Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Директордың виртуалды қабылдауы

Асаинов Мурат Бакенович

Асаинов Мурат Бакенович

 

Білімі – жоғары

1995 жылы – ППУ, 2003 жылы – ПаУ, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Еңбек өтілім – 25 жыл, санаты жоғары.

Телефоны 8(7182) 534305

Қабылдау кестесі:

Сәрсенбі 14.00-ден 19.00

Жұма 14.00-ден 19.00

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Камзина Айгуль Сембаевна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, мен Өз баламды сіздің мектебіңізге көшірейін дегем.Соған не қажет ?
Добавлен: 06 Наурыз 2017
Ответ:
сәлеметсіз бе,сіз 53-71-04 телефонына хабарласып толық мағлұмат ала аласыз
Аты-жөнi: ата ана
Вопрос/обращение:
орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі орыны бар ма мен алматы қаласының тумасы боламын жоғары оқу орнын тәмәмдағанмын Жоғары санатты білімім жоғары 3 деңгейлі курстан өттім еңбек өтілім 14 жыл
Добавлен: 18 Ақпан 2017
Ответ:
қажет емес
Аты-жөнi: ата ана
Вопрос/обращение:
орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі орыны бар ма мен алматы қаласының тумасы боламын жоғары оқу орнын тәмәмдағанмын Жоғары санатты білімім жоғары 3 деңгейлі курстан өттім еңбек өтілім 14 жыл
Добавлен: 18 Ақпан 2017
Ответ:
Сәлеметсіз бе?! Бізде вакансия жоқ.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Құрметті директор мырза, менің балам 5-ші сыныпқа көшті. Сынып жетекшісі балаларды қадағаламайды.Бастауыштан келген балалар адаптация өту мерзімінде сынып жетекшісі және басқа мұғалімдер дұрыс бағыт бермеді.Баламның оқу үлгерімі төмендеп мектепке деген қызығушылығы артпай тұр. Баланы оқуға қызықтырудын орнына мұғалімдер "екі" және "бір" деген бағаларды күнделігіне жаудырып жатыр, әсіресе математика мұғалімі.
Добавлен: 19 Қараша 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана! Мектепте бізде 5-ші сыныптар үшеу. Қай сынып екенін ашып айтсаңыз, немесе мектеп әкімшілігіне келіп жолығуыңызды сұраймын.
Аты-жөнi: Гүлсара
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Қазақ тілі мұғалімі қызметіне орын бар ма? Еңбек өтілім 17 жыл .
Добавлен: 22 Тамыз 2014
Ответ:
өкінішке орай орын жоқ
Аты-жөнi: Зайда Тлеуленова
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! менің сұрайын дегенім, ұлымды сіздердің мектептеріңізге бірінші сыныпқа берейін деп ем, бірақ басқа микрорайонда тұрамын, бұл мүмкүн бе
Добавлен: 10 Маусым 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Әр оқушы өзінің мөлтекауданында оқуы тиіс.
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Наурыз мерекесімен №35 мектептің барша ұстаздардын құттықтағым келіп отыр! Сіздерге алғысымды білдіре отыра шығармашылық табыстар тілеймін!
Добавлен: 14 Наурыз 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана!№35 ЖОББМ ұстаздар ұжымы атынан 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл отбасыларыңызға жақсылық, дастархандарыңызға құт-береке алып келсін!!! Отбасыларыңызға тыныштык және бакыт, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Қалалық олимпиаданың қорытындысын қайдан көруге болады?
Добавлен: 20 Желтоқсан 2013
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қалалық олимпиаданың қорытындысын Қалалық білім беру бөлімінің сайтына (goo.kz) кіріп, мәзірдегі "Қызметтің негізгі бағытында" "Олимпиадалар" деген бөлімінен көруге болады.
Аты-жөнi: Ата -аналар
Вопрос/обращение:
2 "А" сынып оқушыларының дәптерлері неліктен жиі тексерілмейді? 1 "А" сыныбында бұндай ескертулер болмаған. Өкінішті, Роза Айтқалиевна сияқты жан-жақты дамыған мұғалімнің жоғы. Біз осы сұрақты әлі де көтереміз.
Добавлен: 20 Қараша 2013
Ответ:
Қазіргі уақытта 2"А" сыныбына жоғары санатты, ІІІ деңгейлі курстан өткен, тәжірибелі де білікті маман - Махамбетова Б.К. сабақ береді. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды, сынып оқушыларының дәптерлерін мезгілімен тексереді. Оқушылардың дәптерлері мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып тұрады. Басқа да түсініспеушілік сұрақтарыңыз болса, Сіздің мектепке келіп жолығуыңызды сұраймын.
Аты-жөнi: Ата ана!
Вопрос/обращение:
Мектепте бокс секциясы бар ма?
Добавлен: 30 Қазан 2013
Ответ:
Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана! Мектебімізде бокс секциясы жоқ, тегін қазақша күрес секциясы бар.
Аты-жөнi: Ата ана!
Вопрос/обращение:
Мектептің подвалында ертеректе бассейн болпты, соны қалыпына келтіру жұмыстары жүргізілеме! Жоспарда бар ма?
Добавлен: 30 Қазан 2013
Ответ:
Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана! Мектеп жертөлесінде хауыз болған емес. Жоспарда жоқ. Мектеп құрылымына хауыз жасау сәйкес емес.
Аты-жөнi: Мұрат Сәкен.
Вопрос/обращение:
Құрметті директор мырза, құпия болмаса сіз қай өңірдің тумасысыз? Қай оқу орнын тәмамдадыңыз? Отбасыңыз бар ма? Өзіңіз жайлы жауап жазсаңыз!
Добавлен: 29 Қазан 2013
Ответ:
Салеметсіз бе! Мен Павлодар облысының тумасымын. Жоғары оқу орнын тәмамдағанмын. Отбасым бар, екі баланын әкесімін.

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы

Сұрақ қою