ауасы  бейбіт өмірімізге әсем көрік беріп тұрғандай. Міне,  мен осындай заңғар биік, достығы мызғымас берік Туған жерімді сүйемін!

                         Туған жерім –Қазақстан,

                         Тәуелсіздігі жарасқан,

                         Көк байрағы желбіреп,

                         Көк аспанға ұқсасқан.

 

                         Түрлі елдер достасқан,

                         Еңсесі биік Қазақстан!

                         Құтты болсын елдігің,

                         Тәуелсіз біздің Қазақстан!

                       

                                                        3 «ғ» сынып оқушысы

                                                         Рахимжанова Аяжан.

 

 

Ел тәуелсіздігіне – 20 жыл

        Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуіндеүлкен мағынажатыр. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.
Қазақ елі бір тудың астына жиылып, біртұтас ел болуды армандаған казақ елінің ұлы ұлдары Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Әлейхаң Бөкейхановтар және тағы басқалар бар еді. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі аспай қалғанымен, ұлттық сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің болуы мен өркениеті ел қатарына қосылуын қалады.
Қазақ халқы не көрмеді? Өткен ғасырдың басында саны 1,5 млн-дай Қытай, Ауғанстан, Түркия шекара асты. 1928-1955 жылдары зиялылар репрессияға ұшырады. Қазақстың саны үш есеге дейін кеміп, 1 млн-ға дейін азайды. Одал қалды Ұлы Отан Соғысы жылдары 700 мыңдайы өз еліне оралмады.
Адамзаттың жылдар бойы даму тарихында жер үшін, тәуелсіздік болған қантөгіс соғыстар көп болды. Соның нәтижесінде талай мемлекекеттің аумағында әлем картасына түзетулер енгені белгілі. XX ғасырдың соңында әлем картасы тағыда өзгеріске түсті. Оған алып империя ҚСРО-ның күйреуі себеп болы, осы қираған жұртта тәуелсіз жаңа 15 мемлекет орнады. Солардың бірі Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстан Республикасы Қазақстан компартиясының орталық комитетінің V пленумында соншама қысқа, бар болғаны 18 минуттың ішінде Д.А. Қонаевты орнынан алу мәселесі шешіліп, оның орнына бұрын-сонды Қазақстанда қызмет атқармаған және республика тұрғындарының көпшілігіне беймәлім Г.В. Колбин сайланды. Орталықтың бұндай басшылығын қазақ халқы 1927-1937 жылдары елбасына бұратана елдің адамын басшылыққа алып келсе қалай болатының және қандай күйді басымыздан өткізіп, барымыздан айырылғанымыз ұмытылмаған еді. 1986 жылы 16 желтоқсан күні алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек республиканың басқа да қалаларын қамтыды. 1986 жылы 16 желтоқсандағы тәуелсіздік үшін өздерінің жас өмірлерін «Еркек тоқты құрбандық» деп қиған Қайрат ұлдарын, Ләззат сынды қыздарын, қаншама жазықсыз жапа шегіп, өмірлерін қиған ұл-қыздарын сот жылдарды құрбан болған жастарды жиі еске алып, арамызда жүргендерге, рахмет десек артық болмас еді.
Бұрынғы өткен заманда бабамыз Абылай армандаған қазақтың сарыарқадай сайын даласының Есіл жағасына ел қондырсам деп еді, елімді – жерімді біртұтас жүз жүзге бөлінбейтін мемлекетке айналдырсам деген арманай, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүз жүзге бөліндірмек тұрмақ, 130-дан астам ұлтты ұйыған айрандай бірлікпен жүзеге асырып, мемлекетімізді бейбітшілікте басқарып отры. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі.
Бұл «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді.

 

               Павлдодар қаласы

№25 ЖОМ 9 «а» сынып оқушысы:

Қаршыгинова Шынар

Жинақтаушы мұғалім: А.М. Сүлеев

 

 

Тәуелсіз Қазақстан!

«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға

 тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі

жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы

қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген

заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге

 ешкім күмән келтірмеуі тиіс»

Елбасы Н.Ә .Назарбаев

  Тәуелсіздік күні ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылуын көрсетеді. Осы 20 жыл ішінде Қазақстан көптеген жетістіктер жасап, алға басты. Қазір біздің өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз, ата – заңымыз, мемлекеттік валютамыз және Қазақ елінің әдемі қалаларының өсуімен қатар, дүниге біздің Астанамыз дүниге келді. Осыған жету үшін қазақтың көптген ержүрек батырларымыз өз өмірін Қазақстан тәуелсіздігі үшін қыйды. Алащ партиясының улы қоғам қайраткерлерінің тәлсіздікті алу қолынан келмеседе, 1991 жылы солардын жолын қуып көптеген қазақ жастары көтеріліске шығып,  көп жылдар бойы аңсап жүрген мақсаттарына жетті. Олардын жасаған бұл жақсылықтары ещқашан ұмытылмайды, өйткені біздің қазіргі бейбітшілік өміріміз солардың арқасында.

 

         Қазір Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елде қызу өмір жүріп жатыр. 20 жыл бұрын болған қызыл қырғын көтерілісті артқа тастап, бізге осы тәуелсіздікке жеткізген адамдарды ұмытпай туған жерімізді одан сайын жақсартып, қаламызды одан сайын көркемдетуіміз керек.

         Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

         Мен өзім Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін тусам да, Қазақ халқының бұл өмірге қалай жеткеннін білемін, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес» халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.

         Қазақстан – біздің ата – бабамыздың мекендеген жері.Қазақстан тек қана өзінің кен байтақ, көркем далаларымен ғана емес, ең алдымен халқымызда сан түрлі нәсілдердін тұруымен еркшеленеді.

         . Туған жерімізді, тұғыры биік Қазақстанды қазіргі тұрған мақтануға боларлық беделден де жоғары етіп, еліміздін берекесін қашырмай, қалаларын жайнатып, сүйіп, аялап, барлық өмірімізді туған жерге арнап, болашақ ұрпағымыздын қамын ойлауымыз керек. Қазақ халқының шайқасып, қанын төгіп алған тәуелсіздігінің жоғалмауы біздің қолымызда!

