Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
кітапхана жаңалықтары

«Кітаптың құрылымы».

 Кітапханалық сабақ 2-  3 сынып

 

  Мақсаты: Кітаптың тарихымен таныстыру, балаларда кітаптың құрылымы туралы білімді қалыптастыру, кітапты құрметтей білуге, күтіп ұстауға, ұқыптылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кітап – мұғалімің,

Кітап – жетекшің,

Кітап – таптырмас досың.

 

Кітапханашы:Сәлеметсіздерме балалар. Біздің бүгінгі кітапханалық сабағымыз қиналып, қысылғанда, ақыл айтатын адал досымыз – Кітап жайлы танысу. Бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсыновтың өлеңімен бастауды жөн көріп тұрмын:

Балалар бұл жол басы жаңалыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық

Жүріңіздер іздеп тауып алалық та!

 

(Осы кезде есік ашылып, үлкен кітап бейнесін мойнына ілген оқырман кіреді)

 

Кітап:Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар, мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенемін!

 

Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз – Кітап, жоғары шығыңыз /кітапты биік жерге қояды/.

 

Кітапханашы:Балалар, жұмбақ шешуге қалайсыңдар, шешуін тауып көреміз бе?

1. Көп әңгімеме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен оны жақсы көремін.

2. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

3. Қабат-қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да.  (Балалар жұмбақты шешеді).

Кітапханашы:Өте жақсы балалар, жұмбақ шешуі кітап болғандықтан, қазіргі әңгімеміз кітап жайлы болмақ. «Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді, ол қалай пайда болды білесіңдер ме?

Кітап:Мен өзім жауап берейін. Кітап – арабша «жазба», ал түрікше «дәптер» - «мерзімді баспасөз басылымы» дегенді білдіреді. Кітап – адамзат ой – қазынасын мәңгілік есте сақтайтын қойма және тілдің жазбаға түскен формасы. Енді осы кітаптың пайда болу тарихына көз жүгіртсек, ол былай басталған еді. Кітаптың ең алғашқы атасы – папирус. Бұл – қияқ - өлең тұқымдас өсімдік. Ол Эфиопия, Сицилия, Египет мемлекеттерінің саз батпақ суларында өседі. Оны өңдеп, бір – біріне желімдеп, құлаш-құлаш орамдар жасайды. Оның ұзындығы 45 метрге дейін жетіп қалады.

         Жазатын материалдың және бір түрі –пергамент. Кіші Азияның Пергам (қазір Бергам) дейтін аласында жазу материалы етіп арнайы иленген теріні пайдаланған. Сол себепті пергамент дейді. Сондай-ақ, саз балшық, қыш, тас, пальма жапырағы, міне, осы материалдардың бәріне кезінде жазу түсірілді. Осының бәрі қолжазба кітап санатына жатқызылады.

        Қолжазбаны кітапқа айналдыру процесі пергаментті, не қағазды төрт бүктеп, кейде бүктемені сегізден он алтыға дейін апарып, дәптер етуден басталды.

        Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат» (б.з.д.25ғ.), чин қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады),грек тіліндегі «інжіл»,араб тіліндегі «Құран».

        Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. 1045 жылы Чин өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет 15 ғасырда неміс өнертапқышы И. Гутенберг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш баспаны 1564 жылы, Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды. Қазақ кітап баспасыРесейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жасылған. «Оғызнама» Махмұт Қашқаридың «Диуани мағатиат түрке» кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығара бастады.

 

Кітапханашы:  Міне, балалар кітап осылайша дүниеге келіпті. Атына сай ішкі мәтіні де өзгеріп отырады. Сендермен бірге қуанып, бірге күледі, бірге қиналады. Сенбесеңдер кітап бетін ашып көрелік.

Кел, балалар келіңдер,

Қызық кітап көріңдер.

