Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)671065
Адрес: Ак.Шокин к. 40 т. 67-10-65, 67-10-45
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00 - 17.00
Баланың тілін жетілдіру деген не?
photo-main«Баланың сөз қоры жеткілікті болғанда ғана өз пікірін айтып, басқалардың сөздерін дұрыс ұға алады» Төлеген Тәжібаев Баланың тілін жетілдіру деген не? Бұл сұрақтың жауабы жеңіл сияқты көрінгенімен нақты жүзінде өз қиындығы да бар.Бала тілін дамыту дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда,баланы сөйлеуге үйрету.Сөйлеу –бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана білу, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарына түсініп жауап беру болып табылады.Балабақша тәрбиесінде бала тілін дамыту мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшелігіне сай арнайы бағдарламаға сүйене отырып жүргізілетіні барлығымызға белгілі.Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын,дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және осы сөздерді күнделікті қарым-қатыныста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген.Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасында әсерлі орта немесе заттық-дамытушы орта жасау керек,сол арқылы одан мәдени үлгі алатын болады.Кез келген топтарда сабақ жүйесі немесе сабақ жоспарлары, ойын түрлерінен, ойын жаттығулардан, тілдік көркемдік материалдардан тұрады.Баланың сөздік қорын молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына (есту,сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де (ой қызметі,сезім,қабылдау, зейін,қиял,еліктеу т.б.) жақтарының дамуына әсер етеді.Соңғы кезде мүмкіндігі шектеулі балалар қатарының көбеюіне еліміздегі экология,табиғаттағы өзгерістер,тұқым қуалаған, жүре пайда болған, т.б. мәселелер әсер етуде.Стастикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалар көбеюде.Тілінде кемістігі бар балаларды емдеу және түзету жұмыстары неғурлым ертерек басталса, жетістіктері де соғұрлым жақсы болады.Бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білу керек.Кейбір ата-аналар «жүре келе өзі түзеліп кетеді» деген оймен көңіл бөлмейді.Мұндай балаларға міндетті түрде логопедиялық көмек қажет.Тіл дыбыстарының артикуляциялық белгілерін логопед біле отырып балалардын назарын артикуляциялық аппарат мүшелерінің нақты қимылдарына аударуға,дыбыс артикуляциясындағы кемшіліктерді анықтауға және оларды жоюдың неғурлым тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді.Дыбыстарды жасауға бүкіл сөйлеу аппараты қатысады.Сондықтан бұл беріліп отырған материалда тілге,жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің қозғалысына,ерінге арналған жаттығулар жинақталған.Сөйлеу тілінің жетілуіне әсер ететін тілдік емес қызметтердің маңызы зор. Оған ұсақ моторикаға, сөйлеу тіліндегі тыныс алуға, дауыс күшін және жоғарлығын арттыруға арналған жаттығуларды коррекциялық жұмыс барысында пайдалануға болады.Дыбыстарды естіп ажырату дағдысы адамның маңызды ерекшеліктерінің бірі.Дыбыстарды ажыратып білмейінше сөйлеу тілін тындап, түсіну мүмкін емес.Кішкентай балалар өздерінінң дыбыстарды бұзып айтатынын байқамайды. Сондықтан да,баланың есту зеіні мен фонематикалық есту қабілетін дамыту керек. Жақсы дамыған фонематикалық есту қабілеті дегеніміз: бұл ана тілінде барлық дыбыстарды дұрыс айту, сөздің мағынасын түсіну,айтылуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату,дыбыстық талдау жасау дағдысының қалыптасуы. Жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің қозғалысын арттыруға арналған жаттығулар 1.