Орындаған: №25 ЖОМ 9 « а»    сынып оқушысы Букурова Алия

Жинақтаған мұғалім: А.М. Сүлеев

 

Тәуелсіздік – ел тұғыры

 

Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... Еліміздін тәуельсіздігін ансаған апа-ағаларымыз баршылық. Олар – туған ел үшін  жан аямай оны қорғап біздің жүрегімізде өшпес ес қалдырған. 

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

   Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.

  Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

  Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

Павлодар қаласы

№25 ЖОМ  «б» сынып  оқушысы

Қайрахметов Рустам

Жинақтаған мұғалім: А.М. Сүлеев

 

 

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларының

«Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыпқа жазған шығармашылық жұмыстары

 

Менің Отаным – Қазақстан

          Жазғы таң. Алтын арай нұрын шашып көкжиектен күннің көзі жаңада  көтеріліп келеді. Мен күндегіден әлдеқайда ерте тұрдым. Оразамды ашпастан қолыма дүрбімді алдым да, тауға қарай бет алдым.

         Міне, мен тау басында отырмын. Дүрбімді алып, жан-жағыма көз сала бастадым. Шіркін, неткен ғажап!  Оңтүстікте кең, жазиралы жазық дала. Бұл жердің құнарлы топырағында өскен түрлі дәрілік шөптер, жусан иісі таңғы самал желмен мұрныңа келеді. Осындай жерді мекен еткен аң-құстар қаншама?! Әне, қалың шөптің арасынан лағын еріткен елік те көзге еріксіз түсті. Таудан жылыстай аққан бұлаққа қарай аяңдай басып келеді. Осы жерді көптен бері мекен етіп келе жатқаны білініп-ақ тұр. Асықпайды, үрікпейді. Себебі, бұл жерде оларға ешкім қиянат жасамайтындығын сезеді.

        Жайлап дүрбімді солтүстікке қарай бұрдым. Жайшылықта жеткізбейтін әсем қала қол созым жерде тұрғандай. Бұл қалаға аяқ бассаң, ертегілер әлеміне енгендей сезімге бөленесің. Мына жақ басынан ана жақ басы көрінбейтін ұзын-ұзын, түп-түзу көшелер. Көше бойы сән түзеген биік-биік үйлер, әсем ғимараттар, түрлі-түрлі атаулары есіңде қалмас мекемелер, ғажайып демалыс бақтары, театрлар мен  кітапханалар, дүкендер. Жол жиегіне егілген десте гүлдері. Осының бәрі бірінен соң бірі сенің көз жауыңды алып, өзіне қол бұлғап тұрғандай көрінеді.

           Шығыстағы айнадай жарқырап жатқан айдын-шалқар көлді айтсаңшы! Маңайы бір құс базары дерсің. Үнемі өзді-өзді мекендерін бөлісіп, айналаны әсем құс әніне бөлеп, у-шу боп жатқандары! Керемет!

         Туған жерімнің әсем табиғатын тамашалап біраз уақыт отырып қалыппын. Егеменді елімнің тамаша табиғаты мені еліктіргені сонша, түс ауып кеткенін де сезбеппін. Енді ақырын тау шатқалынан төмен түсіп, үйге қарай бет алдым. Арайлап атқан таңмен таласа тамашасына кенелген бұл жер менің жерім, менің мекенім болғанына қуанып келемін. Бұл  - кеше ғана тәуелсіздігін қолына алып, аяғын қалт-құлт басқан сәбидей, болашағын берік құруға белін бекем буған менің елім. Бұл - құрылғанына жиырма жыл толған, өзге елдерге өзін мойындата алған, білімі нық, қойнауы қазынаға толы менің жерім. Бұл –  кіндігім кесіліп, кіндік қаным тамған менің Отаным. Менің көңілімді ерекше сезімге бөлеп, қуанышымды қойныма сыйдырмаған осы сезім де : «Менің Отаным – Қазақстан» деп бүкіл әлемге жар сала, кеудемді керіп, мақтана айта алуыма болатынына көзімді жеткізді. Ендеше мен қай жер де жүрсем де, қандай жағдайда жүрсем де: «Менің Отаным – Қазақстан» деп мақтанышпен айта аламын және айтып жүремін.

Майданов Ернұр,

4 «ә»сынып оқушысы.

 

Менің Отаным –Қазақстан

                Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Мен тәуелсіз мемлекетімді жақсы көремін. Қазақстан өте әдемі және табиғатқа бай. Мен туған елімнен басқа мемлекетке кетсем,туған жерімді, үйімді сағынамын.

                Біздің тәуелсіз еліміз үшін көптеген қазақ батырлары жаулармен күресті. Жаулармен күрескен батырлар олар: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Олжабай.

              Менің туған елім Қазақстанның қалалары өте әдемі. Ал, Астананың әдемілігі шексіз. Астанада көптеген театрлар, кинотеатрлар бар. Олар өте кең және әдемі. Ал, Астананың биік үйлерін айтсаңшы... Бәйтеректің биіктігін қарашы...

           Мен туған еліме тілейтінім: ешқашан соғыс болмасын,жас ұрпақ көбейе берсін, табиғаты өркейе берсін,жұпар иісті гүлдері жайқала берсін, ашық аспан, мол бақыт.

            Мен Отанымды не үшін сүйемін?  Мен Отанымды жайқалған гүлдері, әсем, биік үйлері, таза ауасы, кең жазық даласы үшін сүйемін.

              Мен Павлодар қаласында тудым. Біздің Павлодар қаламыз өте әдемі. Ескерткіш де өте көп.

Мен Отанымды мақтан етіп, сүйемін!

Дюсембаев Дастан

4 «Ә»сынып

 

Отаным

Бізге әсем табиғатын сыйлаған,

Жазық дала, кең жерімен қуантқан.

Бақытымыз осы шығар, жан Отан,

Жүзімізге шуақ болып жарасқан.

 

Емін-еркін еркін елде жүрміз біз,

Тәуелсіздік тұғырын көтереміз.

Туып өскен Қазақстан еліміз,

Отанымыз екенін біз білеміз.

 

Сипаттасам жерімнің көркемдігін,

Тауысуға сөз жетпейді білемін.