Қане, қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар,

Оқығанды тоқыңдар!(балаларға түрлі кітаптар көрсетіледі)

Кітаптар өте көркем безендірілгенін байқадыңдарма, оны безендіретін адамды кім дейді, білесіңдер ме? Ол, әрине суретші-иллюстраторлар. Кейде кітаптің сыртқы мұқабасындағы суретке қарап та, кітаптің не туралы екенін білуге болады.

 

Кітапханашы:Міне көрдіңдерме балалар, кітаппен дос болсаңдар бәрін білесің. Білім нәріне кенелесің. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы.

 

Кітап:Міне балалар, мені оқысаңдар қызыққа кенелесіңдер, тауды бұзып, тасты жарасындар, бүкіл әлемге саяхат жасайсыңдар. Мен осындаймын.

 

Кітапханашы:Иә, балалар, қызықты кітаптарды алып оқу үшін біздің кітапханаға келулеріңе болады. Кітапхана – кітаптар мекені. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болып табылады. «Білсем, ізденсем...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Бұнда, сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайларың жұмыс істейді.

 

КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК

Кітапты күнделікті үзбей оқуға дағдылан;

Кітапты қалай болса оқымай, оларды белгілі бір мақсатпен, жоспар бойынша оқы;

Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма. Кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек;

Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен;

Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып, ойлау қабілетің терең болады.  

 

«Сұрақ-жауап» ойыны. «Кітап және кітап басу ісін ойлап табушылар»

  1. Ең алғаш Еуропада кітап басу ісін ойлап тапқан кім? /Йоганн Гутенберг. Германиядағы Майнц қаласында дүниеге келген/.
  2. Ресейде кітап басу ісі ХYІ ғасырдың орта шенінде басталған еді. Орыстың алғашқы баспагерлерін кім атайды? / Иван Федоров. Көмекшісі Петр Мотиславецпен бірге 1563 ж. «Апостол» кітап шығару жұмысын бастаған/.
  3. Еліміздегі қандай ірі баспаларды білесіндер? /«Жазушы», «Атамұра», «Рауан»,  «Жібек жолы»,  «Білім» және т.б./
  4. Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстанның прогресшіл басшылары атсалысқан. Ана тіліміздегі кітаптар қай қаланың баспаханаларында басылды? / Қазан, Орынбор, Ташкент, Петербург, Уфа, Астрахан, Троицк/.
  5. 1879ж. Атақты педагог Ы.Алтынсариннің қандай оқулықтары басылып шықты? /Орынборда «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» және «Қазақ хрестоматиясы»/.
  6. Балаларға арналған қандай газет, журналдарды білесіндер? / «Ақ желкен», «Балдырған», «Бала би», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек», «Балбұлақ», «Жыл он екі ай», газеттер «Ұлан», «Дружные ребята»/.

 

Біз мынадай кеңестер береміз, үнемі есіңдерінде сақтап жүріндер.

  • Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
  • Кітап мұқабасы бүдінбес үшін қаптап ал.
  • Кітап беттерін жыртпа.
  • Кітапқа сурет салма, жазба.
  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
  • Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

 

Оқушыларға сұрақтарды қояды.

  1. «Кітап» сөзі қандан шықты, не мағынаны білдіреді, кітап парағы алғаш неден жасаланды?
  2.  Кітап қай ғасырдан бастап шығарылды, қандай қиындықтар болды?
  3.  Кітап басып шығаратын машинаны қай ғасырда кім ойлап тапты?
  4.  Қағаз бен бұзау терісінен қай ғасырда қай елде кітап шығарылды?
  5.  Қағаз алғаш қай елде шығарылды?
  6.  Еуропаға қай елде мекендер арқылы таралды?
  7.  Ғылым мен өнеркәсіп дамуындағы қол жеткізілген, кітап жасайтын арзан материал қалай аталды? /целлюлоза/
  8.  Дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар алғаш қай елде шығарылды?
  9.  Тұңғыш қазақ кітабы қай жылы жарық көрді?