Тамақты шаю (шырын,қатық) 2.Жұту: су тамшысы,сілекей 3.Есінеу, ауыз ашық тұрады 4.Жөтелу 5.Тіл ұшы төменгі еріннің үстінде орналасқан,жөтелу 6.Дауысты дыбыстарды созып айту Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық,дұрыс айтылуын қадағалау жатады.Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Тілге арналған жаттығулар 1.Ауыз ашық. Ерін күліп тұр. Ауыз қуысының ішінде жалпақ тіл тыныш жатады.Санау:1-ден 10-ға дейін.Тіл жіңішке болмау керек, тіл ұшы төменгі тістер артында орналасқан. 2.Ерін күліп тұр. Жеңіл түрде тілді тістеу. 3.Жалпақ тілді тістер арасынан күшпен шығару. Ерін күліп тұр. 4.Ауыз ашық. Ерін күліп тұр.Кезекпен жалпақ және жіңішке тілді сыртқа шығарамыз.Ерін мен жақ қозғалмау керек. 5.Ауыз ашық.Ерін күліп тұр.Тілді оңға,солға бұру. Ерін бұрыштарына тигізу. 6.Ауыз жабық. Тіл ұшымен жоғарғы тістерді жалау.Төменгі тістерді жалау. 7.Ауыз жабық.Тіл оң және сол жақ ұртымызға тіреліп тұрады. Ұсақ моториканы дамыту саусақ ойындары арқылы баланың тілін дамыту Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталайды,есінде сақтайды.Ойын түрінде берілген жаттығулар балалардың ой-өрісін,санасын, логикалық ойлау дәрежесін дамытады. Менің өз тәжірибемнен осы аталған тақырыпты аша отырып,баланың саусақ бұлшық еттерін және тілін дамытуға арналған ойын жаттығуларды сабақ барысында пайдаланам.Саусақ ойынын қызықты,әсерлі түрде ұйымдастыруға болады.Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,кейін қимылдары көрсетіледі. Үстел үстінде саусақ ойындарың жасау: 1.Саусақтарды үстел үстінде ақырын тықылдату екі қолмен және кезекпен. 2.Саусақтарды үстел үстінен кезекпен көтеру және түсіру(саусақтар үстел үстінде жатады) А)оң қолдыкі Б)сол қолдыкі В)екі қолдыкі бірдей 3.Пианинада ойнаған сияқты саусақтарды жүргізу. 4. «Футбол»қағаздан жасалған шариктерді қарындаштарды бір,екі саусакпен кіргізу. 5. «Жұмырық-алақан-қабырға»қолды кезекпен бірінші сол қолмен,сосын екеуі бірге ауыстыру.Қозғалыс реті өзгеріп отырыды. «Ғажайып сандық».Сандықша немесе қораптың ішіне ілгектер,жіптер,ойыншықтар салады.Балалардан әр затты бөлектеп қоюды талап ету. «Ғажайып жіптер».Балаларға жіптен әр түрлі заттардың контурын жасауға болатынын көрсету (үй,өзен,күн,үстел).Бұл ойын ұсақ моториканы,түстер мен пішіндерді бекітеді. «Жаңбыр».Картон қағаздағы бұлт суретінең астынан бірнеше рет тесік жасау,сол жерден бау өткізу керек,ол жаңбырға ұқсайды. «Ғажайып таяқшылар».Санау таяқшыларды дайындау қажет.Әр түрлі пішіндердің суретін балаларға көрсетесіз.Суретке қарамай,санау таяқшылардан пішіндерді тізу. «Қызыл тастар» -әр түрлі түске боялған тастарды араластырып қоямыз ,бала тек қызыл тасты бөлектеу керек. «Қозғалатын пішіндер».Үстел үстіндегі кесілген пішіндерден үлгілге қарап шырша,үй, ойыншық құрастыру. sam_0831 sam_0843 Логопед кеңесі. Саусақ ойындары арқылы баланың тілін дамыту Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан,әрі үлкен мәдени мәні бар шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталайды,есінде сақтайды. Ойын түрінде берілген жаттығулар балалардың ой-өрісін,санасын, логикалық ойлау дәрежесін дамытады. Менің өз тәжірибемнен осы аталған тақырыпты аша отырып,баланың саусақ бұлшық еттерін және тілін дамытуға арналған ойын жаттығуларды сабақ барысында пайдаланам.