Ауаң таза, суың мол, жерің бай,

Шөбің  шүйгін, аспаның ашық сенің .

                                  

Енді келсек тілімізге,  ол да бай,

Қазақ деген атына сай маржандай

Ойымды айтып, пікір қосып әр уақыт

Сөйлеймін мен туған тілде  ұялмай.

 

Алтын бесік  туған жерім – Қазақстан,

Арналады тек өзіңе жыр-дастан.

Жырақ кетсем Отанымнан бір сәтке,

Аңсап сені, сағат сайын сағынам.

 

Жапарбекова Адина

6 «ә» сынып

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

  Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Мақал

        Міне, Қазақстан мемлекетінің егемендік алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл егемендік бізге оңайлықпен келмегені тарихтан белгілі. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген тәуелсіздіктің құны бізге қымбат. Қасірет пен қайғыны артқа тастап, халықты алаңсыз күндерге жеткізген осы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасы президентіміз Н.Н.Әбішұлының бастауымен көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

      Көптеген қала, ауылдарды аяғынан тік тұрғызып, аурухана, мектеп, мәдениет үйлерін салумен қатар білім белестерін, спорт асуларын, өнер шыңдарын мойындата отырып көптеген шет елдерге танымал болды.

      Отанымыздың басты қаласы – Астана қаласы. Астана – армандарға толы қала. Онда Бәтерек, Ақ мешіт, Президент үйі сияқты ірі-ірі, алыстан көз тартарлық ғимараттар, ойын-сауық  орталықтары, ғажайып демалыс орындары жетерлік.

              «Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

              Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

     Мен оның қасиетті тілін сүйем,

     Мен оның құдіретті үнін сүйем.

       Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

            Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

                Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

        Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан!

     Бәрінен биік екен

       Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!» - деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, Отан бәрінен биік! Біз оны мәңгілікке есте сақтап, қастерлеп өтуіміз керек.

         Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Баймұрын Мадина

7 «а» сынып

Менің Отаным – Қазақстан

     «Тәуелсіздік -  бізге тағдырдың кездейсоқ бере салған сыйы емес, қайғысыз-мұңсыз төңкерістің тартуы емес, мың өліп, мың тіріліп жүріп терген жемісіміз», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қарнымыздың тоқ, уайым-қайғымыздың жоқ болуы – білекті батырларымыз бен жүректі аға-апаларымыздың арқасы. Қазіргі таңда тәуелсіз және егемен ел екенімізді білдіретін Елтаңба, Ту, Әнұранымыз бар. Қазақ ұлты екендігімізді білдіретін қазақ тіліміз бар.  Өзге елдермен тереземіз тең, босағамыз берік. Экономикамыз да қарқынды дамыған.

      Қазақстан көп ұлтты ел. Оның құшағы кең әрі ыстық болғандықтан ешкімді де жатсынбайды. «Татулық – табылмас бақыт» екендігін әрдайым есте ұстайтын халық ынтымақпен, бірлікпен бір шаңырақ астында, бір үйдің ағайынды балаларындай тату-тәтті тіршілік етуде. Бұл қазақ халқының қонақжай халық екендігінің бір белгісі.

              Қазақстанның қалалары, оның әрбір көшелері күннен-күнге көркеюде. Қазақстанның қазіргі таңдағы беделі жаман емес. Білім, өнер, спорттан Қазақстан дүние жүзіне біршама танымал. Дәл қазіргі кездегі Қазақстанның алға ұмтылысы да адамның мерейін өсіреді.

          Егемендігін алғанына жиырма жыл ғана толған жас Отанымның   күн өткен сайын жан-жақты дамып, көркейіп келе жатқанына қуанамын. Мен ауыз толтырып мақтауға тұрарлық, мақтана аларлық мемлекет – Қазақстанда туғанымды мақтан етемін.

 

Құсанова Ақсұлу

7 «ә» сынып

Қазақ елі – жарқын болашақ

 

Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,

                 Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.

Тарихты терең үңіліп еске аламыз,

           Ғұлама жылдар судыратқанда парағын.

        

         Тәуелсіз 20 жыл сыйласын елге ғажабын,

            Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.

     Сапалы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,

           Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!

          Өзіңе бүгін, толқытып жырды жазамын.

     Иә, биыл тәуелсіз Қазақстан Республикасына 20 жыл!  Сол үшін де биылғы жыл – ерекше жыл.  Оның ерекшелігі «Тәуелсіз» деген қасиетті сөзде. Ғасырлар бойы қазақ халқы аңсаған еркіндік, өзін-өзі билеу,өзінің ұлттық, халықтық сана-сезімі, салт-дәстүрі, тарихы, діні қалайша қасиетті болмайды?!

    Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес тарихы да, оның қаһармандарының есімдері де қасиетті.  Сол арман күні күні кешеге дейін жалғасып, жиырма жыл бұрын бақыт құсындай қолымызға қонды.

     Бүгінгі таңда бізді әлемнің көптеген елдері тәуелсіз ел деп танып отыр. Осының бәрі – біз үшін үлкен жетістік.

    Міне, біздер – жер-ананың төсінде болашақтың ғажайып сәулелі күндеріне ұмтыылған қазақстандықтарымыз.

    Елдік пен ерендік үшін күресу – егеменді елдің ертеңі жас ұрпақтың міндеті.

Елдігі үшін қазағым көпті жайратты,

Ұмытпас мәңгі қайсарлы ұлын қайратты.

Тұғырлы болып, Туымен терең жасасын,

Болсыншы елім Әнұраныменен айбатты,-

дегім келеді.

Майданов Бағлан

6 «ә» сынып

 

Жинактаған: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:

Н.Е.Жанғабылова

 

 

 

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің  оқушыларының

«Ана – ардақты жан» атты тақырыпта жазған шығармашылық жұмыстары

 

Ана – ардақты жан

  Мәпелеп мені ертеден,

 Уатқан мені бесіктен.

Аяулы менің анашым,

     Сағынам сені неліктен?!

      Көргенімде қуанам,

          Қуаныштан жылаған.

       Аяулы менің анашым,

        Әрқашан сені аңсаған.

        Ардақты менің анашым,

     Жылағанда жұбатқан.