 

Мұқаба - қағаздан, қатырма қағаздан, былғарыдан және матадан жасалған кітаптың сыртқы жамылғысы.

Оның қызметі: қорғаныс, ақпараттық, эстетикалық.

Титул беті –негізгі бет, шығуы туралы мәлімет.

Аннотация– кітаптың қысқаша мазмұның ашатын элемент. Титул бетінен кейін сол жақта орналасқан.

Алғы сөз– шығарманың алдындағы кіріспе мақала.

Соңғы сөз– шығармадан кейінгі қорытынды мақала.

Мазмұны – кітаптағы мақала, әңгіме, повесть, романдардың тізбесі, әр мәтіннің бір

інші бетіне ңұсқау.

Форзац  - сол жақта переплет асты, оң жақта кітаптың бірінші беті. Форзац ақ немесе боялған болуы мүмкін.

Фронтиспис- сол жағында фронтиспис, оң жағында титул беті, фронтиспис – иллюстрация, бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет. Бұнда автор, оның портреті болуы мүмкін).

Кітаптың құрылысы жайлы сұрақтар қойылады.

  1. Кітап қай элементтен басталады? (суперқап, мұқаба).
  2. Форзац деп кітаптың қай жерін атаймыз? (сол жақта переплет асты, оң жақта кітаптың бірінші беті. Форзац ақ немесе боялған болуы мүмкін).
  3. Кітаптың келесі құрылысы қалай аталады? (сол жағында фронтиспис, оң жағында титул беті, фронтиспис – иллюстрация, бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет. Бұнда автор, оның портреті болуы мүмкін).
  4. Титул бет арқылы не білуге болады? (кітаптың авторы, кітаптың аты, қай жылы, қай баспадан шыққаны, аудармашысы, не суретшісі болса ол туралы мәліметтер болады).
  5. Суперқаптың атқаратын ролі? (оқырманның көңілін аударады, бүлінуден сақтайды, автордың көзқарасын, ішкі ойын білдіреді).
  6. Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін).
  7. Кітапханада оқырман туралы мәлеметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз?(оқырман формуляры арқылы).
  8. Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге береледі? (абонемент).
  9. Кітаптың суреттері қалай аталады? (иллюстрация).
  10. Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? (қыстырма қағаз).

 

Сен білесің бе?

  1. Фамилиясы бірдей қандай қазақ ақын, жазушыларын, қоғам қайраткерлерін білесің? (Тұманбай Молдағалиев,Жұбан Молдағалиев, Жайсаңбек молдағалиев, Қасым Аманжолов, Сәрсен Аманжолов, Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Біерік Шаханов).
  2. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? (Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Құрманалин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Босанов, Сәбит Дөнентаев).
  3. Жайықта – қазақ, Донда –казак, ол кім? (М.Шолохов).
  4. Қазақ әліпьиінің негізін қалаушы кім? (Ахмет Байтұрсынов).
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қай жылы ашылды? (1931ж.).
  6. Қазақстан территориясында қандай ежелгі кітапхана болған? (Отырар кітапханасы).
  7. Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білесің? (Мұхтар Әуезов – 50 томдық, Әбіш Кекілбаев, Қабдеш Жұмаділов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов – 12 томдық).
  8. Қандай балалар ақын, жазушыларын білесің? (Бердібек Соқпақбаев, Марат Қабанбаев, Өтебай Тұрманжанов, Бәдел Тұрсынбаев, Машқар Гумеров, Таупық Рымжанов,Мұхтар Құрманалин, Тынымбай Нұрмағамбетов, Құрманбай Толыбаев).

        Иә, балалар, қызықты кітаптарды алып оқу үшін біздің кітапханаға келулеріңе болады. Кітапхана – кітаптар мекені. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болып табылады. «Білсем, ізденсем...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Бұнда, сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайларың жұмыс істейді.

          Кітаппен дос болайық. Оқырмандарымыз көбейе берсін!  Сау болындар!

 

 

 

 

 

 

 

№31 орта мектеп кітапханасы