Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93
email: 25_school@mail.ru
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-55-93 Факс: 65-55-95
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда3063634
Бір айда308973
Бір аптада67933
Кеше10134
Тәулік4046

Мектеп директорының виртуалдық қабылдау болмесі, сұрақтар мен жауаптар

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Қазақ мектебі болғандықтан оқушылар мен ата-аналардың қазақ тілінде сөйлеулерін талап етесіз бе? Байқаймын кейбір оқушылар орыс тілінде шүлдірлеп жүр, ал ата-аналарына айтсаң, мы сами имеем право на каком языке говорить дейді,бұл өте үлкен жауапсыздық деп ойлар едім.Әйтеуір балаларының мектепте оқығанына мәз.
Добавлен: 26 Желтоқсан 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана! Бүгінгі күні қоғамдағы ең көкейкесті мәселелердің бірі туралы жазып, жанашырлық танытып отырғаныңызға алғысымды білдіремін! Әрине, жүрегіміз қазақ деп соққасын, қара шаңырағымыз қазақ мектебі болғандықтан әрдайым оқушыларымызға, мүмкіндігінше ата-аналарға, кейде тіпті ата-әжелерге де ана тілімізде сөйлеу керектігін айтудай-ақ айтып жатамыз,тіпті 1 қабатта ата-аналардың назарына "Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз" айдарымен ақпараттық тақта да жасап қойдық.Өкінішке орай, әлі де болса белгілі себептерге байланысты ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тілі орыс тілге ауып кететін жағдайлар болып жатады.Ана тілінде сөйлеуге әркім өзінше тырысып бағуда.Дегенмен де, өздері орысша оқып ана тілін кезінде игере алмай, бүгінгі күні баласын қазақ мектебіне беріп,қазақи білім алуына бетбұрыс жасаған ата-аналардың таңдап алған бағыты да дұрыс деп есептеймін.Оқушы ата-анасымен өзге тілде сөйлескенмен сабақты өзге тілде айту мүмкіндігі жоқ екендігін айтқым келеді.
Аты-жөнi: Анар
Вопрос/обращение:
Сырттай оқитындарға тәжірибеге жолдама берілмейді деп еді,сонда да қалалық білім бөлімінің бұйрығы керек пе?
Добавлен: 25 Желтоқсан 2013
Ответ:
Мектепте қалалық білім беру бөлімінің бұйрығы негізінде іштей оқитын студенттерге жолдама берілген жағдайда ғана тәжірибеден өтуге болады.
Аты-жөнi: Дана Сагимбайкызы
Вопрос/обращение:
Здравствуйте Самал Оспановна! У меня к вам такой вопрос: мой сын учится в вашей школе в первом классе. Скажите пожалуйста как можно попасть либо перевестись в гимназийский класс?что для этого требуется?
Добавлен: 25 Желтоқсан 2013
Ответ:
Сәлеметсіз бе,Дана Сағымбайқызы! Бірінші сыныпта гимназия сыныптары жоқ.Бүгінгі күнгі бірінші сыныптардың бағдарламасы барлығында бірдей жалпы білім беретін сыныптарға арналған.Гимназия тек екінші сыныптан басталады.Екінші сыныпта гимназия сыныптарын топтастыру бірінші сыныптың жылдық қорытындысына байланысты жүргізіледі.
Аты-жөнi: 4 - сынып ата - аналары атынан
Вопрос/обращение:
Биылғы Жаңа жылды өткізу шарасы қызықты болды. Театрдан келген әртістер балаларды өзіне тарта білді. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, би билеп, ән айтып, қуаныш сезімдерін білдірді. Мектеп ұжымын ата-аналар атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Елеулі еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Добавлен: 25 Желтоқсан 2013
Ответ:
Жылы лебіздеріңізге көптен көп рахмет! Сіздерге де жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.
Аты-жөнi: Анар
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Мен ПМПИдың соңғы курсында оқимын,мемлекеттік практика өтуіме байланысты сіздерде қазақ тілі мен әдебиетінен тәжірибеші ретінде өте аламын ба? Болса жолдамасыз аласыздар ма? Себебі бізге ПМПИдан жолдама берілмейді. Жауабыңызға алдын- ала рахмет!
Добавлен: 24 Желтоқсан 2013
Ответ:
Қалалық білім беру бөліммен келісілген бұйырық негізінде ғана практикадан өтуге болады. Немесе ПМПИ-дің практикалық бөлімінен кеңес алыңыз.
Аты-жөнi: никомбаева кымбат
Вопрос/обращение:
моя дочка ходит в детский сад 44 в старшую группу мы 2015 году пойдём в первый класс если нам дадут направление она сможет у вас учиться мы живем по улице Гагарина
Добавлен: 14 Желтоқсан 2013
Ответ:
Детские сады направления не дают. Дети идут в школу по микрорайону.
Аты-жөнi: Анара Адыловна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? мектептеріңізге ағылшын тілінен мұғалім керек пе? білімім жоғары, жұмыс өтілім 3 жыл.
Добавлен: 11 Желтоқсан 2013
Ответ:
Мектепке ағылшын тілі мұғалімі керек. Түйіндемеңізбен директордың орынбасары Текжанова Ажар Төкенқызына немесе мектеп директорына жолығуыңызға болады
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Балаларга логин мен парольды берды бага кору шин соны кай сайтта коруге болады?
Добавлен: 11 Желтоқсан 2013
Ответ:
Баланың бағасын көру үшін: 1. e.edu.kz сайтына кіресіз. 2. "ХАБАРЫМ БАР" батырмасын басасыз. 3. "ЖҮЙЕГЕ КІРУ" батырмасын басасыз. 4. Логин және құпия сөзін еңгізесіз. 5. Тоқсанды және аптаны таңдайсыз да бағаларын көресіз.
Аты-жөнi: Ата-аналар
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, Самал Оспанқызы! Сізді алда келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН құттықтаймыз! Зор денсаулық, ашық аспан тілейміз. Бізде туындап түрған сұрақ: Тәуелсіздік күні мейрамына орай неше күн демаламыз? Рахмет.
Добавлен: 11 Желтоқсан 2013
Ответ:
Құрметті ата-аналар тілектеріңізге көптен көп рақмет! Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін ҚР Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін! Тәуелсіздік күні мейрамына орай 16,17 желтоқсан күндері демаламыз, 18 желтоқсан сабаққа келеміз.
Аты-жөнi: Байгабылова Жулдуз Талгатовна
Вопрос/обращение:
Сіздің мектебінізге казак тілі мұғалімі керек пе? стаж 4 жыл. ПГУ колледжде методист болып жумыс истедим
Добавлен: 25 Қараша 2013
Ответ:
Дәл қазір мектепке қазақ тілі мұғалімі қажет емес, бірақ болашақта қажет болады, түйіндемеңізді әкеліп тастаңыз.
Аты-жөнi: Жанжамал Қарияболқызы
Вопрос/обращение:
Құрметті Самал Оспанқызы! Менің балам бастауыш сыныпта оқиды. Балам мектептен ашығып келді. Баламнан асханада ас іштін ғой деп сұрасам, балам менің тарелкамда бес картоп болды дейді. Сонда ол 50 грамм гой. Балам келесі күні бес грамм картобын ұялы телфонға фотоға түсріп әкелді. 7-10 жастағы балға қанша грамм тамақ берілуі керек сол норма сіздерде сақталама? Сіз оны қалай тексересіз?
Добавлен: 21 Қараша 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана бұл бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе болғандықтан мектеп тарапынан қатаң бақылауда ұсталынатын сұрақтардың бірі. Сол себепті күнделікті тамақтың ас мәзірі дайындалғанда нормаға сәйкестігі, құрамы мектептің әлеуметтік педагогы және мед.бике тарапынан тексеріледі. Ата-ана ретінде өзіңізде кез келген күні мектепке келіп, менің рұқсатыммен қадағалауыңызға болады.
Аты-жөнi: Ата- ана
Вопрос/обращение:
Здавствуйте, Самал Оспановна. На прошлой неделе на родительском собрании в 5 "Г" классе в присутствии завуча поднимался вопрос о преподовании математики в этом классе,в связи с тем, что очень снизился процент успеваемости в сравнении с прошлым годом. Заместитель директора уверяла родителей, что преподователь очень хороший. Может оно и так,но как объясните отсутствие оценок по данному предмету за всю первую четверть в электронном журнале. По остальным предметам оценки выставленны, но к сожалению без домашних задании.
Добавлен: 19 Қараша 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана математика пәні мұғалімінің құпия сөзі мен логинінің сәйкес келмеуіне байланысты уақытында сынып журналынан электрондық журналға көшірмесі түсірілмеді. Бүгінгі күні бағалары күнбе күн қойылуда. Сыныптың білім сапасы мен үлгерімі былтырғы оқу жылымен салыстырғанда айтарлықтай түскен жоқ. Түскенде де сынып оқушыларының жоғары сыныпқа икемделуіне байланысты, ол көрсеткіш ІІ тоқсанда көтеріледі деген үміттеміз. Жалпы пән мұғалімдерінің қатысуымен 30 қараша күні өтетін ата-аналар жиналысына келіп туындаған сұрақтарыңызды қоюға болады, немесе жеке өзімнің қабылдауымда болып, жолығуыңызға болады.
Аты-жөнi: сегізінші сынып оқұшы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме!сіздін мектепке ауысу болады ма? мен орыс мектепте сегізінші сыныпта оқимын.Бірақ менде қазақ тілінен бес бағасы қойылған.
Добавлен: 12 Қараша 2013
Ответ:
Біздің мектепке ауысуға болар еді, бірақ 8-сыныпқа дейін орысша оқысаң қазақ мектебінде оқуыңды жалғастыру қиындық туғызады ғой деп ойлаймын. Қазақ мектебінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламасы орыс тілді мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінен әлдеқайда күрделі.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Біз жанұямен Усолка шағын ауданда пәтер жалдап тұрамыз. Балам Совхоз-Техникум мектебінде оқиды. Егер біз ауылда пропискада болсақ, сіздің мектебінізге келіп оқуға болады ма?
Добавлен: 12 Қараша 2013
Ответ:
Біздің мектепте білім алып жатқан оқушы саны бүгінгі күні 1600, ал мектептің сыйымдылығы жалпы 1078 оқушыға арналған. Сол себепті мектепке бөлінген мөлтек ауданда салынып жатқан үйлердің санының көбеюіне байланысты оқушыларды мектепке қабылдағанда тұрғылықты мекен жайынан анықтама қағазын талап етеміз.
Аты-жөнi: Төлегенова Ә.Б.
Вопрос/обращение:
Сіздің мектебінізге орыс тілі мұғалімі керек пе?
Добавлен: 11 Қараша 2013
Ответ:
Керек,толық ақпарат алу үшін директордың орынбасары Ажар Төкенқызына жолығуға болады.

бiрiншiсi 1 5 6 7 кел. соңғысы соңғысы

Сұрақ қою