 Аяулы менің анашым,

   Көңілңмді жайнатқан.

 

Бакенова Торғын

7«а»-сынып

Ана

         Ана деген – ардақты жан,

        «Сүйем» деймін мен саған.

 Ана деген – аяулы жан,

            Қамқоршы болдың сен маған.

 Алғаш тілім шыққанда,

«Ана» дедім мен саған.

 

Дүйсен Алдияр

«а»-сынып

 

Ана – ардақты жан

         Ана – жүрек, жүректі құдіретте,

        Ана – тірек, тіректі құрметте, - деп жырлағым келеді.

        Ана деген – жан жылытар сөз. Ол сөзді естігенде көз алдыңа ең нәзік, ең қымбатты жан елестейді. Дүниеге шыр етіп келгеннен сен анаңның қасында боласың. Қай сәтте де  сенің естігің келіп тұрған сөзді саған айтатын - анаң. Оның әр сөзін жүрегіңде сақтайсың. Ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Кез келген адамның әдептілігі мен жандүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

       Адам «адам» болғысы келсе, алдымен анасын қастерлей білуі тиіс. Әр адам өз анасын жақсы көреді. Анасына деген махаббатын өлең жолдары, қымбат сыйлықтар сыйлау, нәзік сөздер арқылы жеткізгісі келеді.

       Мен де мені дүниеге әкелген анамды өте жақсы көремін. Оның әрбір берген ақылы, аялы алақанының жылуы менің жүрегімде мәңгі сақталмақ. «Ана көрген тон пішер» демекші, мен анамнан үйренгендерімді еш уақыт жанымнан шығармай, оның мені тәрбиелеудегі игі істерін өз өмірімнің ұстанымы ретінде керегіме жаратамын.

     Перзенті үшін  керек болса жанын қиюға әзір тұрар орны биік аналар  әрқашан құрмет пен сыйға бөлене берсін.

     

Камалова Аңсаған

«в»-сынып

  

Жинақтаған: қазақ тілі мен әдебиет

мұғалімі Н.Е.Жанғабылова

 

Абай атаға

Ұлы ақыны халқымның – Абай деген,

Ұрпағының, елінің қамын жеген.

Ұлағатты ой толы өлеңдері

Қаншама адамдарға тәлім берген.

 

Әрдайым үлгі аламыз сөздерінен,

Ұрпақ үшін шығарған шын жүректен.

Ешқашан ұмытпаймыз ұлы ақынды,

Орын беріп тек қана биіктерден.

№25 ЖОМ

7 «а»-сынып оқушысы

Баймұрын Мадина

 

Абай шығармаларының ұлылығы

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату бол шын көңілден,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз, - деп жырлапты ақын Абай Құнанбайұлы. Осы өсиетке лайық болуымыз керек. Ал біз қаншалықты кеңпейіл, қонақжай, бауырмал халық атансақ та кейбір олқы мінездеріміз де белең алып қалатыны бар. Жуырда көрші әжеге қолғабыс етуге  барып қамығып айтқан әңгімесін естідім. Қысқаша мазмұны мынадай:

   Мейірмн ана жастау кезінен бауырларына көп көмектеседі. Жолдасының мінезі қаталдау болса да бірде көрсетіп, бірде көрсетпей, сан түрлі жақсылықтар жасайды. Бүгінде сол бауырлары болып-толған бір-бір үй көрінеді. Бірақ кешегі қамқоршылары қазіргі жасы ұлғайған әжені мүлдем ескерусіз қалдырған. Ең болмаса жылына бір келетін 8 наурызда, не қысқы соғымда елемейтіндеріне кәдімгідей өкпелі. Бұл жайлы ойламас  та еді, егер көрші үйдегі замандасының бауырларынан көрген сый-құрметін жыр қып айтпаса.Бергендерін алдына жайып, мақтанбаса.

     Сонда мен әжені қалай  жұбатты дейсіз ғой? Былай:

Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты.

Әрине, бұл – менің емес, ұлы Абайдың осындай күйзелістен туған жыры. Сонда әженің: «Абай марқұмға құран бағыштайыншы» дегені есімнен кетпейді.

       Абай Құнанбайұлының шығармаларының адамның өміріне  әсер етерліктей, қаншама ғибрат, қаншама тәлім-тәрбиеге тұнып тұрғандығын сөзбен жеткізу қиын.  Ойыңа ой қосып, ренжігенді жұбатар, тасынғанға тосқауыл болар ақын жырлары оқушы қауымын емес, қарт адамдарымызға да түрлі ой салып, ойын қозғаса, бұл – оның жырларының құдіреттілігі. Осындай ұлы Абайымыз бар біз, қазақ халқы онымен мақтанамыз, оны мәңгі мақтан тұтамыз.

№ 25 ЖОМ,

7 «ә»-сынып оқушысы

Ахмет Айзере

Жинақтаған: Н.Е.Жанғабылова

 

 

«Қамқорлық» акциясы аясында

8 a-сынып оқушыларының

« Кемтар балаларға сауықтыруға арналған облыстық орталыққа» барғаннан кейінгі ойлары

Сынып жетекшісі: Төлеубаева Ж.Д.

 «Қамқорлық» акциясының өтіп жатқанына орай, біз8 А -  сынып оқушылары,  14  қыркүйек күні  сынып жетекшіміз Жанна Дәрібайқызымен облыстық реабелитациялық орталыққа бардық. Сол орталықта  кемтар балаларға шағын концерт қойдық.  Қыздар би билеп, ән айтты. Ұлдар КВН ойнап, бит бокс өнерін көрсетті. Балалардың көңілдері аз болса да көтеріліп қалды.  Біз оларға сыйлықтар бердік. Соңында олар бізбен би биледі.  Балалардың  мүмкіншіліктері денсаулықтарына байланысты шектеулі,  олардың соған да қарамайтырысатыны қуантты.  Осыны мен өзіме сабақ ретінде алдым.

