Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93
email: 25_school@mail.ru
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-55-93 Факс: 65-55-95
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда3063160
Бір айда311277
Бір аптада64376
Кеше9714
Тәулік2773
"Ақбота" шағын орталығы

Мектепке баратын балаларға біркелкі дайындық жағдайын жасауды қамтамасыз ету мақсатында  мектепалды шағын орталық жұмысын ұйымдастыру.

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының «Білім беру» атты бөліміндегі «2010 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестіктің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама.

            2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс» деген сөздері іске асып жатқандығына куә болып отырмыз және бұл шаралардың алғы сатысы шағын орталықтардың ашылуы болып табылады деуге болады.

            Усолка мөлтекауданында орналасқан № 25 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жылдың 1 қыркүйегінде Республикалық бюджеттен 4 021 000 тенге бөлінген қаржымен  материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, жалпы орталықты іске қосу сияқты  көптеген жұмыстардан соң салтанатты түрде 5-6 жасар сәбилерге арналған «Ақбота» шағын орталығы ашылды.

            Шағын орталық жеке мектептің бір қанатында орналасқан, онда бүлдіршіндерді қабылдау бөлмесі, екі ойын, екі жатын бөлмелері, ән-күй залы, дәретхана, тазалық  бөлмелері бар. Мектептің шағын орталық орналасқан жағында даладағы екі далан, құм салынған ойын орындары балалардың таза ауада ойнап, демалуларына жағдай туғызады.

            Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін ересек және даярлық топтар ашылды. Әр топта 26 баладан бар. Шағын орталықта 9 адам жұмыс істейді. Олар: әдіскер,  4 тәрбиеші, 2 тәрбиеші көмекшілері, ән-күй және ағылшын тілі мұғалімдері.

            Оқу-тәрбие үрдісін тәрбиешілер «Біз мектепке барамыз», «Семей», «Балбөбек» бағдарламаларын, әдістемелік нұсқау және оқу-әдістемелік әдебиеттерін басшылыққа алып ұйымдастырды. Даярлық тобы арнайы оқу-әдістемелік оқулықтарымен толық қамтылған. (Алматы. Кітап, 2009)

Топтарда ойын, оқулық, кітап, театралдың іс-әрекетіне, кезекшілік, табиғат, сюжеттік-рөлдік ойындарға арналған бұрыштар бар.

Шағын орталыққа келетін балалардың негізі Усолка ауданында тұрады. 13%  құрайтын 7 бала қаланың басқа аудандарынан келеді. Отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты мектептік жаппай оқыту қорынан Ғосманқызы Айша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ата-аналардың басым көпшілігі мемлекет қызметкерлерінен және жұмысшылардан тұрады. Балаларды тәрбиелеп, оқытуға қажетті жағдай туғызу барысында ата-аналар да көмек көрсетіп, қол ұшын беруде.

 Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын іске асыру мақсатында Павлодар қаласында 19 жалпы орта білім беру мектептерінде ашылған шағын орталықтарда, соның ішінде «Ақбота» шағын орталығында мектепке дейінгі балалардың өсіп, дамуына бар жағдай жасалған.