Сенім телефоны
87182321106
email: sad93@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы Ак.Бектуров көшесі 73
87182321106
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-18.00 Бейсенбі 15.00-18.00
Балабақша туралы мәлімет

 

IMG_3880

Сәбилер балабақшасы 1977 жылдың 4 шілдесінен бастап жұмыс істейді.

Мекеменің заңды мекен-жайы: 141200, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак.Бектуров көшесі 73 үй. Бақшаның жобалық қуаты 185 бала, 8 жас топтары бар: 1 ерте жас тобы, 1 кіші топ, 2 ортаңғы топ, 2 ересек тобы, 2 мектепалды тобы. Ұжымда 50 қызметкер: оның ішінде 24 педагог: басшы, 16 тәрбиеші, 7 маман (1 әдіскер , 1 логопед, 2 ән - күй жетекшісі, 1 психолог және 1 денешынықтыру нұсқаушысы, 1 қазақ тілі мұғалімі). Сондай-ақ, біздің бақшамызда диетбике мен медбике жұмыс істейді. Олардың қызметі мынада: - жиі ауыратын балаларды сауықтыру жұмыстары; - тұзды сумен тамақ және аңқа шаю, мұхиттық тұзбен тамақты шаю жылына 2 рет – көктемде және күзде; - ІІІ-і тағамдарды "С"дәруменділеу; - ұйқыдан кейінгі тыныс алу гимнастикасы - күн сайын; - Иванов жүйесі бойынша шынығу; - педагогтармен және ата-аналармен мектепке дейінгі балаларды сауықтыру бойынша семинарлар мен кеңестер. Жазғы сауықтыру кезеңінде: - шырындар, жеміс-жидектер, жаңа піскен көкөністер салаттары; -шайыну бассейні; -жалаңаяқ жүргізу; - ауа ванналары. Педагогтардың сапалық құрамы: Жоғары санат – 2 адам. Бірінші санат – 2 адам. Екінші санат – 1 адам. Санатсыз - 14 адам. Педагог - зерттеуші - 1 адам, педагог - эксперт - 1 адам, педагог - модератор - 1 адам. 20 педагогтың жоғары педагогикалық білімдері бар, орта арнаулы біліммен – 4. Мектепке дейінгі ұйымның ұжымы мен тәрбиеленушілері үнемі халықаралық, облыстық және қалалық байқауларға белсенді түрде қатысады. Көптеген жылдар бойы балабақшамыз ПМПИ студенттері іс-тәжірибеден өтетін алаңы болып табылады. Бірнеше рет балабақша базасында КӘЖ әдіскерлері мен тәрбиешілері үшін , Павлодар қаласы және Павлодар облысының мұғалімдері мен логопедтері, тәрбиешілері үшін секциялық сабақтар, мастер – сыныптар, семинар – практикумдар өткізілген. Біздің балабақшада психолог кабинеті, логопункт, әдістемелік кабинет, медициналық кабинет және изолятор жұмыс істейді. Сондай-ақ, бізде ән - күй залы мен дене шынықтыру залы бар. Ал жазда балалар көңілдене шайыну бассейніңде шомылады. Біздің есігіміз әрқашан Сіздер үшін ашық!!! Біздің сәбилер бақшасына балаларыңызды әкеліңіздер!!!