                                                                         Дюсембек Айсана

 

   Жанна Дәрібайқызының жетекшілігімен  8А – сыныбының оқушылары кеше  әр түрлі жастағы балалар оқу-тәрбие алып жатқан орталыққа бардық. Олар билеп, ән айта алады. Ондағы кемтар   балалардың  билу арқылы өмірге деген құштарлықтарын көргенде  біздің мұғалім  мен балалардың көздеріне жас келді. Біз жылап жіберуге аз қалдық. Біздің балалар өз өнерлерін көрсетті. Оларға өте ұнады деп ойлаймын. Біз оларға сыйлық бердік. Олар мәз болды. Сол жерге бізді апарғаны үшін менің Жанна Дәрібайқызына алғысым шексіз!

                                                                             Мадинов Қасиет

 

     Өмір- аса қымбат құндылықтардың бірі.  Себебі біз өмірге келмесек, біз өмірдің қуанышын, ләзәтін, махаббатын, жұбанышын көрмеуші едік. Өмірдің қызығына толық қанды араласа алмай жүргендер  қаншама. Біз бүгін  кемтар балаларға арналған орталыққа бардық. Менің ойымша, сыныптағы балалардың жүрегі бір мезетке тоқтап, ойланып қалды деп ойлаймын.  Өмір неткен  ғажап, әр адамдар әр түрлі. Біз сол орталыққа барғанда мен соны байқадым. Бұл өте аянышты көрініс болды. Мен әр адамға сондай тағдыр тілеймін. Осыны өзінің жетекшілігі тарапынан нақты ұқтырған Жанна Дәрібайқызына рахмет!!!

                                                                          Бейсенов Тамерлан

      Он төртінші қыркүйек күні біз сыныбымызбен бірге облыстық орталыққа барып келдік.  Сонда мүмкіндіктері шектелген балаларға концерт қойып, сыйлық бердік. Шіркін, осы балалардың көңілін көтеріп, ойнатудың өзі бір ғанибет екен. Балалардың күлгені, бізге қарап алғыстарын айтқаны көзімнің алдынан кетер емес. Сол кезде уақыттың өткенін де байқамай, балалардың қасынан бір елі ажырағың келмейді екен. Осы орталыққа барғаннан кейін өмірге, оқуға деген құштарлығым одан әрі өсті. Менің ойымша, біз осы орталыққа енді жиі барып отырамыз. Себебі оқушылар барып келгеннен кейін өмірімдегі әрбір нәрсеге көзқарастарының өзгергеніне сенемін.Бір-бірімізге қамқор болайық Мұғалімге рахмет айтамын.

                                                                      Кужамбаева Әсемгүл

14.09.11 күні  8 а сынып оқушылары облыстық кемтар балалар үйіне бардық. Барған мақсатымыз ол балалардың көңілдерін көтеріп, жүректеріне жылу ұялату еді. Ән айтып, би билегенде балалар тура бірсыпыра қуанып, көңілдері көтеріліп қалды. Сол балалар қуанғанда, бізбен бірге билеп, ән айтқанда көзіміз жасаурап қалды. Аз да болса, әрбіреуіміз  кішігірім сыйлық сыйладық. Ол балаларға қарасам, жүрегім езіліп, ішім удай ашиды. Осындай жағдайларын көрген соң өмірге, сабаққа деген құштарлығым арта түсті. Шіркін! Бұл балалардың күлкілері мен қуаныштарына не жетсін?! Адамзат атаулыны амқорлыққа шақырамын!

Қантай Меруерт.

 

  Біз 8 а оқушылары кем тар балалардың сауықтыру орталығына он төртінші қыркүйек күні бардық. Сонда барып, концерт қойдық. Ән айттық, би биледік, көңіл көтеретін әзіл айтып, битбокс көрсеттік.  Тәрбиешілермен, балалармен фотоға түстік. Осы балалар би билеп жатқанда көз жасымды әрең ұстадым. Менің ойымша, әрбір адам осыны көргенде ой- пікірсіз қалмауы мүмкін емес. Қолы- аяғы бар адам осыны түсіну керек деп ойлаймын. Мұғалімге рахмет!

                                                                                                             Камарова Диана.

 

    Біздің сыныбымыз әр түрлі іс- шараларға қатысуға тырысады. Осы апта қамқорлық аптасы болған соң, біз мүгедек балаларға арналған орталыққа бардық. Сыныптағы оқушылар сыйлықтарды үйден әкеліп немесе сатып алып, балаларға бердік. Концерт қойдық. Балалардың қуанғаны соншалық орындықтан тұрып, «Қаражорға» биін биледі. Аяқтары ауру, тілдері сөйлемейтін балалар да қолмен шапалақтап, күліп, көңілдері көтерілді. Бірақ ең алдында балаларды көргенде көңілім түсіп, көзімде жас толғанымен, балаларға қарап жымиюға тырыстым. Оларды бізден кем деп ойламаймын, себебі олар да би билеп, ән айтып, көріністерді ұғады. Денсаулықтары болса екен ! Қазірден  «Өз денсаулықты сақтауымыз керек» деп ойға келдім.

ЖүсіповаЖұлдыз.  

 

«Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылығы» атты

өткен тәрбие сағаты бойынша 8А- сынып оқушыларының ой – пікірлері

Сынып жетекшісі:

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

Бейбітшілік – шартымыз,

Қорғайды оны халқымыз.

Басқыншылық соғысқа,

Әр уақытта қарсымыз! –

дегендей, әр халықтың адамы  бейбітшілікті  сақтауға үлес қосу керек. Бүгінгі тәрбие сағатында қозғаған  мәселеміз орынды, неге десеңіз,  бейбітшіліктің адам өмірі үшін маңыздылығы зор. Ежелгі дәуірден аңсаған бейбітшілігіміз бүгінгі таңда жалғасын табуда. Соның ішінде, желтоқсан оқиғасы мен Ұлы Отан  соғысындағы мыңдаған қазақ  азаматтарының бейбіт өмірді аңсап, армандағаны  орындалуда. Болашақта қанмен алынған бейбітшілік Қазақстанда мәңгі  орнығады деп ойлаймын. Бейбіт аспанымыздағы бейбітшілік құсымыз биік  ұшсын!                                                

                                                                                                      Абен Айжан

 Бүгінгі сабақта бейбітшілік деген не? Оның жан -жақты мәселелерін қарастырдық. Осындай бейбіт өмір өз қалпында қалу үшін  лаңкестікке қарсы болуды да ұқтық. Әлем халықтары бейбітшілікте тек қана 3 ғасыр өмір сүріп жатырмыз, ал қазір ХХІ ғасыр  болса,барлық адамзат 18 ғасыр бойы бейбіт өмір үшін шайқасыппыз.Қазақстандағы бейбіт өмірімізді сақтап қалу үшін ата – бабаларымыздың  арқасында біз үшін, болашақ үшін  қаншама қан төгілді. Енді осы татулықты, тыныштықты сақтайтын ұрпақ – бізбіз.