Саусақ ойынын қызықты,әсерлі түрде ұйымдастыруға болады.Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,кейін қимылдары көрсетіледі. Үстел үстінде саусақ ойындарың: 1.Саусақтарды үстел үстінде ақырын тықылдату екі қолмен және кезекпен. 2.Саусақтарды үстел үстінен кезекпен көтеру және түсіру(саусақтар үстел үстінде жатады) А)оң қолдыкі Б)сол қолдыкі В)екі қолдыкі бірдей 3.Пианинода ойнаған сияқты саусақтарды жүргізу. 4. «Футбол»қағаздан жасалған шариктерді қарындаштарды бір,екі саусакпен кіргізу. 5. «Жұмырық-алақан-қабырға»қолды кезекпен бірінші сол қолмен,сосын екеуі бірге ауыстыру.Қозғалыс реті өзгеріп отырыды. Міне,осындай қаншама ойын түрлері бала тілінің жетілуіне әсерін тигізеді. Психологтан кеңес Балаға үйде, балабақшада, ауыр кезеңінде шыдамдылықпен, мейірімділікпен қарау қажет. Бала-бақшаға бейімделу кезеңінде ата-аналарға арналған бірнеше кеңес. -Бүгінгі балалардың ерекшелігі-тез шаршаулары. Ескеріңіз, баланың денсаулығын қолдау үшін-күн тәртібін сақтаңыз. Тәулік ішінде 10 сағат артық – ұйқы, міндетті толыққанды тамақтану, дене жаттығулары. Телехабарлардың күніне 30 мин. Қана көруін шектеу. Баланың аманшылығын қалпына келтіретін–ұзақ (2 сағат.) ауада серуендеу – дүкендерге бару емес, саябақта серуендеу. Таңертеңнен бастап, барлық нәрсеге мейірімділікпен қарауға бағыттаңыз. «Қайырлы таң!» -деп, балабақшаға асығыссыз жиналыңыз. - Баламен балабақшаға келуде; көз жассыз келуге тырысыңыз, олар тек қана баланың таңғы шаршауына әкеліп соғады. Қоштасуды ұзақ мерзімге созбай, тез кетіп қалаға тырысыңыз. - Кешке баланы қарсы алып: күні бойы өздігінен сіздің көмегінсіз жүргеніне қуаныңыз, шыдамдылық танытып, баланы тындаңыз, мадақтаңыз, қолдаңыз, бірақ, ешбір жағдайда ұрыспаңыз. - Егер, бірінші қиындықтар пайда болса, не істеу қажет? Мадақтауға жомарт болыңыз, ол балаңыз үшін маңызды. Ескерту нақты баланың мүддесіне қатысты болмау керек. Ол «салақ» емес, жай ғана ретсіз. Бірден, бірнеше ескерту жасамаңыз, өйткені, ол ойлануға үлгермейді. -Ешқандай жағдайда балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. Өйткені, ол балада ашу, ызаны және өз-өзіне сенімсіздігін қалыптастырады. -Ластанған жайлық үшін ренжіген ата-аналар болған жоқ, бүлдірілген дәптер үшін-қаншалықты. Бірақ, екі жағдайда да ластану жағдайларыкөрстілген. Балаға прокурордың позициясы керегі жоқ (прокурор ата-ана) «Жақсы, әдемі болмағанша, 5 рет қайталап жазасың!», бұл мүмкін емес. Өз тәрбиешілеріңізге сөзбен және іспен көмектесіп, қолдау көрсетіңіз. Олар туралы еріс пікіріңізді айтуға асықпаңыз, балаңызда да сондай ікір қалыптасу мүмкін. Айтқандай, бейімделу кезеңі жыл ішәнде жалғасады, бірақ бірінші 6-9 апта «үшкір» бейімделу кезеңіне негіз салады, олар оқыту және тәрбиелеу әсерін анықтайды. Жақсы бейімделудің шарты: денсаулық, көзқарасы, психологиялық дайындығы, адекватты өзін-өзі бағалауы, танымдық мотиві. Оқу ісінің қалыптасуы: жұмыс жасау жүйе ережелеріне бағдарлау, үлкен адамның нұсқауын орындауы, үлгіге қарап жұмыс істеуі. Сіздің балаңызға жақсы мотивация беретін: сіздің балабақшаға деген сабырлы, қуанышты қатынасыңыз, баланың табыстарына жоғары талаптың жоқтығы, кез келген қателікке баланың қорқынышының жоқтығы, қоршаған ортаға танымдық қызығушылқтың дамуы. Балаңызға қамқор болыңыз, қиын әлемде өмір сүруге үйретіңіз!