Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Құрылу жылы - 1979.
Балабақша Павлодар қ. Нұрсұлтан Назарбаев данғылы, 35/1 мекенжайы бойынша орналасқан
Жалпы көлемі – 1672,0 м². салынған жылы 1973 ж.
Балабақшада көз паталогиясы бар балалар үшін 7 топ қызмет етеді. Негізгі диагноздар – көз қитарлығы мен амблиопия. Олардың ішінде:
- мектепалды жастағы 4 топ бар (бюджеттен қаржыландырылады),
- 3 топ – мектепалды жастағы,
- соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын 2 топ.
Балалармен тиімді жұмыс жүргізу үшін, топтар 12-ден 15 балаға дейін толымдалады.
Балабақшада ортоптистер кабинеті
Логопед кабинеті
Музыка залы
Қазақ тілі кабинеті
Бассейн
Физиокабинет бар.
Біздің балабақшамыз 1979 жылдан бастап толықтырылған және түзетуші-дамытушылық тәрбие мен оқыту жүйесінде жұмыс істейді.
Осы паталогияны есептей отыра, балаларды тәрбиелеу мен оқыту іске асырылады. Топтардағы педагогикалық үрдіс баланың күнделікті өмірі жағдайындағы ұзақ интенсивті емдеу жұмысы мен түзетуші-педагогикалық шаралардың үндесуінде ескертіледі.
Сәбилер бақшасы келесі бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Балабақшадағы тәрбие мен оқыту бағдарламасы» - Алматы, Мектеп, «Балабақшадағы 5-7 жастағы балалардың мектепалды дайындық бағдарламасы» - Астана, Алматы, Л.И. Плаксинаның редакциясында «Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің (көру қабілеті бұзылған балаларға арналған) бағдарламасы.
Балалар балабақшамызға балалар емханасы мен қалалық психология-медицина-педагогикалық кеңесінің бағыттары бойынша қабылданады. Балабақшада арнайы күн тәртібі қарастырылады, оның ішіне жалпылай, топтық және жеке сабақтар кіреді. Жұмысымызда біз келесі принциптерді басшылыққа аламыз:
- түрлі әрекеттердің балансын қамтамасыз ету;
- дене және ой-сана ауырлығының алдын алу;
- тәрбиеші – балаға барлық педагогикалық ықпалдардың үйлестірушісі;
- педагогикалық және емдік-алдын алу ықпалдарының қосылысы;
-педагогикалық және офтальмологиялық ықпалдарының үйлесуі.
Кенет көзі Славаның
Қылилана бастады,
Оң жақ көзі баланың,
Қиыс қиық тастады.
Дәрігер кеп қараған
Кеңес берді балаға:
«Көзің қыли болмасын
Десең, титтей жолдасым,
Тілімізді алғын сен:
Балабақша – жалғыз ем».
Бұлар барды аптекке,
Көзілдірік жалғыз ем,
Көзілдірік алды әпке.
Слава жүрді күнде іліп,
Көзі кетті түзеліп.