                                                                                     Жусупова Жұлдыз   

    Бұл сабақта  ата – бейбітшілікті сақтап, балаларымызға  мұра етіп қалдыру туралы ой қозғадық. Тіліміздің де бейбітшіліктің сақталуына қосар үлесі бар екеніне көзіміз жетті. Сабақ үшін рахмет!

                                                                                                                     Қасенов Нияз   

      Бүгінгі бейбітшілік сабағы  өткізілді.  «Бейбітшілік – азаматтың асыл құндылығы»  деп бекер айтпаған.  Шынымен де, бейбітшіліксіз бүгінгідей керемет өмір сүрмес едік. Өзіміздің бейбітшілігімізді сақтауымыз керек. Яғни әрдайым қазақ тілінде  сөйлеп, қазақ тілін дамытуымыз абзал болар еді. Біздің қолымызға осындай бейбіт өмірді берген адамдарға алғысымыз шексіз! Енді оны қолымыздан жібермеуіміз керек.

                                                                                                                                                                                                       Қантай Меруерт

         Біздің  еліміздегі бейбітшілікті сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз.     Қазақстан – бай әрі бейбіт республика. Сондықтан  оның, бейбітшілігін, байлығын жігер, күшпен және намыспен қорғау керек.

                                                                                              Ердес Қайыргелді

   Бейбітшілік өмір бойы адамдардың қалауы болды. Міне, біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз.  Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігіне 20 жыл.  20 жыл бойы Қазақстанда Азиада, Саммит және әр түрлі тақырыпта съездер, форумдар, конференция,  кеңестер өткізіліп жатыр. Мен осы бейбітшілік үшін қанын төккен адамдарды мақтан етемін. Олар әрқшан біздің жүрегімізде!

                                                                                     Садвақасова Индира

    Бүгінгі сабақта бейбітшілік туралы көп мәселе қарастырылды. Бейбітшілікті армандаған адамдар, бейбітшілік үшін күрескен адамдар өз арманына жетті.Еліміздегі қазіргідей тәуелсіз және бейбіт өмір үшін бар үлесімді қосамын. Қазақ тілінде сөйлеймін және кез келген жерде қазақ намысын қорғаймын.

                                                                                                                                                                     Қапшүкіров Сарыбай

Мың жылдары армандаған бейбітшілік келіп жетті,

Қазақстан көк туы көк аспанда желбіретті.

Ата – бабам сан ғасыр армандаған

Қазақстаным алға кетті көп қадам.

Мен осы жолдарды Бейбітшілік күні әрдайым сақталсын деп жаздым. Қан төгісіп, қылыш сермескен ел қорғаған,  батырларыма менің алғысым шексіз! Бейбітшілік – бірлік,  ынтымақтастық.  Оны сақтап қалуға менің де зор үлесім болады деп ойлаймын.

                                                                                                                                    Бейсенов Тамерлан

Атамекен қонысты,

Қорғауға ел борышты,

Жою үшін мәңгілік.

Әділетсіз соғысты.

     Мен соғысқа, терроризмге қарсымын. Соғыс болмас үшін деп бәріміз тыныштықта, бірлікте тұруымыз қажет.  Сабақта мол мәлімет алдық                           

                                                                                  Дюсембек Айсана

     Біз бүгін  бейбітшілік мәселесін қозғадық. Бейбітшілік бізге оңай келген жоқ. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан бейбітшілік күні біздің ата – әжелеріміздің арқаларында келді. Менің оларға алғысым шексіз!

      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 4 – конференцияда  ланкестік  жөнінде мәселе қозғады. Өйткені  кейбір елдерде террористік әлі бар. Олар: Иран, Ирак, Ауғанстан және т.б. Менің ойымша, оның бәрі тыйылу қажет.

     Бейбіт өмір мәңгі сақталсын!

                                                                                         Байыз Аяулым

     Бейбітшілік үшін көптеген соғыстар өтті, қан төгілді.Ғалымдардың айтуынша, Қазақстан үш ғасыр ғана бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан жері – бай, көмірі, мұңайы мол жер. Біздің  ата – бабаларымыз  сан мың жылдар соғысқан. Ал қазіргі біздің міндетіміз – осы бейбітшілікті сақтау.

      Бейбіт өмір жайлы өткен  сабаққа алғысым көп!

                                                                                          Қалтаева Камила

Отан үшін, ел үшін,

Қасиетті жер үшін,

 Болған әділ соғыстың,

 Халық көрер жемісін, -

дегендей қазақ халқының бейбіт өмір сүруі үшін көп адамдар жанын пида етті. Сондықтанда әр қазақ баласы бұл еңбекті бағалап ел үшін, жері үшін бейбіт өмір үшін аянбауы қажет!

                                                                                   Жұмагелді Махаббат     

 

Мектебім-мақтанышым

    Қоңыр күзде басталған оқу жылы да аяқталып қалды. Біз  тағы бір оқу кезеңін артқа қалдырып, бір жасқа өсіп келеміз. Осы уақыт аралығында мектебімізде қаншама іс-шаралар өткізілді. Ең елеулі дегенін атап айтар болсақ, алғаш рет қамқоршы аға-апаларға деген құрмет, теледидар арқылы көріп жүретін Абылхамит ағамыздың «Мұрагер» бағдарламасының республикалық семинары,  қалалық ардагер ағаларымыздың «Замандас» клубының Абай атамыздың мұрасын біздерге жеткізуі, өз оқушыларымыздың «Абай-дана, Абай - дара өмірде» атты оқулары тек бізді ғана толғандырған жоқ, ол көзі ашық, көкірегі ояу барлық көрермендеріне рухани азық болды. Камила Татьяна роліне еніп, толғана хат жазса, сыныптасымыз Әйгерім Татьянаның әнін нақышына келтіріп орындады.

