"Павлодар қаласының №93 сәбилер бақшасының басшысы"
Жанат Амангельдиновна Абеева
1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын химия және биология мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек өтілімі – 20 жыл.
2022 жылы «НЗМ ПШО»-да қайта даярлау курсын өтті.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымының қызметіне басшылық жасайды. Педагогикалық кеңеспен, мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып, белгіленген тәртіпте жұмыс оқу жоспарларын, базалық (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасайды; ұйымның басқару құрылымын анықтайды, қаржылық-экономикалық, ғылыми-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді; тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен МДҰ-ның мүлкі мен қаражатын басқарады, құрылтайшылардың қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді. Оқу-материалдық базаның есепке алынуын, сақталуын және нығайтылуын, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жұртшылықпен, ұйымдармен қарым-қатынасты, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Педагогикалық қадрларды жəне көмекші персонал іріктеуді жəне орыналастыруды жүзеге асырып, қызметкерлердің лауазымды нұсқаулықтарын əзірлейді; персоналдың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасады; Белгіленген тәртiпте қызметкерлердi аттестациялауды жүргiзедi. Педагогикалық кеңестің жұмысы басшылық жасайды.