Сенім телефоны
8(718)254-93-56
email: sad82@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718)254-93-56 - басшы 8(718)265-43-16 - бухгалтерлік есеп 8(718)254-93-62 - ауысым
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00- 18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бас беті

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  

Құрылу жылы - 1979.

Балабақша Павлодар қ. Нұрсұлтан Назарбаев данғылы, 35/1 мекенжайы бойынша орналасқан

Жалпы көлемі – 1672,0 м². салынған  жылы 1973 ж.   

Балабақшада көз паталогиясы бар балалар үшін 7 топ қызмет етеді. Негізгі  диагноздаркөз қитарлығы мен амблиопия. Олардың ішінде:

-  мектепалды жастағы 4  топ бар (бюджеттен қаржыландырылады),

- 3 топмектепалды жастағы,

- соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын 2 топ.

Балалармен тиімді жұмыс жүргізу үшін, топтар 12-ден 15 балаға дейін толымдалады.

Балабақшада ортоптистер кабинеті

Логопед  кабинеті

Музыка залы

Қазақ тілі кабинеті

Бассейн

Физиокабинет бар.

Біздің балабақшамыз 1979 жылдан бастап толықтырылған және түзетуші-дамытушылық тәрбие мен оқыту жүйесінде жұмыс істейді.

Осы паталогияны есептей отыра, балаларды тәрбиелеу  мен оқыту іске асырылады. Топтардағы педагогикалық үрдіс баланың күнделікті өмірі жағдайындағы ұзақ интенсивті емдеу жұмысы мен түзетуші-педагогикалық шаралардың үндесуінде ескертіледі.   

Сәбилер бақшасы келесі бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Балабақшадағы тәрбие мен оқыту бағдарламасы» - Алматы, Мектеп, «Балабақшадағы 5-7 жастағы балалардың мектепалды дайындық бағдарламасы» - Астана, Алматы, Л.И. Плаксинаның  редакциясында «Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің (көру қабілеті бұзылған балаларға арналған) бағдарламасы.

Балалар балабақшамызға балалар емханасы мен қалалық психология-медицина-педагогикалық кеңесінің бағыттары бойынша қабылданады. Балабақшада арнайы күн тәртібі қарастырылады, оның ішіне жалпылай, топтық және жеке сабақтар кіреді. Жұмысымызда  біз келесі принциптерді басшылыққа аламыз:

- түрлі әрекеттердің балансын қамтамасыз ету;

- дене және ой-сана ауырлығының алдын алу;

- тәрбиеші балаға барлық педагогикалық ықпалдардың үйлестірушісі;

- педагогикалық және емдік-алдын алу ықпалдарының қосылысы;

-педагогикалық және офтальмологиялық ықпалдарының үйлесуі.

 

Кенет көзі Славаның

Қылилана бастады,

Оң жақ көзі баланың,

Қиыс қиық тастады.

Дәрігер кеп қараған

Кеңес берді балаға:

«Көзің қыли болмасын

Десең, титтей жолдасым,

Тілімізді алғын сен:

Балабақша – жалғыз ем».

 

Бұлар барды аптекке,

Көзілдірік жалғыз ем,

Көзілдірік алды әпке.

Слава жүрді күнде іліп,

Көзі кетті түзеліп.