Иә, мектебіміздің бой көтергеніне төрт жыл ғана өтті. Осы кезеңде қандай игі жұмыстар жүргізілді десеңізші! Жоғарғы сынып оқушылары іні-қарындастарын патриоттық тұрғыда баулып, «Жасқыран» жылма-жыл қанатын қомдап келеді. Әрине, осындай жақсылықтарды бойларына дарытуда мектеп директорынан бастап, әр пән мұғалімдерінің  жан-жақты білімдерінің жемісі. Қалалық іс-шараларда әрқашан жүлделі орын иегері болып жүрген Найля, Айымгүл, Айнаш әпкелерімізді, Райымбек, Нариман, Дәулетхан, Ернұр, Мереке ағаларымызды, Алдияр, Абай мен Рамазан сияқты бауырларымды мақтан тұтамыз.    Сыныбымызда үздік оқуымен қатар спорт төрінде жүрген Алмаздың, жақында Алматы қаласында өткен кекушинкай каратэ республикалық чемпионатқа қатысып, спорт шеберінің кандидаты болып оралған Айдостың жетістіктері біз үшін қуаныш. Қазақ елінің көк туын көкке көтере беріңдер, құрбылар!

                                                                              Асанбаева Мадина

                                                                                  Бүкірова Әлия

8 «А» сынып оқушылары  

Музыка сабағы ұнайды...

Мен қаламыздағы ең әдемі, ең көрікті мектепте оқимын. Ол – 25 ЖОМ. Мектебіміз әрі жаңа, әрі кең. Мұнда бізді қызықтыратын көптеген үйірмелер, бассейн, білімді ұстаздар бар. Солардың ішінде мен музыка сабағын көбірек ұнатамын. Музыка сабағынан беретін  Әйгерім мұғалім бізге әндерді ғана үйретпейді. Сонымен қатар күй шертуді, күйді тыңдай отырып сурет салуды, оны оюмен өрнектеуді де меңгертеді. Әр күймен таныстыра отырып, оның авторы кім екенін, ол күйлерін қашан және қандай жағдайда шығарғандығы туралы да әңгімелеп беріп отырады. Мысалы, біз Құрманғазының «Қайран шешем» атты күйі қалай шыққанын білеміз. Құрманғазыны түрмеге әкетіп бара жатқанда, ол ел-жұртын, анасын қимай көзіне жас алады. Оның жылағанын көрген анасы Құрманғазыны арқасынан қамшымен тартып жібереді. Осыдан кейін түрмеде отырған Құрманғазы осыларды есіне түсіріп, «Қайран шеше» күйін шығарған екен.

Мұғалім айтып берген аңыздардың ішінде менің есімде ерекше сақталып қалғаны – Қорқыт атаның дүниеге келгені. Әйгерім апайымыздан осы аңызды естігеннен кейін мен біраз уақыт үйде жалғыз қалудан, егер үйде жалғыз қалсам, бір бөлмеден екінші бөлмеге баруға қорқып, тығылып отыратынмын. Кейін жердің жүзін қара түнек басып, қатты қара дауыл соғып, барлық халықты қорқытып, үрейлендіріп дүниеге келген Қорқыт атамыз халықтың мәңгі өмір сүргенін қалағанын түсініп, ештеңеден қорықпайтын болдым. Сонымен қатар, Ақан сері мен оның аты Құлагер туралы да айтылған әңгімелер мені қатты қызықтырды.

Мен әр дүйсенбіні асыға күтемін. Себебі, ол күні бізде музыка сабағы болады. Мен мұғалім бүгін бізге қандай күйші туралы әңгімелеп береді екен, қандай күймен таныс боламыз, ол күй туралы қандай сурет салуға болатынын ойлап жүремін. Сабақтан келген соң, бос уақытым болса, өз ойымнан сурет салып, ою ойғанды ұнатамын.

Мен қазір 3-сыныпта оқимын. Музыка сабағы біздің денсаулығымызға да өте пайдалы деп ойлаймын. Ендеше мені қызықтыратын музыка сабағы бізге жоғары сыныптарда да өтілсе екен, ал мен домбыраны бұрынғы атақты күйші бабаларымыз сияқты еркін тартуды үйреніп алсам екен деп армандаймын.

3 «ә» сыныбының оқушысы,

Майданов Ернұр

 

 

Сен үшін ұялдым...

 

Адам баласы, оның ішінде қазақ баласы «Ұят болады» деген сөзді жиі естіп өседі. Осы бір ауыз сөз баланың сыпайы, әдепті болып өсуіне үлкен әсер етеді. Сондықтан үлкендер айтқан «Ұят болады» деген сөзді құлаққа сіңіріп, тыңдап жүруі керек.

Бірде анам екеуіміз аялдамада автобус тосып тұрдық..Аялдамада бізден басқа қарт адамдар мен жасөспірім балалар да тұрған болатын. Автобус келген сәтте бәріміз автобусқа міне бастадық. Кенет бір жасөспірім бала қарт адамды итеріп тастап, бірінші болып автобусқа мініп кетті. Құлап қала жаздап, автобусқа кейін мінген қарт әлгі баланың жанына келіп:

-                                 Балам, сен қанша асыққаныңмен көлік бәріміз мінген

соң ғана жүреді ғой. Сенің бұл теріс ісің үшін мен ұялдым, - деді.

Бала қызарақтап, жерге қарады.

          Достар, үлкендер, ата-аналарымыз біз үшін ұялмайтындай болып өсуіміз керек.

 

Майданов Ернұр,

3 «ә» сынып

Менің кең байтақ отаным  Қазақстаным!

Мен өз елімнің қазіргі кездегі жетістіктеріне қарай отырып, кең тоғанам, көп тербенемін. Себебі, қазақ елі әлемнің түкпір – түкпіріне өзінің жас екендігіне қарамастан, халқының асқан дарындарымен танылуда.   Еліміздегі өмір сүріп жатқан 140- тан астам этносты бір шаңырақта бейбіт өмір сүруінің өзі әлемнің бір кереметі десе болады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елді дұрыс басқара алғандығынан болып отыр.  Соның кепілдігі ретінде  Қазақстанның ЕҚЫҰ –на төрағалығына көп елдердің бірауыздан сайлағандығын айтуға болады.

Осындай әлемдік құрметке ие бола отырып, еліміз әрі қарай стратегиялық дамуын жоспарлап отыр. Сол дамудың бір айғағы ретінде 2011 жылы қысқы VII Азия ойындарының өтуін айтамыз. Бұл сайыс Қазақстаннның асқан беделінің бірі деуге болады. Осындай үлкен жарысты өткізу біз үшін үлкен абырой,мақтаныш деп білемін. Бұл – менің де Азиядам. Мен Қзақатсанда тұрамын деп мақтанамын.

  6б сынып оқушысы       Қалиев Рамазан

 

                                    Тәуелсіздік

Тәуелсіздік –

Ұмыт болды азап күн,

Тәуелсіздік –

Жыр  шырќады азаттыќ

Ќазаєыныѕ ертеѕі їшін  аянбай,

Баба рухы јперіп еді азат кїн.

 

Егемендік ерке елдіѕ ерені,

Салєым јнін егемендік келеді,

Ўлтжандылар шыбын жаны шырылдап,

Ќазаќ  їшін тўєыр болып ґтеді.

 

Жан тыншымай, кірпік ілмей жылап та,

Кґтеріліп жасын сїртіп, ќўлап та,

«Мен халќымныѕ дегеніне жетем»-деп,

Шырылдаєан  баба їні ќўлаќта.

 

Есіѕ кетіп, ќоймайсыѕ ау жасымай,

Тулап ќаныѕ, ґрбіп жїрек тасымай.

Аќ сабырлыќ сўрап Жаратќаныѕнан

Кїткен їміт аќ шыраєы тосылмай.

 

Тјуелсіздік – бейбітшілік нышаны,

Тату єўмыр кешер жандар ошаєы.

Тјуелсіздік жасасын деп шырылдап,

Баќыт, шаттыќ жыр јніне ќосады.

Анашым, алаңдамашы...

 

Бала – адамның бауыр еті. Әр адам, әсіресе, ана өз баласы үшін жанын қиюға даяр тұрады. Бірақ басқа да көп балалар сияқты Ерлан да мұны біліп, түсіне бермейтін.

Ол күнде сабақтан соң бірден үйге қайтпай, көшеде балалармен ойнап жүріп қалатын. Анасы болса, оған алаңдап, үйде отыра алмайтын. Анасының: «Үйге ерте кел» деген ескертуларін Ерлан құлағына да аспайтын. Бірде Ерланның ісі тіптен шектен шығып кетті.

Көктем мезгілі, қар еріп, арықтардан су ағып жатты. Ерлан достарымен ойнап жүріп, байқамай арықтағы сұп-суық суға түсіп кетті. Ол оған мән берместен ойнай берді.

Түнде Ерланның ыстығы көтеріліп, қатты ауырып қалады. Ақыры ол емханадан бір-ақ шығады. Анасы болса, күні-түні Ерланның қасынан шықпады. Тіпті, бірнеше күннің ішінде оның самай шашы ағарып кеткені байқалды. 

Бірде қатты қалжыраған анасы төсектің жанында отырып ұйықтап кетеді. Мұны көрген Ерлан өз кінәсын ұғады. Ол анасы оянған кезде:

-       Апа, кешір, мен енді сенің айтқаныңнан

шықпайтын боламын. Сабағымды дұрыс оқып, уақытымен жүріп-тұрамын. Сен мен үшін алаңдамашы, анашым!- деді.

Анасы ұлына сенді, ұлы да осы оқиғадан соң айтқан уәдесінде тұрды. Анасы алаңдайтын қылық көрсетпеді.

Майданов Ернұр,

3 «ә» сынып

    Ата  анам -  баќытым!!!

 

Биікте маєан анажан сеніѕ аќ сїтіѕ.

Аќталар јлі кїтпеген талай їмітіѕ,

Ботаѕныѕ їнін арайлы таѕын аѕсаєан

Аќталар деймін аќ їміттеріѕ аќ анам.

 

Аќ анам сеніѕ аќ сїтіѕ сіѕген санама,

Аќ анам їшін ќан-жаным саєан садаєа,

Кґз алдымдасыѕ кїндіз-тїн меніѕ аќ анам,

Кетпейді сеніѕ аќ їміттеріѕ далаєа.

 

Ал јке деген жылы лебіз жаннат баќ,

Тўрар мјѕгі балаѕ оны ардаќтап,

Аќ јкеніѕ маѕдайына ќонар баќ.

 

Мен болайын јке сеніѕ жўбаныѕ да,

Ќасыѕда ќуанатын тўмарыѕ да,

Гїлдей тјтті аѕќыєан жўпарыѕ да,

Сїрінбес еш бјйгеде тўлпарыѕ да.

Маќтан етер јке сеніѕ сўѕќарыѕ да.

 

Їмітіѕді аќтаймын деп келем мен,

Аќталмаєан їміт ќалмас кґрермен.

Аќталмаєан ќалмас їміт-

Аќ ујдемді берем мен.

11ј сынып оќушысы  Мадина Айымгїл

    ТУЄАН ЖЕР

 

Ќасиетіѕнен туєан жерім нјр алєам,

Ќасиетіѕнен дариєа жїрек жаралєан

Сјл єана туєанымнан алыстасам

Кїндіз-тїні тїтініѕді аѕсаєам.

            Уа,дариєа!  Аспан, кґгіѕ, жеріѕ де,

Жїрек тїбі ќалєан ыстыќ шґліѕ де,

Асыр салып ќуєан ќырда кґбелек

Сеніѕ жерім жазыќ жайлау жеріѕде.

Туєан жерім -

Ќымбатсыѕ!

Туєаныма ыстыќсыѕ деп їн ќаттым,

Алыс кетсем жїрегіме сырќатсыѕ

Туєан жерім –

Ќазаќстаным ќымбатсыѕ.

Мадина Айымгїл      11 ј сынып оќушысы